Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Пациенттің төсектегі жағдайына сипаттама беріңіз?

  2. Теріні күту маңыздылығын түсіндіріңіз?

  3. Тесілудің себептеріне және дәрелеріне сипаттама беріңіз?

  4. Тесілудің алдын алу шараларын тізіп беріңіз?

  5. Көзді, ауызды күту ерекшеліктерін айтып, көрсетіңіз?

  6. Құлақты, мұрынды күту ерекшеліктерін айтып, көрсетіңіз?

  7. Халы нашар пациенттерді күту ерекшеліктерін айтып беріңіз?

  8. Жыныс органдарын жуу тәсілін көрсетіңіз?

  9. Судно беру әдісін айтып көрсетіңіз?

  10. Басың күту әдісін айтып көрсетіңіз?

9.Термометрия

Термореттеу (терморегуляция) ағзаның қалыпты жағдайда дене қызуының ұстауының қамтамассыз ететін физиологиялық процесстің біртұтастығы.

Тамырлық термореттеуінде қан тамырлардың қуыстары кеңейеді немесе жіңішкереді.

Физикалық термореттеуінде ағзаның жылыны сыртқа беру өзгерісімен орындалады.

Химиялық теромореттеуіндегі жылының шығуы ағзаның тіндерінде жүргізіледі.

Негізінен қалтырау дегеніміз – ағзаның қорғаныш әсері, осы кезеңде вирус пен микробтар болуы мүмкін. Егер дене қызуы жоғары болса, ағзада оттегі жетіспеушілік пайда болады да, орталық нерв жүйесін зақымдайды, сол себептен есінен тану, сандырақтау, тырысу белгілері ағзада ұлғайуымен байланысты. Бұл жағдайда жедел түрде жәрдем көрсету керек, дене қызуы көтерілгенде демнің жиілігі жоғарлайды, тамыр соғысы көбейеді.

Дене қызуын өлшеу әдістері екі түрге бөлінеді: қатынастық – жылыны прибор арқылы денеден алуға болады, қатынассыз – дененің жылуы прибормен ауа арқылы, немесе айналдағы орта арқылы өлшенеді. Дене қызуын өлшеу үшін көбінесе сынапты термометр қолданады. Қазіргі уақытта электрондық, сұйық – кристалликалық термометрлар қолданылады.

Дене қызуын өлшеу стандарттары

9.1.Дене қызуын өлшеу стандарттары.

Мақсаты: Пациенттің дене қызуын өлшеу ағзаныњ фукционалдық жағдайын бақылау үшін қолданады. Ішкі ауру инфекциясын алдын-алу.

Дене қызуын көбінесе қолтықтың астынан өлшейді 2 мезгіл. Қолтық астының қалыпты температурасы – 36,4 – 36,80С. Қолтық асты температураны өлшегенде құрғақ болуы тиіс. Ең жоғарғы температура 17 – 21 сағаттың арасында, ең төменгі 3 – 6 сағат арасында болады. Тамақтан кейін физикалық, психикалық жағдайда, ыстық бөлмеде дене температурасы көтеріледі. Балалардың температурасы 0,3 - 0,40С – ға жоғары болады. Ал қарт егде жастағы адамдардың температурасы төмен болады. Ауыздың қалыпты температурасы 36,0 – 37,30С (орташа 36,80С) . Термометрді тіл астына оң жақ немесе сол жағына салып аузын жапқызады да, 3 минут өлшейді. Бұл тәсілді балаларға 4 жасқа дейін және қоздырғыштық балаларға қолдануға болмайды. Қазіргі уақытта электрондық - сорғыш термометрларды балаларға қолданады. Тік ішектің қалыпты температурасы 36,70С – 37,60С. Термометрді тік ішекке тереңдігі 2 см – ге жібереміз, 1 – 2 минутта өлшейміз.

Қандай жағдайда қолданбайды: қолтықтың астына жаралар және қызару болса.

9.2.Термометрді қолдану тәсілдері

1. Пациенттпен жақсы көз қараспен сөйлесу, процедура мақсаты мен жүрісімен таныстыру, келісімін алыңыз;

2. Қолды жуып, құрғатыңыз;

3. Термометрді алып сілкілеп, сынабын 350 градустан төменге дейін түсіріңіз.

4. Құрғатып дәкемен сүртіңіз.

6. Термометрді сынап жағынан салыңыз.

7. Пациент қолын төсіне қысып алады.

8. Салған уақытты белгілеп отырыңыз.

9.Термометрді 10 минуттан кейін алыңыз.

10.Нәтижесіне баға беріңіз.

11.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз.

  1. Дене қызу көрсеткіштерін журналға, дене қызуының қағазына белгілеңіз.

  2. Термометрді зарарсыздандырыңыз (толығымен салу).

  3. Перчатканы киіңіз.

  4. Термометрді дезинфекциялық ертінді алып, ағынды сумен жуып құрғатыңыз.

  5. Перчатканы шешіңіз.

  6. Термометрдің сынабы түскенше сілкілеңіз.

  7. Термометрді қабығына кигізіңіз.

  8. Қолды жуып құрғатыңыз.