Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Тірі қалуы. 1. Демалу

Бақылау сұрақтыр мен тапсырмалары

  1. Ф.Найтингейль, В.Хендерсон мейіркеш ісіндегі рөлдерін атап шығыңыз?

  2. Мейіркеш үрдісінің кезеңдерін атап, оларға сипаттама беріңіз?

  3. Пациенттің физиологиялық қажеттіліктеріне сипаттама беріңіз?

  4. Медициналық этико – деонтологиясы туралы түсінік беріңіз?

  5. Мейіркештік философияның маңыздылығын айтып беріңіз?

6.Емдеу мекемелердегі жұқпаларды тексеруін ұйымдастыру және жұқпалардың алдын - алу

Қазіргі денсаулық сақтау саласында ішкі ауруханалық жұқпалар маңызды проблема болып саналады.

Бүкіл дүниежүзілік әлемде жүргізілген зерттеулер бойынша ішкі ауруханалық жұқпалар госпитализацияның асқынуы болады.

Емдеу мекемелерінің көбеюі, жаңа медициналық құралдардың шығуы, препараттың қолдануы, ағзаның иммунитеттінің төмендеуі т.б. факторлар жұқпалардың таралуына себеп болады. Мысалы: Америкада жылына 2 млн ауруға дейін тіркеледі. Германияда - 500 000; Венгрияда -100 000; Америкада – 120 000 ауырған пациентің 25% - өлімге шалдығады, Ресейде ішкі ауруханалык жұқпалардан 6 - 8% өлімге шалдығады (ол 2 млн салық). Өкінішке орай Қазақстанда аурулар туралы мәліметтер шектелген.

6.1.Ішкі ауруханалық жұқпалардың эпидемиологиясы

Госпиталдық эпидемиология - ішкі ауруханалык жұқпалардың пайда болуын, дамуын, таралуын, жойылуын және алдын алуын, әдістерін енгізуін зерттейді. Ауруханаға келген пациенттер өз - өзіне және медперсоналға қауып әкеледі.

Госпиталдық эпидемиологияның алдына қойылған мақсаттары:

  1. Қауып қатер факторларды табу

  2. Қауыпты түсіну

  3. Қауып қатер факторын азайту немесе жою

Ішкі ауруханалық факторларын табу және түсіну үшін:

  • Эпидемиологиялық қағидаларды, әдістерді;

  • Ішкі ауруханалық жұқпаларды;

  • Қауып қатерді білу тиіс.

Қауып қатерін азайту немесе жою үшін:

  • Емін, жақсы күтімін ұйымдастыру,

  • Қауып қатер факторларын жою,

  • Пациенттерді күту үшін емдеу, диагностикалық процедураларды жетілдіру,

  • мейіркештердін оқытуын жүргізу,

  • қауіп – қатер факторларды зерттеу, онын әсерін азайту.

Госпиталдық эпидемиологияның қолдануы:

  1. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және жұқпаны тексер,

  2. Клиникалық іс-әрекеттерінің нәтижесін жақсарту және бағалау,

  3. Жаңа құрал жабдықтардың қолдануына баға беру, дәрілердің қолдануын тексеру,

  4. Медициналық мекемелердегі қолданылатын процедураға баға беру.

Ішкі ауруханалық жұкпа - көбінесе медициналық көмек сұрауға келген

пациенттерде және жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерінді болады.

Медицина қызметкерлерінің осы қызметінің мақсаты қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою болып табылады.

Ішкі ауруханалық жұқпаның пайда болуын үшке бөлуге болады:

- пациенттер, емханалық көмек алу барысында жүқтырады;

- пациентер, стационарлық көмек алу барысында жүқтырады;

- медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жүқтырады.

Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер - емдеу мекемесі.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынын Европалық аймақтық бюросы аурухана ішіндегі жұқпаға мынадай анықтама берді: “Ішкі ауруханалық жұқпа дегеніміз - ауруханаға келгенде пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алатын кез келген жұқпалы ауру”.

Ішкі ауруханалық жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады.

Обьективті себептері бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:

- қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;

- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;

- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.

Субъективті себептер - бұл жоюға болатын себептер:

- медицина қызметкерлерінің сапасыздық дайындалуы;

- санитарлық-эпидемиялық саласының қызметкерлері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы;

- кейбір аппарат түрлеріндегі залалсыздандыру сенімділігінің болмауы;

- пациенттердің өзара қарым-қатынасы және пациенттің медициналық қызметкерлерімен қарым-қатынасының өсуі;

- медицина қызметкерлерінің арасында анықталмаған бактериотасымалдаушылардың кездесуі;

медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасының төмен болуы.

Ішкі ауруханалық жұқпаның көзі болуы мүмкін:

- жұқпалы аурумен ауыратын медицина қызметкерлерінің өз қызметін жалғастыруы;

- аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер;

- ауруханаға келетін келушілер — пациенттің туысқандары.

Ішкі ауруханалық жұқпаның таралу жолдары:

- экзогенді -ағзаға жұқпаның қоршаған ортадан түсуі;

- эндогенді- жұқпаның ағза ішінде таралуы.

Жұқпаның экзогенді түріне жатады:

- ауалы-тамшылы: жұқпаның ағзаға жағымсыз ауа арқылы енуі;

- қарым-қатынасты залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтармен, емдік манипуляцияларды орындау кезінде;

- имплантациялық-залалсыздандырылмаған протездерді, тігіс материалдарын қолданғанда;

- трансмиссивті-жәндіктердің тістеуі арқылы;

- алиментарлы- сапасыз тағамды қолданған кезде.

Жұқпаның эндогенді таралу жолы қан және лимфа арқылы екіге бөлінеді.

Қан арқылы — бұл қан ағысында, лимфа арқылылимфа ағысында таралады.

Алдын алуды нәтижелі жүргізу үшін ішкі ауруханалық жұқпаның көзі мен таралу жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауықтыру мекемелерінде жұқпаның таралуын болдырмауға болады.

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық негізі болып құралатын иесінің ағзасы, микроорганизм (қоздырғыш), айналадағы орта.

И есі (пациент немесе медицина қызметкері)

Айналадағы орта (емдеу диагностикалық процедуралар, аурухана)

Микроорганизм (қоздырғыш)

6.2.Ішкі ауруханалық жұқпалардың қоздырғыштары

Емдеу мекемелерде жиі кездесетін бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар. Әлсізденген ағзаға қоздырғыштың қонуы микроорганизмнің айналадағы ортаға өмір сүруіне байланысты. Ағзаға микроорганизм түскенде, жұқпаның дамуы міндетті емес. Ешқандай әсер жасамай, ол ағзада өмір сүре береді (осы жағдайды колонизация деп атайды)

Микроорганизмнің жұқпаға әкеліп соғуы біраз ішкі себептерден байланысты:

  • жұқпалық дозадан;

  • иесінің жасушаларына қону қабілетінен;

  • инвазивтық процедураларының көбеюінен;

  • токсиндерді шығару қабілеті;

  • иесінің иммундық жүйесінің жойылу қабілетінен. Ие - (хозяин)

Жұқпаның дамуы және клиниқалық белгілерінің ауырлығы, қоздырғыштан басқа тағы да бірнеше факторлармен байланысты:

  1. жасынан;

  2. қосымша аурулардан;

  3. иммундық статустан;

  4. ағзаның тұрақтылығынан;

  5. иммунизациядан;

  6. пайда болған аурулардан;

  7. психологиялық жағдайлардан.

Госпиталдық жұқпалардың болатын орындары.

Теріде - 10 - 20% (кейбір жағдайда 40% дейін) стафилококктар болады.

Жаңа босанған әйелдерде бесінші күнде терісінде - 30%, ал төсінде -60% дейін стафилококктар болады. Ішек таяқшалары пациентерде 13-21%, медперсоналдарда 6-9%, энтерококктар 27-29% пайда болады. Шаштарында көбінесе 17-40% дейін стафилококктар болады. Мұрынның қуысында 90% дейін көтеріледі. Ауыз қуысында 90% дейін стафилококк болады. Жаңа туған баланың көзінде, кіндігінде стафилококк 70% дейін пайда болуы мүмкін. Қынапта 9-16%. Ішекте энтеровирустар, сальмонелалар, шигеллалар, стафилококктар, саңырауқұлақтар дамиды.

Айналадағы орта.

Айналадағы ортада қоздырғышпен иенің қатынасуы болады. Жұқпалы аурулардың дамуына және таралуына әсер ететін айналадағы ортаның факторлары бірнеше түрге бөлінеді (физикалық, биологиялық, әлеуметтік) Медициналық мекемелермен айналадағы орта ерекше түрі болып есептелінеді. Үнемі жетілдіріп отыратын медициналық техника және әр түрлі емдеу диагностикалық шаралары ішкі ауруханалық жұқпаның дамуына әсер етеді.

Даму орны

Микроорганизмдер

Зәрлік катетерлар

Ішек таяқшалары, стрептококк, протей, энтеробактериялар, клебсиела, көгілдір таяқша, алтын түсті стафилококк, кандида

Көк тамырға қолданылатын құрал жабдықтар

Грамм теріс бактериялар, энтеробактериялар, флавобактериялар, көгілдір таяқша, алтын түсті стафилококк, стрептококк

Жасанды аппараттар

Грамм теріс бактериялар псевдомонадтар, алтын түсті стафилококк, стрептококк

Суда қолданылатын системалар (дымқылдатқыштар, вентиляторлар, ионизаторлар, дистилляторлар, инголяторлар, гемодиализге арналған құрал жабдықтар)

Грамм теріс бактериялар және оның токсиндері, ацинето бактериялар, аэромонадтар, клебсиела, гепатит В вирус

Антисептиктер

Грамм теріс бактериялар псевдомонадтар, флавобактериялар, ацинетобактериялар, клебсиелла,