Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

7.4.Пациенттерді бөлімшеге қабылдау.

Пациенттерді әр түрлі аурухананың ішіндегі бөлімшелерге жатқызу үшін, қабылдау бөлімшесі арқылы қабылдайды. Қабылдау бөлімшесінде пациенттерді тіркейді, дәрігер тексереді және санитарлық өндеу жүрізіледі. Қабылдау бөлімшесі пациенттер күтетін бөлмеден, тіркеу бөлмесінен, изолятордан, диагностикалық бөлмеден, санитарлық бөлмеден құралады. Санитарлық бөлімше (санпропускник) үш бөлмеден құралады: пациенттерді шешіндіретін, жуындыратын, киіндіретін бөлмеден. Қабылдау бөлімшесінде процедура кабинеті, тану бөлмесі, кіші операция жасайтын бөлме, рентген кабинет, лаборатория, кезекші дәрігердің бөлмесі, дәретхана, т.б. тәулік бойы жұмысын атқарып отырады. Қабылдау бөлімшесіне пациенттер жедел және жоспарланған түрде түседі. Пациенттің жағдайына қарай бүкіл хабарларды пациенттен егер пациент ессіз болса оның туыстарынан аласыз. Егер пациенттер құжатсыз келсе, милиция саласына хабарлайсыз. Жоспарланған пациенттер дәрігердің жолдамасымен келеді. Пациентті тіркегеннен кейін дәрігер қарайды да, егер жағдайына қарай ауруханаға жатқызса, онда мейіркеш санитарлық өндеу жүргізеді: педикулезға, грибоктық жұқпаларға тексереді.

7.5.Пациенттерге санитарлық өндеу жүргізу.

Пациенттің жағдайына байланысты жартылай немесе толық санитарлық өндеу жүргізіледі. Толық санитарлық өндеуге ванна және душ жатады. Жартылау өндеуге сүрту, дымқыл дәкемен жуып жатады. Санитарлық өндеудің алдында мейіркеш пациентті педикулезға тексереді.

Педикулез анықталғанда пациенттерге санитарлық өндеу жүргізу.

Мақсаты: шаштағы бит және сіркелерді жою.

“ҚР Брилль ауруын, бөртпе сүзегін алдын алу жетілдіру шаралары” №622 бұйрық бойынша жүргізіледі.

Педикулоцидтерді қолдану тәсілі.

  1. 20 % сабын су араласқан бензил – бензоат суспензиясы 10 – 30 мг.

  2. 10 % керосин – сабын су араласқан эмульсия 10 – 50 мг.

  3. Лосьон немес шампунь “Антифор” “Антибит” – 50 – 80 мг.

  4. 0,25 % дикрезил ерітіндісі 10 – 50 мг.

  5. “К” – сабыны 2 % 1 г/1 адамға.

  6. 5 % бор мазі – 5 – 25 гр.

Шашын өндегеннен кейін 5 – 10 % сірке қышқылымен қайтадан жуады.

Педикулезге қарсы өндеу жүргізетін қалаудың іші.

  1. Пациенттердің киіміне арналган клеенкалы немесе мақта маталық қапшық.

  2. Шашты жағатын лоток немесе шелек.

  3. Клеенкалық пелерина.

  4. Резеңке қолғап.

  5. Металлдық жиі тарақ.

  6. Шаш алғыш.

  7. Спиртовка.

  8. Мақта.

  9. Байлам.

  10. Қайшы

  11. 5 – 10 % сірке қышқылы.

  12. Битті өлтіретін заттар.

  13. Киімдерді зарарсыздандыратын препараттар.

  14. Бөлмені зарарсыздандыратын заттар.

Шашты бір педикулициттердің түрімен өндеп, байламмен орап, 25 – 30 мин қалдырады, содан кейін сабынмен немесе шампунмен жуып, жылы сірке қышқылы қосылған сумен шаяды. Сіркелерде жиі тарақпен сірке қышқылына малып тарайды. Егер ішкі киімдерде бит, сіркелер болса, оны 2 % содасы бар ертіндісіне 15 мин қайнатып, ыстық өтекпен, әсіресе қыртыстары бар жерлерін өндейді. Педикулоцидтермен 5 жылға дейін – жүкті әйелдерге, емізетін аналарға, терісі қабынған кісілерғе қолдануға болмайды. Ішкі киімдерді, төсектерді су эмульсияларға 5 – 10 мин салып қояды. Эмульсия шығыны 2,5 л бір комплект ішкі киімге 4 – 4,5 мл, бір комплект төсекке немесе 1 кг заттарға. Содан кейін жақсылап шайып, өтектеу керек.