Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
денсаулық мектебі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.02 Кб
Скачать

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

Денсаулық мектебі

«Миокард инфаркты»

Орындаған: Әбдразақ Әйгерім

2016-2017 жыл

Сабақ беру технологиясы

І.Тақырып бойынша ақпарат беру -20 мин.

(Қосымша №1)

1.Миокард инфаркты қауіп факторы, белгілері, алдын алу шаралары.

2.Миокард инфаркты кезіндегі жедел көмек.

2.Тамақтану ерекшелігі 3.Жаттығу түрлерімен таныстыру

ІІ.Тақырып бойынша сұрақ-жауап -15 мин.

(Қосымша №2)

1. Миокард инфаркты қалай аталады?

2.Жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуына не себеп болады?

3. Миокард инфарктінің негізгі белгілері қандай?

4. Аурудың алдын алу шаралары туралы не білесіз?

ІІІ.Дискуссия - 20 мин

(Қосымша №3)

IV.Материалды түсінгенін бақылау - 10 сұрақты тест

(Қосымша №4)

Пайдаланылатын көрнекілік құралдары: жаднама, санбюллетень

V.Үйге тапсырма.

Қосымша №1

І.Тақырып бойынша ақпарат беру -20 мин.

1.Миокард инфаркты туралы

Миокард инфаркты – кенеттен коронарлық қан айналымының миокардтың оттегіде қажеттілігін қамтамасыз өте алмауынан дамитын жүрек бұлшық етінің некрозы. Миокард инфаркты – кең тараған ауру, кенеттен болатын өлімнің ең жиі себебі.

Миокард инфарктына алып келетін жағдайлар:95% жағдайларда коронарлық артерияларының атеросклероз және ер адамдарда, егде кісілерде, қан қысымы жоғары адамдарда, қантты диабеттің, семіздіктің, бірнеше зиянды әдеттерінің (темекі шегу, дене белсенділігі төмен адамдарда т.б.) болуы, және тұқымқуалаушылық аурулары.

Миокард инфаркт ауруының белгілері:

Ауырсыну кенет басталып, төс арты аймағы күйдіріп, қысып ауырып, сол қолға, сол жақ жауырын астына беріледі де нитроглицериннен қайтпайды, ауырсыну ұзақтығы 30 мин артық, мұздай тер басады, бетінде қорқыныш үрей болады. Ауырсыну өте күшті болғандықтан кардиогендік шок дамиды: тері жамылғылары бозарады, еріндері көгереді, аяқ-қолдары мұздайды, АҚҚ төмендеді (80/60 мм сын.бағ. төмен), пульсі жиі, ырғақты, жіп тәрізді болады. Аса ауыр жағдайларда дистанциялық сырылдардың қосылуымен демікпе пайда болады (өкпе ісінуінің даму мүмкіндігі).

Алдын алу шаралары:

Салауатты өмір салтын ұстаңыз: (дене шынықтыру, таза ауада серуендеу, жаяу жүру, жүзумен шұғылдану, ) күнделікті дұрыс тамақтаныңыз: майлы тамақтардан бас тартыңыз, тұзды пайдалану мөлшерін азайтыңыз - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол ( бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану, көкөніс пен жеміс - жидектерді барынша мол қолдану, темекі шегуден және арақ-шарап ішуден бас тартыңыз, қан қысымыңыз жоғары болса дәрігерге қаралыңыз, психикалық тыныштық және физикалық күш түсіруді шектеңіз, кофе ішуді шектеңіз, егер сіз осы аурумен ауырсаңыз диспансерлік бақылауға міндетті түрде тіркеліңіз ол жерде сіз жылына екі рет дәрігерге қаралып тұрасыз.

2.Миокард инфаркты кезіндегі жедел көмек

Миокард инфарктінің ұстамасы бар адамға алғашқы көмек көрсетудің өмірлік маңызы өте зор. Мұны жедел жәрдем келгенше жасайды.

Алғашқы және шұғыл көмек

1. Жедел жәрдем келгенше:

- науқасты денесінің жоғарғы бөлігі көтеріңкі болатындай етіп жатқызу.

- денесін қысқан киімді шешу немесе босаңсыту.

- терезені ашу.

2. Жедел жәрдем келгенше науқастың жай-күйін қадағалау:

- қан қысымын;

- жүректің соғу ырғағын;

- тыныс алуын;

- науқасқа бір таблетка аспирин және нитроглицерин беру;

-ауырсынуды жеңілдету үшін кеудеге қыша қағаз қою, аяққа жылытқыш (грелка) басу, қолды жылыту әрекеттерін жасау керек.

Нитроглицерин ішкеннен соң жүректегі ауыру 30 минут ішінде кетпесе оны қайталау. Сондай-ақ тыныштандырғыш дәрілерді – валерьянканы немесе корвалолды ішкізу. Жүрек кенеттен тоқтаса – жасанды тыныс алумен қатар жүректің жанама массажын жасау. Бар уақытта науқастың жанында болу, оны жұбату, аласұрмау. Өйткені миокард инфаркті бар науқас өлім қорқынышын бойдан кешіреді.