Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

8.12.Құлақтың күтіміндегі мейіркештің технологиясы

Сыртқы есту өткелінде сарғыш – қоңыр түсті қоспа бөлінеді – құлық, ол жиналып құлақтың естуін төмендетеді. Жуынған сайын құлақты тазалап отыру керек, бірақ тазалауға өткір заттарды қолдануға болмайды. Егер құлықтар жиналса, мейіркеш дәрігердің қадағалауы бойынша құлақты тазалайды.

Мақсаты: есту қабілетінің төмендеуінің алдын – алу.

Көрсеткіштері: төсек тартып жатқан пациенттер.

Қарама қарсы көрсеткіштер: құлақтардың ішіндегі қабыну процесстерінде.

Жабдықтар: лоток, пинцет, мензурка, мақта, турундар, қолғап, 3% асқын тотығы, лоток, дез ертінділері бар ыдыстар.

  1. Пациентпен немесе оның туытарымен сенімділік қарым – қатынас жасаңыз;

  2. Процедура мақсатын түсіндіру және келісімін алу іс - әрекетінің бірізділігімен түсіндіріңіз;

  3. Қолын жуып, құрғатыңыз;

  4. Мензуркаға 3% асқын тотығы ерітіндісін құйыңыз;

  5. Сабын ерітіндісі бар ыдысты дайындаңыз.

  6. Дәкені сабын ерітіндісіне салып, құлақтың шеміршегін сүртіп, құрғатыңыз;

  7. Мақта турунданы 3% асқын тотығы ерітіндісіне малып алыңыз;

  8. Турунданы оң жақ қолына алып сыртқы есту өткелін ашу үшін сол жақ қолымен құлақ шеміршегін ұстап тұрыңыз;

  9. Турунданы айналдыра өткелге 1 см ұзындыққа 2 – 3 мин енгізіңіз;

  10. Содан кейін айналдыра турунданы алып тастаңыз;

  11. Екінші құлағын осы тәсілмен өндеңіз;

  12. Қолданған турундаларды, пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз;

  13. Қолғапты шешіп дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

  14. Қолды жуып, құрғатыңыз.

8 .13.Шаштың күтімі

Ұзақ төсекте жатқан пациенттердің үнемі шашын

күтуге қажет. Шаштардың арасында қайызғақ,

сірке, биттердің пайда болуы мүмкін.

Ер пациенттердің гигиеналық ванна

қолданғаннан кейін шашын алып тастайды. Егер

ваннаға түсе алмаса, кереуетің үстінде жуады.

Ұзын шашты әйелдердің шашын күту қиындау болады.

Күнде шашын тарап, өріп отыру керек, сірке

қышқылы ерітіндісіне малынып алынған тарақпен тарайды. Пациенттің басын аптасына бір рет жуады. Үнемі аяқ – қолының тырнақтарын алып отыру керек.

8.14.Пациенттің жыныс мүшелерінің күтімі

Халі нашар, ұзақ уақыт бойы тµсек тартып жатқан пациенттер уақытымен суға түсіп, денелерін тазарта алмайтыны бәрімізге белгілі. Оның үстіне кейбір науқастар кіші дәреттерін немесе үлкен дәреттерін алатындары да болады. Міне соның салдарынан науқастардың шаттары, терілері ойылып (тесілу, ойылу), жара пайда болады. Сондықтан теріге жара түсірмеу үшін ойылатын қауіпті жерлерді перманганат калий, риванол ертінділерімен және тағы басқа дезинфекция жасайтын сұйықтармен сүртіп, тазалап отыру керек.

Жыныс органдарын жууға қажет құралдар және жуудың әдісі:

  1. Құмыра - жуу ертіндісін құятын ыдыс.

  2. Стерильді тампон.

  3. Қысқыш корнцангі.

  4. Жыныс мүшесін жуу үшін пациентті шалқасынан жатқызады.

  5. Аяғын бүгіп, бұтының арасын сәл ашады.

  6. Құйрығының астына судно қойылады.

  7. Ертінді толтырылған құмыраны мейіркеш сол қолына ұстап, ол оң қолына тампон қыстырылған қысқышты алады.

  8. Жуғанда жоғарыдан төмен қарай, яғни тыныс мүшесінен тік ішекке қарай жуады.

  9. Жуып болғаннан кейін жыныс мүшесін құрғақ мақтамен жоғарыдан төмен қарай сүртіп құрғатады.

  10. Құрғатылып болғаннан кейін жуылған жерге вазелин жағылады.

  11. Міне осы аталған жууға керекті құралдары және жуу әдістерін әрбір мейіркеш білуі қажет.