3.Тамақтану ерекшелігі:
№10 диета - жүрек - қан тамыр жүйесі .
рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады, тамақ суға не буға пісіріледі, қуырылған тамақ жеуге тыйым салынады, тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады, тамаққа қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылын, қою томат шырынын, ванилин, дәмқабық, қалампыр қосуға болады.
күндік ас үлесінің құрамы: белок - 80 г., май - 7 г., углевод - 350-400 г., ас тұзы - 3 г, сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн.
Күніне 5 порция жеміс-жидек немесе көкөніс Жеміс-жидек пен көкөністе дәрумендер мен минералдар көп, дәнді дақылдардан кейінгі талшықтардың көзі болып табылады. Талшық зат алмасуды жақсартып, қанығуға ықпал етеді. Ол қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, жүрекке жайлы әсер етеді. Дәнді дақылдар тағамдары (нан, ботқа) талшыққа бай, жеміс-жидек пен көкөністерде де, әсіресе, бұршақ, кептірілген жемістерде де талшық көп. Талшық саны күніне 25 грамм болу керек.
4.Жаттығу түрлерімен таныстыру
Жаттығулар бірқалыпты ырғақпен, байыппен буындардың бірінен соң бірін қозғалта отырып, орындалуы қажет. Жаттығуларды онша қатты күш жұмсамай, сүйсіне, ем болатынына сеніп, ықыласпен орындаған дұрыс. Дәрігер науқас адамның дұрыс тыныс алуын қадағалап отырады. Өйткені дұрыс алған демнің өзі қан айналымын жақсартады.
ЕМДІК ЖАТТЫҒУЛАР
Кіріспе жаттығулар
1. Шалқадан жатып, асықпай байыппен тыныс алу (3-4 рет). Дем алуға көк ет пен кеудені дұрыс қосу керек.
2. Қол саусақтарын бүгіп-жазу (4-5 рет).
3. Тыныс алу (4-5 рет)
4. Екі аяқтың ұшын алға-артқа қозғау (3-4 рет). Баяу ырғақпен.
5. Қолдың басын оңға-солға айналдыру (4-5 рет). Екі қолмен алма-кезек.
6. Демалыс (2-3 минут).
7. Аяктың ұшын оңға-солға қисайту (3-4 рет). Асықпай.
8. Қолды екі қапталда ұстаған бойда алға иіп, саусақтарды созу және бүгу (3-4 рет). Созғанда демді ішке алып, бүккенде сыртқа шығару.
9. Аяқ және қолдың басын бір мезгілде алға-артқа қимылдату (4-5 рет). Баяу ырғақпен.
10. Тынысалу (1-2 рет).
Барлығы: 5-6 минут.
Негізгі жаттығулар
1. Шалқадан екі колды қапталда ұстап жату; асықпай тыныс алу (3-4 рет). Жайлап қана.
2. Қолды шынтақтан бүгіп, басын айналдыру. (3-4 рет). Екі қолмен кезек.
3. Аяқтың ұшын екі жаққа бір мезгілде қимылдату (4-5 рет). Екі аяқтың қимылын қадағалау.
4. Қолдың ұшын иыққа кою. Құлашты жайып, терең дем алып, алғашкы қалыпта демді шығару (3-4 рет). Орташа ырғақпен.
5. Аяк-қолдың ұшын шыр айналдыру (3-5 рет). Оңға-солға асықпай, ырғақты түрде.
6. Асықпай терең дем алу (4-5 рет).
7. Иықты қозғау. Жоғары көтергенде демді ішке тарту, түсіргенде сыртка шығару керек (3-4 рет). Баяу ырғақпен.
8. Аударылып оң жак қапталға, одан соң сол жақ қапталға (3-4 рет). Әр қапталға аударғанда дем ачу.
9. Демалыс (2-3 минут). Денені босаңсытып ұстау.
10. Аяқты тізеден бүгіп, екі жаққа алшақтатып, қайта қосу (4-5 рет). Бұлшықетті бос ұстау керек.
11. Қолдың ұшын иыққа, екі жаққа, төмен түсіру (3-4 рет). Еркін дем алады.
12. Аяқты тізеден бүгіп, өкшені алма-кезек көтеріп жүрген сияқты қимыл жасау (4-5 рет). Бірқалыпты, асықпай.
13. Терең дем алу (3-5 рет).
14. Аяктың басын бүгіп-жазу (3-5 рет).
Барлығы: 18-20 минут.
Қорытынды жаттығулар
1. Отырып, асықпай дем алу (3-4 рет)
2. Иықты бір мезгілде айналдыру (4-5 рет). Денені сәл түзу ұстау керек.
3. Өкшені еденге өкшеден тіреп, оңға-солға айналдыру (4-5 рет). Екі аяқпен алма-кезек.
4. Орындықтың шетіне отырып, қолды иыққа қояды. Қолды, санды екі жаққа жазып, терең дем алады. Қосқан кезде демді сыртқа шығарады (4-5 рет). Дем алуды қадағалайды.
5. Қолды мықынға тіреп, тыныс алады (3-4 рет).
6. Аяқты тізеден бүгіп, қолды санға қойып, денені алға иіп, қайтадан қалпына келу (3-4 рет). Иілгенде демді шығарып, түзегенде тыныс алу.
7. Аяқты алма-кезек бүгіп-жазу (4-5 рет). Асықпай, байыппен.
8. Қолды иыққа тіреп, шынтақты артқа-алға қозғау (3-4 рет). Демді еркін алу.
9. Аяқтың ұшын тіреп, алма-кезек өкшені көтеру (6-8 рет). Орташа ырғақпен.
10. Қолды шынтақтан бүгіп-жазу. Бүккенде қолдың басын қысып, жазғанда алақанды ашу (4-5 рет). Бұлшықетті қатайта қысады.
11. Қолды мықынға қойып, қалыпты тыныс алу (3-5 рет). Баяу жасалады.
Барлығы: 5-10 минут.
Қосымша №2
ІІ.Тақырып бойынша сұрақ-жауап -15 мин.
1. Миокард инфаркты қалай аталады?
Миокард инфаркты – кенеттен коронарлық қан айналымының миокардтың оттегіде қажеттілігін қамтамасыз өте алмауынан дамитын жүрек бұлшық етінің некрозы.
2.Жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуына не себеп болады?
Атеросклероз, егде кісілерде, қан қысымы жоғары адамдарда, қантты диабеттің, семіздіктің, бірнеше зиянды әдеттерінің (темекі шегу, дене белсенділігі төмен адамдарда т.б.) болуы, және тұқымқуалаушылық аурулары себеп болады.
3. Миокард инфарктінің негізгі белгілері қандай?
Ауру көбінесе оң немесе сол колға, кейде сол жақ жауырынға зардабын тигізеді, жүрек тұсы қатты ауырады да ұстама басталады. Жүрек бұлшық етін қанмен жабдықтау бұзылғандықтан, тері бозарып кетеді, суық тер шығады, адам қатты ентігеді.
4. Аурудың алдын алу шаралары туралы не білесіз?
Салауатты өмір салтын ұстау: (дене шынықтыру, таза ауада серуендеу, жаяу жүру, жүзумен шұғылдану, ) күнделікті дұрыс тамақтану: майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол ( бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану, көкөніс пен жеміс - жидектерді барынша мол қолдану, темекі шегуден және арақ-шарап ішуден бас тарту, қан қысымыңыз жоғары болса дәрігерге қаралу, психикалық тыныштық және физикалық күш түсіруді шектеу, кофе ішуді шектеу, егер сіз осы аурумен ауырсаңыз диспансерлік бақылауға міндетті түрде тіркеліңіз ол жерде сіз жылына екі рет дәрігерге қаралып тұрасыз.
Қосымша №3
ІІІ.Дискуссия
1.Ауыр көтеру жүрек ауруына шалдықтырады ма?
2.Аурудан емделудің негізгі кезеңдері мен режимі жайлы ауру адам және оның төңірегіндегілер не білгені жөн?
Қосымша №4
ІV.Материал түсініктілігін тексеру
1.Жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының алдын алу жолдары? А) Қан құю.
В) Дәрігердің тексеруінен өту.
C) Салауатты өмір салтын ұстану.
Д) вакцинация жасау.
2.Миокард инфаркты қандай ауру?
А) Қан қысымының көтерілуі.
В )Жүрек бұлшықетінің жансыздануы.
С) Тамырлардың зақымдануы.
Д) дене белсендігінің төмендеуі.
3. Миокард инфаркты белгісіне тән?
А) оң жақ қабырға астының ауырсынуы
В) шөлдеу
С) төс арты аймағының ауырсынуы
Д) бұлшықеттердің ауырсынуы.
4.Миокард инфарктымен пациентке алғашқы күндері тағайындалады?
А)қатаң төсектік
В)жартылай төсектік
С) амбулаторлық
Д) белсенді
5.Миокард инфарктының негізгі белгілеріне жатады?
А) жүрек айну
В) бастың айналуы
С) кофе тұнбасы тәрізді құсық
Д) Төс артының күйдіріп ауырсынуы
6. Миокард инфарктымен пациентті тасымалдау түрі?
А) кресло-қол арбамен
В) зембілмен
С) өз бетімен жүру
Д) көтеріп апару
7.Миокард инфаркты кезінде тағайындалатын диета?
А) 5
В) 7
С) 10
Д) 15
8. Жүрек ауруларында ісік пайда болады?
А) таңертең бетінде
В) таңертең аяқтарында
С) кешке аяқтарында
Д) кешке бетінде
9. Миокард инфаркты кезінде пациентке емшара жүргізіледі?
А) аурудың алғашқы сатысында
В) аурудың 2 тәулігінде
С) аурудың 3 тәулігінде
Д) аурудың 4 тәулігінде
10.Миокард инфарктының қауіп факторына жатады? А) салқын тию
В) вакцинация салдырмау
С) дұрыс тамақтанбау
Д) жеке бас тазалығын сақтамау.
Дұрыс жауаптары: 1)С 2)В 3)С 4)А 5)Д 6)А 7)С 8)С 9)А 10)С
