Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

6.16.Залалсыздандырудың технологиялық кезендері.

  1. Зарарсыздандыру (Дезинфекция).

  2. Залалсыздандыру алдында тазалау.

  3. Материалдарды контейнерге, стерилизаторға жинау, сұрыптау, орналастыру.

  4. Нақты залалсыздандыру.

  5. Құрғату.

  6. Залалсыздандыруды тексеру.

  7. Заласыздандырылған материалдарды сақтау.

Термиялық залалсыздандыру әдісінің ішінде жиі қолданылатын булы әдіс. Емдеу мекемелердегі хирургиялық, заттарды тану материалды залалсыздандыру үшін кен түрде қолданылады.

Құрал – жабдықтарды залалсыздандыру автоклав, құрғақ – ыстық шкаф, химиялық заттар арқылы жүргізіледі.

Автоклавтың тәртібі:

  1. нәзік тәртібі:

Температурасы - 1200С; Қысым – 1,1 атм; Уақыты – 45 минут. (резеңке, пластмас полимерлік заттарды залалсыздандыру үшін қолдану).

  1. қатаң тәртібі:

Температурасы - 1320С; Қысым – 2 атм; уақыты – 20 минут. (металдық, шыны заттарды залалсыздандыру үшін қолданылады.). Медициналық заттарды бикске салады. Залалсыздандыру нәтижесі ораудың тығыздығынан байланысты.

Ыстық – құрғақ шкафтің тәртібі: Температура - 1800С, уақыты – 1 сағат.

Булы залалсыздандырудың қасиеттілігі:

  1. сенімділігі

  2. қолайлығы

  3. жоғарғы нәтижелі

  4. тіндерге жақсы ену икемділігі

  5. улықтың жоқтылығы, төмен бағалығы

Негізгі кемістіктері:

  1. дымқылдығы (егер материалдар тығыз болса, бу толық бармайды).

  2. кейбір құрал – жабдықтар жоғарғы температураны булы әдіс арқылы көтере алмайды.

  3. ұнтақтармен майларға қолданылмайды.

Бикстің ішіндегі залалсыздандырылған материалдар үш тәулік сақталынады, бірақ тасымалдағанда оған қабшық кигізеді. Құрғақ резенке қолғаптарды залалсыздандыру алдында жабысып қалмау үшін ішкі және сыртқы жағына крахмал немесе тальк ұнтағын салады. Бірақ дымқыл қолғаптарға ұнтақты салуға болмайды. Бикске салып температура - 1200С 45 минут автоклавка залалсыздандырады.

Резеңке трубкаларды, асқазан зондтарды, катетерлерді залалсыздандыру.

Резенке трубкалардың, зондтардың, катетерлердің ішкі қуыстарының дымқылдығын екі қабатты дәкеге немесе пергаменттық қағазға салып автоклавка Т - 1200С; Қ – 1,1 атм: У – 45 минут залалсыздандырады.

Ауалық залалсыздандыру.

Бүкіл микроорганизмді ұрықтарымен жою үшін құрғақ ыстықты қолданады.Тәжиребелі ісінде СанПин талабы бойынша ауалық залалсыздандыруды 2 тәртіп арқылы қолданады:

  • Т - 1800С; У– 60 минут

  • Т - 1600С; У– 150 минут.

Ыстық ауамен залалсыздандыру, арнайы ауа стерилизаторында жүргізіледі. Көбінесе металлдық, шынылы заттар, жіңішке фарфор, силикондық резенкелерді залалсыздандыру үшін қолданылады. Ауалық стерилизаторға тек қана таза құрғақ заттар салынады. Оларды төртбұрышты қораптарға салып, қақпағын ашып тастайды да, залалсыздандырудан кейін қақпағын қайтадан жабады.

Залалсыздандыруға болмайды: мақталық, синтетикалық заттарды және жануар жүндері, полиэтилен т.б.

Ауалық залалсыздандырудың күрделігі

  • Құрал – жабдықтардың барлық жерлеріне енгізіледі.

  • Коррозиялық әсері жоқ.

  • Төменгі бағалы.

  • Ұнтақтарды, майларды, шынылы заттарды залалсыздандыруға болады.

Ауалық стерилизатордың жұмыс тәртібі.

  1. Залалсыздандырылатын заттарды стерилизатор суық болып тұрғанда салады.

  2. Қыздырады.

  3. Залалсыздандыру температурасы – 1800 – ге дейін көтеріп 60 минутқа дейін белгіленеді.

  4. Салқындатады.

  5. Залалсыздандырылған заттарды алып, залалсыздандырылған қақпақпен жабады.

  6. Егер құрал – жабдықтар залалсыздандырылған коропта болса – үш тәулікке дейін сақтанылады. Егер қақпақсыз болса тез арада қолданылады.

Радиациялық залалсыздандыру көбінесе кәсіби құрылыстарында қолданылады.

Залалсыздандыруды тексеру үшін қолданатын әдістер:

  1. Физикалық – уақытын, температурасын, қысымын анықтайды;

  2. Химиялық – көбінесе химиялық термоиндикаторлар қолданылады;

  3. Бактериологиялық – биотест жүргізіледі.

Стерилизатордың жұмыстық қасиеттерінің көрсеткіштері.

  • Жабдықтың жұмыстық қабілетін тексеру;

  • Бактериологиялық тест алған жағдайда микроорганизмдердің өспеуі;

  • Химиялық индикатор қолданғанда түсінің өзгеруі;

  • Залалсыздандырылған заттардың микрофлорасын жан – жағына таратылмауы.