№2 Зерханалық жұмыс
«С++ программалау тілінде шартты және шартсыз операторлары»
Жұмыс мақсаты: Шартты оператордың және шарсыз оператордың жұмысымен танысу. Нұсқаны таңдау операторын зерттеу.Программаны құру кезінде соларды қолдануды үйрену.
Теориялық мәліметтер
1.1 if шартты операторы
Қарастырылып отырған операторлар тобы программаның бұтақтануын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жиі нәтижеге байланысты операторлар тобын іске асыру керек. С++ тілінде осы мақсатта if (егер) – else (болмаса), switch и goto операторлары қолданылады.
Егер жақша ішіндегі шарт шын мәнді қабылдаса, онда инструкция 1 онындалады, ал егер жалған мәнді қабылдаса, онда инструкция 2 орындалады.
Мысалы:
if (a>b)
z=a;
else
z=b;
z=a-дан кейінгі нүктелі үтірге назар аудару керек.Бұл жерде ол міндетті түрде қойылу керек,себебі if-тан кейін үнемі нүктелі үтірмен аяқталатын инструкция жазылады. If операторында else сөзі болмауы мүмкін. Бұл кезде, егер жақша ішіндегі шарт шын мәнді қабылдаса, онда инструкция 1 орындалады, ал жалған болса, онда инструкция 1 өткізіліп жіберіледі және басқару программаның мәтіні бойынша келесі операторға беріледі. Мысалы:
if (num>10) num=2*num;
сout<<”num=”<<num<<’\n’;
Шығару операторы әрқашан орындалады, ал меншіктеу операторы шарт шын болған кезде ғана орындалады.
Салыстыру операциялары 1 кестеде берілген
1 кесте
-
Операция
Мағынасы
<
Кіші
<=
Кіші немесе тең
= =
Тең
>=
Үлкен немесе тең
>
Үлкен
!=
Тең емес
Меншіктеу операторымен «=» қатынас операциясынан «==» шатастырмау керек.
Қарапайым программаны қарап көрейік.
#include <iostream.h>
int main( )
{
int a,b;
cout<<“a= мәнін енгізіңіз”;
cin>>a;
cout<<“b= мәнін енгізіңіз ”;
cin>>b;
if (a>b) cout<<“a үлкен b”;
else cout<<“ a кіші немесе тең b”; /* if – else операторының демонстрациясы*/
if (a==b) cout<<“ a равно b ”; /* if оператордың else сөзісіз демонстрациясы*/
return 0;
}
Егер программа орындалуы үшін 5 және 3 сандарын енгізсек, онда экранға а үлкен b деген қатар шығады.
5 және 5 сандарын енгізсек, экранға мынадай екі қатар шығады:
a кіші немесе тең b
a тең b
Кейде шарт операторында if немесе else өзекті сөздерінен кейін if инструкциясы жазылады,оны қабаттасқан деп атайды.Else сөзі үнемі оның алдында жазылатын if сөзіне қатысты болады.Сондай-ақ if және else өзекті сөздерінен кейін бір инструкцияның орнына фигуралық жақшаның ішіне жазылуы міндетті бірнеше инструкциялар жазылуы мүмкін.
Мысалы
if (n>0)
if (a>b)
z=a;
else
z=b;
else ішкі if-ке қатысты,бұл шегіністермен көрсетілген.Егер басқа интерпретация қажет болса,онда фигуралық жақшаларды дұрыс қою керек:
if (n>0)
{
if (a>b)
z=a;
}
else
z=b;
Бұл мысалда else ішкі if-ке қатысты.
Құрамында if және else көп болатын күрделі конструкцияларда қабаттасқан if-терді фигуралық жақшаларға алу керек.
if – else қабаттасқан конструкцияларының орнына шартты тексеру үшін күрделі өрнектерді қолдануға болады. Күрделі өрнектер бірнеше жай қатынастарды логикалық операциялардың көмегімен біріктіру жолымен алынады.С++ тілінде 3 логикалық операция бар,олар 2 кестеде көрсетілген:
