Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SYLLABUS.МДО бейнелеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.77 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

«Бекітемін»

Оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректор

____________Искакова Б.Д.

«____»___________20___ ж.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйретудің теориясы мен әдістемесі

пәні бойынша

5В010100 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығына арналған

Арқалық, 2016

Құрастырушы: аға оқытушы Бәйкен Бақытгүл Егінбайқызы

ОӘК аңдатпасы

Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйретудің теориясы

мен әдістемесі балаларға эстетикалық тәрбие беруді шығармашылық тәжірибемен балалардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруды көркемдік шығармашылықтарын дамытуды көздейді. Студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету.

МЖДБ бейнелеу өнерін үйретудің теориясы мен әдістемесі пәнінен оқу - әдістемелік кешен. Педагогика және филология факультетінің 5В010100 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығының студенттеріне арналған.

-АрқМПИ баспасы, 69 бет.

Құрастырушылар: Бәйкен Бақытгүл Егінбайқызы

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы

Мамандығы : 5В010200 –“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”

  

Оқу нысаны: күндізгі, сырттай

Кафедра мәжілісінде ұсынылды: 20____ ж. «____» ______ № ____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., доцент А.Е.Дүйсебекова

Факультеттің ҒӘК отырысында мақұлданды: 20____ ж. «____» ______ № ____ хаттама.

ҒӘК төрайымы М.С.Оскина

Келісілді:

Педагогика және филология

факультетінің деканы ф.ғ.к. А.К.Қалиев

Институттың ҒӘК отырысында мақұлданды: 20____ ж. «____» ______ № ____ хаттама.

ОӘБ бастығы А.С.Антаева

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Міндетті компонент пәндері үшін

Үлгілік оқу бағдарламасы

Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің теориясы мен әдістемесі пәні бойынша

5В010100 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығына арналған

Алғы сөз

1. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы 5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша жасалған және ұсынылған.

Типтік оқу бағдарламасын құрастырушы: аға оқытушы Бәйкен Б.Е

2. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен БЕКІТІЛГЕН және ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

Хаттама № __ ___________ ___________________ 2016ж

3. Таңдау бойынша компоненттің типтік оқу бағдарламасы 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы үшін типтік оқу жоспары және мамандықтың жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған.

4. Бағдарламаны баспаға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған.

Факультет ОӘК төрайымы М.С.Оскина

Хаттама № __ ___________ ___________________ 2016ж

«Келісілді»

Факультет деканы

________ Қалиев А.К

(қолы) (А.Т.Ә)

«____» _____ 2016 ж.

ТҮСІНІКТЕМЕ

Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйретудің теориясы

мен әдістемесі балаларға эстетикалық тәрбие беруді шығармашылық тәжірбиемен балалардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруды көркемдік шығармашылықтарын дамытуды көздейді. Студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйретудің маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйретудің теориясы

мен әдістемесі балаларға жұмысқа деген дағды мен шеберлікті қалыптастыра отырып, сурет салу, жабыстыру аппликация сабақтарында пайдаланылатын сан алуан материалдар жөнінде түсінікті кеңейту, олармен жұмыс істеудің тәсілін білу болып табылады.

Бала шығармашылығын қалыптастыруды олардың айналасындағы дүние жөніндегі түсініктерін, тану қабілетін дамытпай тұрып іске асыру мүмкін емес. Бұл жөнінде барлық топтардың тәрбиешілері қамқорлық жасауы керек. Сурет салу, жабыстыру, аппликация сабақтары өзара және сабақтарды тәрбие жұмыстарының басқа да жұмыстарымен тығыз байланысты. Сабақтың қоғамдық өмірдегі бағыттағы тақырыптарына ерекше көңіл бөледі.

Сөз болған сабақтарда болсын, жоспарлар мен конспектілерде болсын еліміздің қоғамдық өміріндегі құрылыс істері, космос корабльдерінің ұшуы, сенбілікке қатысу және тағы басқа көптеген құбылыстарды көрсетуге мүмкіндік тудыратын балалар жұмысының тақырыптары ұсынылады.

МЖДБ бейнелеу өнерін үйретудің теориясы мен әдістемесі курсының мақсаты – Студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқытумен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету.

Пәнді оқыту міндеттері: - болашақ балалар мекемелері қызметкерлерін бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы әдістеріне үйрету;

-сурет салуда, кескіндемеде, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын пайдалану дағдыларын мен біліктерін қалыптастыру;

- көрнекі құралдар дидактикалық материалдар жасау оларды сабақта қолдануға үйрету;

- педагогикалық және әдістемелік әрекеттерге дайындау;

Ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше терең оқып, керекті тәжірибелер мен көрнекі құралдарды таңдап, тексеріп көрген соң семинарлық сабақтарда студенттер өз топтары алдында берілген тақырып бойынша баяндамалар жасайды және іскерлік сабақтарын өткізеді. Мұндай баяндамаларды талқылау кезінде сапасына, презентация жасау шеберлігіне, жаңа технологияны қолдана білуіне көңіл бөлу керек. Студенттердің сөзінде олардың тақырып мазмұнын ғылыми дәлелдеуге, оның мәнін ашудың әдістемелік нұсқауларына шығармашылық түрде сын көзбен қарауға ұмтылу әрекеттерінің байқалуы өте маңызды.

Курсты оқыту барысында оқытудың лекциялық және практикалық сабақ түрлері пайдаланылады.

Студент:

ЖОО мен мектепке дейінгі мекемелерде Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйретудің теориясы мен әдістемесін жетілдіруді; оқу үрдісінде жаңа технологияны қолдануды; педагогикалық атуларды қолдануды (дидактика, оның функциясы мен принциптері, педагогикалық парадигма, рефлекция, интерактивті қарым-қатынас, вербальды және вербальды емес қатынас жолдары; оқу үрдісіндегі білімнің мазмұнын айқындаудың әдіснамасын анықтауды және оны жүзеге асырудың механизмін ескере отырып сабақ жоспарын жасай білу; оның әдістері мен формаларын меңгеру; бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алуды меңгеруі болып табылады.

  • қазіргі заманғы оқыту технологиясын пайдалана отырып, білімін

жетілдіруге; жеке басының жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыруға, ақпараттарды жинау мен оларды өңдеу мен сақтау үлгісіне ие болуға.

  • әлеуметтік-тұрмыстық және ғылыми қарым-қатынаста қазақ, орыс және

шет тілдердің бірін білуге; басқа тілді ортада кәсіптік қызметті жүргізумен оқытуды жалғастыру.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Бейнелеу өнері пәні туралы түсінік. Бейнелеу өнері пәні педагогикалық ғылым ретінде. Объект, зат, курс тапсырмалары. Курсты оқыту әдістемелері. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы. Бейнелеу өнерінің қоғамдағы ролі,пайда болуы мен дамуы. Өнердегі көркемдік бейнелер. Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Графика. Живопись. Жанды бейне. Мүсін. Сәулет өнері. Бейнелеу өнерінің жанрлары. Сәндік қолданбалы өнер. Тоқыма өнері. Ою-өрнек және оның түрлері. Қолөнер түрлері. Ағаш өңдеу. Бейнелеу қабілетінің даму түрлері. Бейнелеу өнеріндегі қабілеттілік ұғымының анықтамасы. Бейнелеу қабілетінің дамуы түрлері. Бейнелеуге дейінгі қабілеттің дамуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылық негіздері. Балалардың даму шығармашылығының өзіндік ерекшелігі. Бейнелеу өнерінің шығармашылығы. Балалардың шығармашылығын дамыту мен басшылық жасау әдістері. Шетел және отандық бейнелеу өнерінің даму сатылары. Ежелгі Египет және Рим өнері. Қайта өрлеу дәуірінің өнері. Ежелгі Египеттің өнері. Ежелгі Грецияның өнері. Ежелгі Римнің өнері. Қайта өрлеу дәуірінің өнері.Орыс бейнелеу өнері. XIX-XX ғасырдағы белгілі орыс суретшілері. Ресей сәулет ескерткіші. Орыс халқының көркем кәсіп өнері. Қазақ бейнелеу өнері. Қазақ бейнелеу өнері. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері. Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру. Балаларды өнермен таныстырудың түрлері, әдістері мен тәсілдері. Балаларды өнермен таныстыру тәсілдері. Тәрбиешінің балаларды картинамен таныстыруы. Сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру тәсілдері. Балабақшаны безендіруге қойылатын эстетикалық талаптар. Балабақшаны безендіруге қойылатын талаптар. Түстерді ажырата алу түсініктерін қалыптастыру. Сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау жөніндегі білім, іскерліктер мен дағдылар. Мүсін жасау техникасы. Сурет салу техникасы. Жапсырмалауға үйрету тәсілдері. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы. 2-3 жастағы баланы сурет салуға үйрету. Балаларды бейнелеуге бейімдеу, дағдыларын қалыптастыру. Балабақшада сабақтар ұйымдастыру және өткізу. Түрлі топтағы сабақты ұйымдастыру. Сабақты дайындау. Кезекшілікті ұйымдастыру. Сабақты ұйымдастыру.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Курстың мақсаты мен міндеті. Пән обьектісі,міндеттері. Курсты оқыту әдістері. Кескіндеме түрлері мен жанрлары. Кескіндеме. Кескіндеме түрлері. Кескіндеме техникасы. Станокты, сәндік кескіндеменің жанрлары. Графика. Мүсін. Графика түрлері. Мүсіннің техникасы мен материалдары. Шетел бейнелеу өнерінің даму кезеңдері. Ежелгі Египет және Рим империясының өнері. Қайта өрлеу дәуірінің өнері. Белгілі орыс суретшілерінің шығармашылығы. Орыс бейнелеу өнері. Сәулеттік ескерткіштер,портреттік кескіндеме. Қазақ халқының сәндік өнері. Қазақтың халықтық дәстүрлі қолөнері.Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері. Сәндік -қолданбалы өнер материалдары(ағаш, темір, жүн, сазбалшық, сүйек, әйнек,т.б).Қазақстандағы ежелгі ескерткіштер. Қазақстанның мүсін ескерткіштері. Бабаджа-Қатын, Ахмет Яссауи, Айша-Биби мазарлары мен Отырар қаласы. Қазақстандағы сәулет өнері. Бейнелеу іс - әрекеті әдістемесі дамуынан қысқаша шолу. Әдістеменің дамуындағы негізі бағыттар. Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеялары. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту. Бейнелеу өнеріндегі қабілеттілік ұғымының анықтамасы. Бейнелеу іс-әрекетіндегі шығармашылық. Балалардың шығармашылығын дамыту мен басшылық жасау әдістері. Шығармашылық іс-әрекеттің мотивтері. Балалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау көрсеткіштері. Қазақстандағы эстетикалық тәрбие берудегі қазіргі бағдарламалардың сипаттары және оның ғылыми негіздері –балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу,

Бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру. Материалдар мен құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық және эстетикалық талаптар. Бейнелеу іс-әрекетіне үйретудегі көрнекілік әдістері. Заттарды зерттеуге үйрету тәсілі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуындағы сурет салудың алатын орны. Балабақшадағы сурет салу түрлері. Заттарды бейнелеуге үйретудің мазмұны мен міндеттері. Сурет салу техникасына үйрету. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын дамытудағы бейнелеу өнерінің маңызы. Балабақшаны безендіруде, сабақтар өткізуде, көрмелер мен топ серуендер ұйымдастыруда бейнелеу өнерін пайдалану. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына қарап бейнелеу өнері шығармаларын (кескіндеме, мүсін, халық өнері) таңдауға қойылатын талаптар. Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйрету. Балалардың эстетикалық тәрбиесіндегі мүсіндеудің рөлі. Затты мүсіндеу. Әр түрлі жас топтарында сәндік мүсіндеуге үйретудің мазмұны мен міндеттері. Жазықтықта басыңқы және шығыңқы бейнеленген заттарды сәндік безендіру. Әр түрлі жас топтарындағы мүсіндеуге үйрету әдістемесі. Сенсориканы дамытуға арналған дидактикалық ойындар. Әр түрлі жас топтарында жапсырмалауға үйрету. Жапсырмалаудың өзіндік ерекшелігі мен эстетикалық маңызы. Әр түрлі жас топтарында жапсырмалау сабақтарының мазмұны мен формалары. Жапсыру техникасын меңгерту. Кесу және жапсыру тәсілдерін көрсетуге қойылатын талаптар. Жапсырмалау сабақтарында қолданылатын әдістемелік тәсілдер. Жапсырмалау сабақтарында балалардың шығармашылығын дамыту.

Балаларды құрастыру мен көркем еңбекке үйрету. Құрастырудың өзіндік ерекшелігі.Құрастыру іс-әрекеті арқылы балалардың эстетикалық даму мүмкіндіктері. Тұрмыстық және табиғи материалдарды қолдану арқылы құрастыру. Құрастыру сабақтарының мазмұны, міндеттері және әдістері. Кіші сәбилер тобындағы құрастыру іс- әрекетінің өзіндік ерекшеліктері, оның ойындық сипаты. Естияр және ересек топтардағы құрастыру сабақтарының әр түрлі типтері

Мектепке дейінгі ұйымда балалардың бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру. Бейнелеу іс-әрекеті жұмыстарын жоспарлау. Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдарымен үйрету, дамыту. Балабақшада бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері. Бейнелеу іс-әрекеті жұмыстарын жоспарлаудың негізгі принциптері. Жоспарлаудың мазмұны. Жоспарлаудың мектепке дейінгі ұйымның білімділік- тәрбиелік жұмыс мазмұнымен байланыстылығы

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1. XIX ғасырдағы белгілі орыс суретшілерінің шығармашылығы

2. Халық сәндік қолөнері

3. Қазақстан кескіндемесі

4. Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеялары

5. Балалар кітаптарының суретші – иллюстрациялары

6. Кескіндеме және оның түрлеріне сипаттама

7. Мүсін өнері және оның түрлеріне сипаттама

8. Сәндік-қолданбалы өнер және оның түрлеріне сипаттама

9. Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және олардың мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы

10. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту

11. Бейнелеу іс-әрекеттері жұмыстарын жоспарлаудың негізгі принциптері

12. Балабақшада сурет салудың түрлері мен үйретудің кезендері

13. Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету және онын ерекшеліктері

14. Екінші кішкентайлар тобында сурет салу ерекшеліктері

15. Естиярлар тобында сурет салу ерекшеліктері

ОСӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту

  2. Кескіндеме және оның түрлеріне сипаттама

  3. Мүсін өнері және оның түрлеріне сипаттама

  4. Сәндік-қолданбалы өнер және оның түрлеріне сипаттама

  5. Сәулет өнері және оның түрлеріне сипаттама

  6. Балалар кітаптарының суретші – иллюстрациялары

  7. Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және олардың мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы

  8. Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері

  9. Студенттерді сабақ өткізу әдістемесімен таныстыру

  10. Балабақшада сурет салудың түрлері мен үйренудің кезеңдері

  11. Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету және оның ерекшеліктері

  12. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру

  13. Бейнелеу іс-әрекеті жұмыстарын жоспарлаудың негізгі принциптері

  14. Әр түрлі жас топтарындағы жапсырмалау сабақтарының мазмұны

  15. Қазақстанның ежелгі сәулет өнерінің ерекшеліктері

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сакулина Н.П. және Комарова Т.С. Балалар бақшасындағы бейнелеу жұмысы. Оку құралы. А.Д.1978

2. ХалезоваН.Б. т.б. Балалар бақшасының пішіндеу жұмыстары. Құрал. А., 1987

3.Богатеева З.А. Мотивы народных орнаментов в детских аппликациях. М., 1986

4. Венгер Л.А., Пилюгина Э.Г., Венгер Н.Б. Воспитание сенсорной культуры ребенка. М.. 1988

5. Григорьева Г.Г. Развитие дошкольника в изобразительной деятельности. М.. 2000

6. Гусакова М. А. Аппликация. М., 1988

7. Конышева Н.М. Лепка в начальных классах. М., 1980

8. Сергеева Д.В. Взаимосвязь заниятий по конструированию и ручному труду // Нравстенное-трудовое воспитание в детском саду / под.ред. Р.С.Буре. М., 1987

9. Сергеева Д.В. Воспитание ребенка дошкольника в процессе трудовой деятельности. М., 1987

10.Халезова Н.Б., Курочкина Н.А., Пантюхина Г.Г. Лепка в детском саду. М. 1986

11. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Қ.Болатбаев, Ұ. Ибрагимов, Алматы – 2000ж.

12. Қазақ қолөнері . Қ. Әмірғазин , Алматы – 2004 ж.

13. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. М. Ш. Өмірбекова, Алматы –2003ж.

14.Қолөнер материалын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері. Алматы – 2008 ж.

15.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.М.М.Мұқашев,А.Сейтімов,Н.Хамзин,Астана- 2008

16. Методика преподавания изобразительное искусства в школе. Ростовцев Н.Н.

17. Жас суретшіге көмек. Қ.Сарбағысов ,Ә.Төлебаев. А.,2000

18. Қазақстан тарихы очерктері.К.Н.Нұрпейісов.-Алматы, 1994.

19.Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. Б.Әлмұхамбетов,Ж.Балкенов.-А.,1996.

20. Өнер.Қ.Болатбаев,Е.Қосбармақов,А.Еркебай.-Алматы:Мектеп,2006.

21. Педагогика. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.- А., 1987

22. Қолөнер материалын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері.К.Жұмахан ,А.,2008.

23. Коллаж. О.Крылова,-А.,1993.

24. Ежелгі дүние өнері. Л.Любимов.-А.,1980.

25. Батыс Европа өнері. Л.Любимов.-А.,1982.

26. Қазақтың ұлттық киімдері.- А., 1976.

27. Халықтық педагогиканы бейнелеу пәнінде қолдану. Болатбаев Қ,А., 1995.

28. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Әбдіғапарова Ұ. А., «Өнер», 1999

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]