Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Срс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

8. Әдебиет.

Негізгі:

1.

Қосымша

1. Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.

2. Интернет желісі.

9. Бақылау.

Өлшеулер. Медицинадағы өлшеулер түрлері.

Қателіктер түрі және оларды есептеу.

Құралдардың дәлдік класы.

Абсолюттік және салыстырмалық қателіктер.

Медицинадағы физикалық өлшеулердің түрлері мен параметрлері.

Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу (құралдық қателіктер).

1.Тақырып: №11 «Биологиялық ұлпалар мен дыбыстың өзара әрекеттесуінің физикалық негіздері».

2. Мақсаты: Медика- биологиялық және кәсіптік пәндерді оқып-үйренуде теориялық негізді қамтамасыз ету. Теорияның практикамен біржақты байланысын қалыптастыру мақсатында медициналық анықтамалар мен терминологияларды қолдану. Клиникалық тәжірибеде кең түрде қолданылатын техникалық құрал-жабдықтарды терең оқып-үйренуде студенттердің қызығушылығын, түрлі техникалық құралдармен және аппараттармен жұмыс жасай білуді қалыптастыру.

3.Тапсырмалар:

Тапсырма №1. Оқытушы ұсынған формаға сәйкес дайындалады (п.4 қараңыз).

Тапсырма №2. Ауызша сұрастыруға дайындалу.

Сұрақтар:

Дыбыс- физикалық құбылыс.

Дыбыстың сипаттамалары (объективті, субъективті).

Аудиометрия.

Ультрадыбыс және инфрадыбыс, олардың көздері, тірі ағзаға әсері.

Вибрация, оның адамға әсері.

4. Орындалу формасы: реферат, ауызша сұрастыру, Power Point форматында презентация, глоссарий, тестілер құрастыру.

5. Орындалу критерийлері:

Реферат.

1. Мұқабаның сыртында белгіленеді:

- Семей қ. ММУ,

Кафедраны, каф.меңгерушісі,

Пәнді, СӨЖ тақырыбы,

Студенттің Тегін, Аты, Әкесінің аты, мамандық, топ,

Оқытушының Тегі, аты, Әкесінің аты көрсетіледі.

2. Жоспар тапсырмада көрсетілген сұрақтарды қамту керек.

3. Кіріспе бөлімінде тақырыптың тұжырымы келтіріледі: тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылығы, тақырыпты талқылаудың құрылымы,

негізгі ой- пікірге өту.

Негізгі бөлімінде студент өзінің ұсынған ой –пікірін (2-3), осы ой-пікірлерде қолданылатын негізгі түсініктердің анықтамасы, ой – пікірді қолдайтын фактілер мен мысалдарды және дәлелдемелерді, қарсы аргументтер немесе қарама-қайшы пікірлерді талқылауды (олардың әлсіздігін, ал автордың тұжырымы дұрыс болады) келтіреді.

Қорытынды бөлімінде негізгі пікірді қайталау, оны қортындылайтын аргументтерді мазмұндайтын бір не екі сөйлем, қабылданбаған пікірлердің зардаптары жөнінде жалпы ескертулер және осы тұжырымның пайдалылығы туралы жалпы қорытынды келтіру.

4. Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек.

№1 тапсырма жазбаша түрде жеке орындалады және басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

Реферат көлемі - 6-10 бет.

Power Point форматында презентация жасау.

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

Тесттер

1. Көлемі - 15-20 тесттік тапсырмалар болуы керек.

2. Бір дұрыс жауабымен көптік таңдау тесттік тапсырмалар (MCQ), бірнеше дұрыс жауаптарымен тесттік тапсырмалар (MAQ), көп жауаптарымен кеңейтілген тесттік тапсырмалар жасауы (EMAQ) керек.

3. Тапсырма нақты, анық құрастырлуы тиіс.

4. Қате ақынтама жоқ, дәлілді және нақты дұрыс жауапты (кемінде 2-3 тесттік тапсырмалар), және түсіну деңгейіне (9-11 тесттік тапсырмалар), қолдануға (2-3 тесттік тапсырмалар).

Глоссарий

1. Глоссарий көлемі - 20-25 термин болуы тиіс.

2. Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру керек.

3. Таңдалған тақырып бойынша сөздерді түсіндіру мағыздылыңын көрсету керек.

4. Терминдерді жазғанда қатаң алфавиттік тәртіпті сақтау қажет.

5. Терминдердің барлық мағыналарын жазу керек.

6. Тапсыру мерзімі: семестрдің 12-ші аптасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]