Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

11.Дәрісіз емдеу

Терінің ішінде нерв талшықтардың көп болғандықтан рефлекс арқылы қан айналысына әсер етуге болады. Нерв рецепторлары жылымен тітіркендіргенде – қан тамырлары кеңейеді, ал суықпен тітіркенсе, тамырлары жіңішкереді. Жылы процедурлар ауырғанын басады.

Жылының әсері барлық аѓзаѓа таралмайды, терењ тіндерге әсер етеді.

Аѓзаныњ суыққа әсері үш кезеңнен құралады.

  • бірінші кезеңде тамырлар жіңішкеріп, тері бозарады, суық болады, қан ішкі м‰шелерге қарай ауысып, ауырғаны басылады.

  • Екінші кезең бір минуттан кейін басталады, тамырлары кеңейіп, тері қызарып жылынады.

  • Үшінші кезеңде терісі көкшіл – қызыл болып мұздайды, тері ќабаты «қаздыњ терісі тәрізді» болады.

  • Суық процедуралардын әсері дененің сыртқы қабаттарына жайылады.

Дәрісіз емдеу әдісі рефлекс арқылы бүкіл ағзаѓа әсер етеді.

  • Дәрісіз емдеу процедураларына жатады: қыша, оңќа, сүлік, мұздатқыш, жылытқыш, емдеу ванналары.

11.1.Оңќа қоюдаѓы мейіркештік стандарт

Мақсаты: ауырғанын басу, қабыну процессін тоқтату.

Көрсеткіштері: Өкпе аурулары, бұлшық ет, нерв аурулары қан қысымының көтерілуі, невралгиялар.

Жақпайтын жағдайлар: қансырау, психикалық қоздырғыштар, қатерлі ісіктер, тері аурулары, тубікулез, гипертермия, терінің жоғары сезімталдылығы.

Жабдықтар: 10-20 спирт, мақта, 96%-20,0 спирт, вазелин, сіріңке, дезинфекциялыќ ертіндісі бар ыдыс, марлі дәкелер, орамал, жөргек , суы бар стаќан.

Оңка қойғанда пациенттің бөлмесі жылы болуы және техника қауіпсіздік ережелері сақталуы керек.

Оңќаны қоюѓа р±ќсат етілмейтін дене бµліктері: кеудесінің алдына, жауырын с‰йектерініњ ‰стіне, омыртқа, бүйрек, жүрек тұсына, қалы бар жерлерге.

Оњќа ќою процедурасы:

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

  2. Процедурның жүрісін түсіндіріңіз;

  3. Оңќаның тұстастығын тексеріңіз;

  4. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

  5. Қолды жуып, құрғатыңыз;

  6. Мақтаны корнцангқа ораңыз;

  7. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

  8. Шашын орамалмен жабыңыз;

  9. Пациенттің тері ќабатына вазелинді жағып, артық майды сүртіп алыңыз;

  10. Сіріңкемен мақтаны жағыңыз;

  11. Оңканың сол жақ қолына алып, оң жақ қолмен /0,5-1см/ ішінді корнцангпен оңканың ішін жылытыңыз;.

  12. Мақтаны сөндіріп, суға салыңыз;

  13. Пациентті жылылап орап жатқызыңыз;

  14. 15-20 мин оңќаны салыңыз;

  15. Қолды жуып құрғатыңыз;

  16. Бір саусағымен теріні тартып, екінші қолымен оңќаны алыңыз;

  17. Барлық оңкаларды алып, терідегі вазелин майын сүртіңіз;.

  18. Пациентті киіндіріп, жылы көрпемен жабыңыз;

  19. Арқасындағы оңќаның орындары кететіндігі туралы ескертіңіз;.

  20. Медициналыќ оңќаларды зарарсыздандырыңыз;

  21. Қолды жуып құрғатыңыз.

11.2.Компресс

Компресс – дегеніміз – (сығу) көп қабаттап орау.

Компрестің түрлері:

- Құрғақ суық

- Дымқыл ыстық

- Жалпы жылы

- Жергілікті дәрілік

Суық компресс – теріні суытып, тамырларын жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында, мұрыннан қан кеткенде, дене қызуының 2 кезеңінде қолданады. Суық компрессті қою үшін бірнеше қабатты суық суға малынған дәкені сығып салатын жеріне салып 2 – 3 минут сайын ауыстырып отыру керек. Мұндай жағдайда екі компресспен қолданады. Біреуін салады, ал екіншісін дайындап отырады.

Ыстық компресті – тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.