Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Компресс

Жалпы

Жергілікті

Құрғақ

Дымқыл

Дәрілік

Жылыту

Суық

Ыстық

11.3.Жылы компресс қою мейіркештің стандарты

Мақсаты: ұзақ біркелкі тамырларды кеңейтеді, тканьдегі қан айналысын жақсартып, ауырғанын басады.

Көрсеткіштері:

  • терінің, майлы қабатының, ине салғаннан кейінгі қатаюда, флебитте, лимфоаденитте қабыну процестерінде қолданады;

  • буын ауруларында;

  • кеңсірек, кеңірдек ауруларында;

  • гематомада;

  • жарақаттанғанда; катаральдық отитте;

Қарама – қарсы көрсеткіштері;

  • терінің тұтастығының бұзылуы

  • дене қызуының көтерілуі

  • аллергиялық жағдайлрда

  • қатерлі ісікте

  • терінің ірінді ауруларында

  • қатерлі ісіктерде

Жабдықтар: 6-8 қабатты марлі дәке, 40% спирт немесе 6% бір қалай қасық сірке қышқылды су, клеенка, целофан, мақта, бинт, қайшы.

Процедура барысы:

  1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру, келісімін алу.

  2. Қажетті жабдықтарды дайындау.

  3. Қолды жуып, құрғатып резеңке қолғап кию.

  4. Пациенттің терісін қарап, компресс қоятын жерін тексеру.

  5. 6-8 қабатты дәкені 40% ерітіндісіне малып, теріге салу.

  6. 1,5-2 см асырып, оның үстіне кесілген клеенканы немесе целофан салу.

  7. 1,5-2 см асырып мақтамен жабу

  8. Компресті бинтпен бекіту.

  9. Уақытын белгілеу (компресті 6-12 сағатқа дейін ұстайды).

  10. Қолды жуу.

  11. Екі сағаттан кейін шынашақ саусағын дәкенің астына тығып жылылығын және дымқылдығын тексеру.

  12. Компресті алып теріні жылы сумен сүртіп құрғатып, жылы орап тастау керек.

  13. Қолды жуу керек.

11.4.Жылытқышты қолданудаѓы мейіркештік стандарт

Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі м‰шелерге ќанныњ толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді.

Көрсеткіштері:

  • Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін

  • Жалпы жылыну үшін

  • Созылмалы гастрит және колит ауруында (ауырсынуды басу үшін)

  • Гипертоникалық кризде

  • Бүйрек ұстамасында

  • Гематоманы емдеу үшін

  • Радикулитте

  • Буындардың қабынуында

  • Тері және майлы қабаттын қабынуларында

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

  • Іштің түсініксіз ауырсынуы

  • Жедел аппендицитте

  • Жедел холециститте

  • Жедел панкреатитте

  • Перитонитте

  • Қан кеткенде

  • Терінің зақымдануында

  • Ірінді жараларда

  • Маститте

  • Дене қызуы көтерілгенде

  • Қатерлі ісіктерде

  • Ессіз пациенттерге қолдануға болмайды.

Жабдықтар: резеңке жылытқыш (1,5-2), су температурасы (60-70С), жеке орамал, 1% хлорамин ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшетін термометр.

Процедура барысы:

  1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру.

  2. Керекті жабдықтарды дайындау.

  3. Ыстық суды (600С) жылытқышқа құю.

  4. Жылытқыштың жоғарғы бөлігін қысып ауданы шығарып бұрандасын жабу.

  5. Жылытқышты бір жағына бұрайды.

  6. Төмен ұстап құрғатып сүрту.

  7. Жылытқышты орамалмен пациентке беру.

  8. Жылытқышты керекті жерге 20 минутке қою.

  9. Жылытқышты алып, суын төгу.

  10. Пациенттің терісін қарап, ыңғайлап жатқызу жылылап көрпе жабу.

  11. Қолды жуып, құрғатып резеңке қолғапты кию.

  12. Жылытқышты 1% хлорамин ерітіндісімен өңдеу (екі рет аралыѓы 15 мин).

  13. Сумен жуып, құрғату арнайлы жеріне қою.

  14. Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату.