Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

6.17.Құрал – жабдықтарды залалсыздандыруға тексеру сынақтары.

І. Азопирам сынағы:

Гемоглобинді, қышқылдарды, хлораралас заттарды, жуғыштарды, тотталған заттарды тексеру үшін азопирам сынағын қолданады. Азопирамның құрамында:100 мл амидопирин, 1 мл тұзқышқылды анилин бар. Осы қосындыны араластырып 96 % этил спиртімен 1 литрге дейін толтыру керек. Қақпағы тығыз жабылатын флаконда, тоңазытқышта температура 40С екі ай сақтауға болады. Ал егер температурасы +180 + 200 С болса бір ай сақтайды. Құрал – жабдықтарды тексергенде егер көкшіл бояу пайда болса – онда қанның барлығы анықталады.

ІІ. Фенолфталеин сынағы:1% спиртық фенолфталеин ертіндісін жуғыштың қалдығын тексереді. Егер жабдықтарда қызғылт болса, қайтадан ағынды, содан кейін дистилденген суға жуады, осы сынақты қайталайды.

6.18.Медицина қызметкерлеріндегі парентералдық гепатиттердің алдын – алуы.

Парентералдық гепатиттердің таралу деңгейін төмендетуі арнайы алдын – алуы қолданылатын шаралардан байланысты. Оған кіреді:

  1. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін әр түрлі әдістерді қолдану;

  2. Қатаң түрде универсалды алдын – алу ережелерін сақтау;

  3. Медицина қызметкерлері белсенді түрде иммунизация жасайды;

  4. Парентералдық гепатит анықталған жағдайда эпидемиологиялық талдау және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;

  5. Гепатит жұқпа кезінде құжаттарды толтыру;

Алдын – алудың универсалдық шаралары.

  1. Қанмен, немесе биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болған медициналық қызметкерлері барлық пациенттердің жұқпасын потенциалды (жұқпалы) көзі деп алады.

  2. Қатаң түрде медициналық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын сақтайды: көзелдірік, маска, қолғап, халат, т.б.

  3. Емдеу диагностикалық манипуляцияларды және қолданылған құрал – жабдықтарды, бұйрықтармен және талаптардың сәйкестігімен орындайды.

  4. Вирустық гепатиттің вакцинациясын жоспар бойынша өткізеді.

7.Емдеу мекемелердің құрылысы.

Бүкіл аурухананың құрылымдары екі үлкен топқа бөлінеді:

  1. Емдеу диагностикалық.

  2. Әкімшілік – тұрмыстық.

Емдеу диагностикалық бөлігіне кіреді:

  • қабылдау бөлімшесі;

  • Арнайлы емдеу бөлімшелер (терапилық, хирургиялық, гинеколгиялық, т.б.);

  • Оперблок;

  • Диагностикалық лабораториялар (клиникалық, биохимиялық, цитологиялық, иммунологиялық, т.б.);

  • Диагностикалық бөлімшелерімен кабинеттері.

Әкімшілік – тұрмыстық бөлігіне кіреді:

  • Басты дәрігердің және оның орынбасарларының кабинеттері;

  • Канцелярия;

  • Бухгалтерия;

  • Аспаз блогы;

  • Төсек орындарды және киімдерді жуу бөлмесі;

  • Дәріхана;

  • Залалсыздандыру бөлімшесі;

  • Қан құю бөлімшесі;

  • От жағатын бөлме.

Емдеу бөлімшесінің құрылысы.

Емдеу терапиялық бөлімшеге жатады:

  • пациенттерге арналған палаталар;

  • процедура кабинеті;

  • клизма жасайтын кабинеті;

  • дәрігерлер кабинеті;

  • мейіркештерің кабинеті;

  • тағам тарататын бөлме және асхана;

  • санитарлық блоктар (дәретхана, ванна және душ бөлмесі)

  • ішкі киімдерді сақтайтын бөлме;

  • тұрмыстық заттарды сақтайтын бөлме;