Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

7.6.Гигиеналық ванна жүргізу мейіркештің технологиясы.

Көрсеткіштері: терінің кірлеуі, педикулез. Ауыр жағдайда пациентке ваннаны қолдануға болмайды.

Құрал – жабдықтары: щетка, сабын, мочалка, резеңке қолғап, дезинфекциялық ертінділер.

  • Резеңке қолғапты киіңіз;

  • Ваннаны сабын араласқан щеткамен жуыңыз және 1,5 % гипохлорид ертіндісімен өндеңіз;

  • Жылы су 35 – 37 0С ваннаны толтырыңыз;

  • Пациентке ваннаға түсуге көмектесіңіз;

  • Мочалкамен пациентті жуындырыңыз;

  • Ваннадан шығаруға көмектесіңіз;

  • Резеңке қолғапты шешіңіз;

  • Пациентті палатаға шығарып салыңыз;

  • Егер пациенттің жүрегі ауырып, қағып, басы айналса, онда ваннаның қабылдауын тоқтатып, көмек көрсетіңіз.

Гигиеналық душ қабылдау.

7.7.Гигиеналық душты жүргізу мейіркештің технологиясы.

Көрсеткіштері: терінің кірлеуі, педикулез. Ауыр жағдайда пациентке душты қолдануға болмайды.

Құрал – жабдықтары: щетка, сабын, мочалка, резеңке қолғап, дезинфекциялық ертінділер, орындық.

  • Резеңке қолғапты киіңіз;

  • Ваннаны сабын араласқан щеткамен жуыңыз және дез ертіндісімен өндеңіз;

  • Жылы су 35 – 37 0С температура бойынша дайындап алыңыз;

  • Ваннна ішіне орындық қойыңыз;

  • Орындықтың үстіне ақ жайма салыңыз;

  • Пациентке ваннаның ішіне отыруға көмектесіңіз;

  • Мочалкамен пациентті жуындырыңыз;

  • Ваннадан шығаруға көмектесіңіз;

  • Резеңке қолғапты шешіңіз;

  • Пациентті палатаға шығарып салыңыз;

Егер пациенттің жүрегі ауырып, қағып, басы айналса, онда ваннаның қабылдауын тоқтатып, көмек көрсетіңіз.

7.8.Антропометрия

Антропометрия дегеніміз – пациенттің бойын, салмағын, кеуде көлемін өлшеу. Салмағын диагностикалық мақсатпен өлшейді (салмағының жеткіліксіздігі, семіздігі, жасырынды ісіктерді, т.б.). Бойын бой өлшегішпен өлшейді. Кеуде көлемін сантиметрлік өлшеуішпен өлшейді.

7.9.Пациенттерді тасымалдау.

Пациенттердің жағдайына қарай каталкамен, кресло – каталкамен, носилкамен немесе екі үш медицина қызметкерлері тасымалдайды.

Каталкамен тасымалдау:

  • Каталканы пациентті тасымалдауға дайындаңыз;

  • Каталкаға ақ жайма, жастық, көрпе салыңыз;

  • Пациентті бірінші мейіркеш басынан, екінші мейіркеш ұстап каталкаға жатқызады;

  • Көрпемен үстін жабыңыз;

  • Мейіркештер каталканың екі жағынан алып тасымалдайды;

  • Каталканы керуетке әкеліп, пациентті жатқызыңыз.

Носилкамен бөлімшеге тасымалдау.

Носилкамен тасымалдау үшін әзірлеу керек: ақ жайма, көрпе, жастық клеенка.

  • Пациентке түсіндіресіз;

  • Пациентті носилкаға жатқызып көрпемен жабасыз.

  • Сатыға көтерілгенде пациентің басын алдына қаратып, қолымен тұтқаны ұстаңыз,екінші санитар аяқ жақтың тұтқасын иығына салады;

  • Сатыдан пациентті түсіргенде алдынғы санитар носилканың тұтқасын иығына салады, екінші санитар қолымен тұтқаны ұстайды.

Кресло – каталкамен бөлімшеге тасымалдау.

  • Кресло – каталканы алдына енкейтіп, аяғының тірегішін қойыңыз;

  • Пациенттің аяғын тірегішке қойып креслоға отырғызыңыз;

  • Креслоны қалпына келтіріңіз;

Бөлімшеге апарыңыз.