Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

10.2.Тамақты тарату ережелері.

  • Тамақты мейіркеш пен тағам таратушы таратады.

  • Халі нашар науқастарды мейіркеш төсегінде тамақтандырады.

  • Жалпы режимдегі пациенттер асханада тамаќтанады.

  • Төсек режиміндегі пациенттерге палатасына әкеліп беріледі.

  • Тамақ таратқанда мейіркеш пен тамақ таратушының арнайы киімі болады. Қолын жақсылап жуады.

  • Кіші медицина қызметкері бөлімшені жуатын болса тамақты таратуға рұќсат берілмейді.

  • Пациенттің төсегінің жанына тамақ қалдыруға болмайды.

Тамаќтандыру процедурасы:

  1. Пациентті тамақтандыру алдында оның көзқарасына баға беріңіз;.

  2. Пациентке психологиялық жағдай келтіріп, түсіндіріңіз;

  3. Пациентке өз пікірін, сезімін айтуға мүмкіндік беріңіз;

  4. Тамақтануѓа келісімі болуы керек.

  5. Тамақтану үшін, керек заттарды дайындаңыз;

  6. Тамақ берген кезде көмек көрсетіңіз;

  7. Тамақтануды қауіпсіздік жағдайға келтіріңіз;

  8. Тамақтану туралы пациенттерге, оның тағам ќабылдауы туралы мәліметерді туыстарына оқып жүргізіңіз;

  9. Пациенттің көз қарасына баға беріңіз;

  10. Пациентті тамақ ішкеннен кейін бақылап отырыңыз;

10.3.Тамақтандыру әдістері

Тамаќтандырудыњ келесі әдістері бар:

  1. Табиғи тамақтандыру ( аузына қасықпен тамақ беру).

  2. Ауру адамға ыдыс арқылы тамақ беру . Пациентті сүйеп отырғызып немесе басын көтеріп алдына алжапқыш жауып сұйық тамақтарын ішкізу.

  3. Зонд арқылы тамақтандыру. Ауыр жағдайда, есінен танып жатқан пациенттерге мұрынынан жіңішке зонтты өткізіп, асқазанға жібереді.

  1. Құрал жабдықтарды әзірлеу: жіңішке стерилденген зонд (ішкі диаметрі 0,5 - 0,8 см), вазелин майы, Жанэ шприці, 30 – 50 мл су, лейкопластырь, бұранды, резеңке қолғаптар. Зонд арқылы тамақтандыру үшін арнайлы тағам қоспалары болады (энпиттар). Бір рет тамақтандыру үшін 600 – 800 мл сұйық тағам керек (тәтті шай, морс, шикі жұмыртқа, сүт, сорпа).

  • Резеңке қолғапты киіңіз;

  • Асқазанға зонд жіберу үшін мұрыннан құлаққа, құлақтан асқазанға дейін өлшеңіз;

  • Зондты жібергеннен кейін бұрандымен жауып қойыңыз;

  • Жанэ шприціне сұйық тағамды алып, бұрандыны ашып, жайлап жіберіңіз;

  • Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

  • Құрал – жабдықтарды өндеңіз;

  • Резеңке қолғапты шешіп қолыңызды жуыңыз.

  1. Гастростома арқылы тамақтандыру. Есінен танып, бет аузын бинтпен жауып тастағанда немесе өңештен тамақ өтпейтін пациенттерге ішін тіліп, асқазанды тесіп зонтты кіргізеді. Зонттың сыртына воронкасын кигізіп сұйық тағамдарды аз мөлшерде құйып тұрады.

  2. Қорректіқ клизма арқылы тамақтандыру (тік шек арқылы сұйық тағамдарды құйып отырады).

  3. Парентеральдық тамақтану әдісі (көк тамыр, система арқылы сұйықтарды жібереді).

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Ем дәм туралы сипаттама беріңіз?

  2. Қандай ем дәмдерді білесіз?

  3. Халы нашар пациенттердің тамақтандыру ережесін айтып беріңіз?

  4. Жасанды тамақтандыру түрлерін тізіп беріңіз?

  5. Зонд арқылы пациентті тамақтандыруын айтып көрсетіңіз?

  6. Пациентті гастростома арқылы тамақтандыру ережесін түсіндіріңіз?

  7. Пациентті клизма арқылы тамақтандыруын айтып көрсетіңіз?