Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

6.13.Тазалау қағидалары.

Негізгі тазалау қағидалары:

  • дезинфектанттардын қатысуымен микроорганизмдердін ластануынан қорғау.

- микроорганизмдердің физикалық тазалау арқылы көп көлемді жойылуы.

Қ олды жуу деңгейлері

Қолдың терісінің микрофлорасы тұрақты және

уақытша микроорганизмге бөлінеді. Тұрақты

микроорганизмдер: эпидермалдық стафилококк,

дифтероидтар, олар үнемі теріде өсіп өнеді.

Уақытша (транзиторлық) микроорганизмдер: алтын

түсті стафилококк, эшерихия коли, көбінесе

пациенттерден жұғады. Терінің сыртқы қабатына 80 – 90% тұрақты микроорганизмдер, оның ішінде 10 – 20 % терінің терең қабаттарында әсіресе майлы, тері бездерде болады. Қолды сабын арқылы жуғанда көбінесе транзиторлық микроорганизмдерді кетіреміз, бірақ тұрақты микроорганизмдер қалады. Осы микроорганизмдердің таралуының алдын – алу үшін медициналық персонал қолың арнайлы өндеуі тиіс. Медициналық персонал пациенттермен үнемі қатынасты болғанда қауіпсыздық ережесін сақтайды, әсіресе қолдың тазалығында.

Қолды жуу үш деңгейге бөлінеді.

  1. Әлеуметтік: қолды 10 – 30 секундыға дейін сабын – сумен жуу.

  • әр бір манипуляция алдында, артында,тамақ ішер алдында;

  • халы нашар пациенттерді тамақтандыру алдында;

  • тағамдармен жұмыс істегенде,пациенттерге күтім жүргізгенде;

  • дәретханадан кейін;

  • қолдары ластанған сайын.

  1. Гигиеналық: қолға сабын және антисептиктерді қолдану.

  • жұқпалы пациентпен қатысқаннан кейін;

  • биологиялық сұйықтықтан кейін,кірленген заттардан кейін;

  • инвазивті процестің алдында, артында;

  • иммунитеті төмен пациенттерді күтім жасар алдында;

  • ине салар, жараларды өндеу алдында, артында;

  • катетер қолданар алданда, артында;

Антисептик ретінде первомур, 4 % сулы хлоргексидин ертіндісі, 0,5 % спирттік хлоргексидин ертіндісін, 70 % этил спирті т.б. қолданады.

  1. Хирургиялық деңгейі арқылы арнайы өндеу жүргізіледі.

6.14.Дезинфекциялық ертінділермен, жуғыштық заттармен залалсыздандыру жүргізгенде қауыпсыздік шаралары.

  1. 18 жасқа дейін, аллергендік ауруы бар, жүктілік кезінде дезинфекциялық заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

  2. Дезинфекциялық ертінділерді дайындауын,құрал – жабдықтарды зарарсыздандырудын, залалсыздандырудың алдында өндеуін, залалсыздандыруын арнайы бөлмеде дайындайды.

  3. Дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстардың арнайы дайындау мерзімі болып, сыртқы қақпақпен жабылып отырады. Барлық жұмыстарды резеңке қолғаппен істейді.

  4. Жұмыстың аяғында бөлмелерді желдетіп, дезинфекциялық заттарды арнайлы жеке бөлмеге сақтайды.

Хлоргексидин биглюконат сулы ертіндісің дайындау.

Ертіндінің концентрациясы

%

20% сулы хлоргексидин ертіндінің көлемі мл

Судың көлемі

(л)

0,5 %

1

2

2,5

25

50

100

125

1

1

1

1

Хлоргексидин биглюконат спирттық ертіңдісің дайындау.

Ертіндінің концентрациясы %

20% спирттық хлоргексидин ертіндінің көлемі мл

Судың көлемі

(л)

0,5 %

25

5,0

7,5

12,0

100

200

300

400

500

Септабик ертіндісің дайындау

Ертіндінің концентрациясы

%

Препараттын және дистиллденген судың көлемі (мл)

1 литр суға

10 литр суға

Препарат (г)

Су (л)

Препарат (г)

Су (л)

0,1

0,05

0,025

1

0,5

0,25

1

1

1

10

5

25

10

10

10