Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

11.8.Емдік ванналар

Ванна – сумен емдеудің көп тараған түрлерінің бірі. Ваннаны негізінен тазалыққа емдеу мен ауруды алу үшін пайдаланады. Оны пациент дәрігердің нұсқауымен қабылдайды. Ваннаға түсу тәртібін дәрігер белгілейді.

Ванна бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Жалпы ванна. Ваннаның бұл түрін қабылдаған адам оған денесін түгел батырып шомылады.

  2. Жартылай ванна. Бұған түскен пациент денесін суға беліне дейін батырады.

  3. Дененің жекелеген мүшелері үшін қолданылатын ванна. Мысалы:

аяққа, қолға, мүшелерге арналған ванналар болады.

Ваннаны дайындау әдістері

Ваннаны пациент шомылар алдында ғана дайындайды, себебі уақытынан бұрын ваннаға су толтырытса, онда суып кетуі мүмкін.

Ваннағы суды арнаулы резењке түтікше арқылы толтырады. Ол тұрған бөлме буланып кетпес үшін әуелі ваннаға суық су құяды, содан соң ыстық су қосады. Бұның бәрін термометр арқылы тексеріп отырады. Пациент ваннаға жатып, денесін суға батырғанда басының астына /желкесіне/ сүлгі жастайды, ал аяқ жағына тақтайдан жасалған тіреуіш қояды.

Ескерту: Ваннаға жатқан науқасты үнемі қадағалап отыру керек. Егер науқастың түрі бұзылып, беті бозарса, және т.б. онда ваннаға түсуді тоқтатып, дереу дәрігерді шақырту керек.

Судың температурасына байланысты ванна бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Суық ванна, судың температурасы 200С дейін.

  2. Салқын ванна 28-330С.

  3. Индифферентті ванна – 34-360С /аса салқын да, аса жылы да емес/.

  4. Жылы ванна – 37-390С.

  5. Ыстық ванна – 400С және одан жоғары.

Индифферентті және жылы ваннаны – пациенттіњ ұйқысы бұзылғанда, нерв жүйелері өте қозғыш болған жағдайда /нервоз/, тері аурулары немесе қышымасы пайда болғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау мерзімі 20-30 мин.

Ыстық ванна - ваннаның бұл түрін созылмалы буын ауруына шалдыққанда, нерв ұштары қабынғанда, зат алмасу процессі бұзылғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау ұзақтығы 5-10 мин.

Салқын ваннаны – нерв жүйесі бұзылғанда, көңіл-күйі қобалжығанда, ±йқы бұзылғанда пайдаланады.

Ыстық ваннаға қолдың, аяқтың буындары ауырғанда 20-30 минуттай батырып отырады.

Суық ваннаны дененің бір мүшесі жаңа зақымданғанда, сіңір созылғанда ваннаға 5-10 минут батырып отырады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Дәрісіз емдеудің маңыздылығын түсіндіріңіз?

  2. Дәрісіз емдеудің түрлерін атап шығыңыз?

  3. Жылы компресс қою әдісін айтып көрсетіңіз?

  4. Қыша, оның түрлерін атап, қою әдісін көрсетіңіз?

  5. Оңқа қою әдісін, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтып, көрсетіңіз?

  6. Суық компрессті қолдану ережесін атап шығыңыз?

  7. Жылытқышты қолдану ережесін атап шығыңыз?

  8. Мұздатқышты қолдану, қолданбау ережесін атап шығыңыз?

  9. Ваналардың қолдану қасиеттерін түсіндіріңіз?

  10. Сүлік салу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

12.Пациенттің функционалдық жағдайын бағалау