Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геодезия даму тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.34 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жұмыстардың жеке картографиясының бұдан әрі дамуына, ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр.

Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Республикамыздың жер ресурстарын басқару агенттігі басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдай жасады деуге болады.

Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылған геодезиялық отрядтардың қазіргі таңда «Оңтүстік геодезия», «Астана топография», «Алматы геокарта», «Солтүстік геодезия» сияқты ірі мемлекеттік өнеркәсіпке айналып, Қазақстан Республикасы әскери күштерін геодезиялық аппараттармен қамтамасыз ететін Орталықтың ашылуымен қатар, Қазақстанда геодезиядан мамандарын дайындайда және геодезияның одан әрі дамуында аянбай еңбек етіп келе жатқан К.Б.Қалабай, Б.М.Жарқымбаев, С.Р.Оспанов, С.Махаділ, т.б. сүбелі еңбектері айқын дәлел.

Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар;

  1. Республикамыздың кең-байтақ территориямызда геодезиялық тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жүргізуде жоғарғы дәлдіктегі жұмыстарды ұйымдастыру.

  2. Әртүрлі мақсаттарға қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.

  3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлық мәліметтерді бір жүйеге келтіру.