- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
Стоматологтың тәжірибесінде бет жүйкесінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықтердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады.
Бет жүйкесінің біріншілік невриті (Белл салдануы) ангина, тұмау және т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1-3 аптадан соң бұл құбылыс жоғалып кетеді. Жүйке қызметінің бұзылуы ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің салдарынан дамиды.
Клиникалық көрінісі. Беттің аталған жағында барлық бұлшықеттер қимылсыз қалады. Ерін-ұрт қатпары тегістеліп, ауыздың бұрышы төмен түскен одан сілекей ағып тұрады, беттің табиғи сайлары — әжімдер жойылған, көз саңылауы кеңіген. Бұл құбылыстар — дәм сезудің бұзылуы, көзден үнемі жастың ағып тұруы немесе көздің құрғауы. Кейде парезден бұрын ауыру сезімі болады. Ол көбіне сезімталдықтың жойылуымен ұштасады.
Емі. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуте бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатын (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихолинэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл-0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20-30 инъекция және биогенді стимуляторлар белгіленеді.
Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5-6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилат-тар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, ем-дік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.
Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында хирургиялық ем қолданылады. Ол бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіруге және босаңсыған тіндерді статикалық және кинетикалық ұстатуға бағытталады. Зақымданған бұлшықеттерді коллатеральды қанмен қамтамасыз ету үшін зақымданған жүйке ұштарын басқа жүйкемен біріктіріп тігеді (мысалы, қосымша, диафрагмальды немесе тіласты), жүйке-бұлшықеттік пластика, яғни кез келген жүйкені салданған бұлшықетке тігеді және сау бұлшықетті салданған бұлшықетке тігеді.
Қазіргі кезде М. Э. Ягизаров бойынша ымдау бұлшықеттердің салдан-уы кезінде босаңсыған жұмсақ тіндерді жақ бұтағының тәжді өсіндісіне кинетикалық іліп қою әдісі және бұлшықеттік пластика қолданады. Бұлшықет пластикасында шайнау бұлшықетін төменгі жаққа бекіген жерінен ажыратып, аяқша тәрізді етіп ауыздың босаңсыған бұрышына тігеді немесе барлық шайнау бұлшықеттерін бекіген жерінен кесіп алып ауыз бұрышы аймағына орын ауыстырады (П. В. Наумов).
Ауыз бұрышының миопластикасы үшін төс-бұғана-емізікше және самай бұлшықеттерін қолданады.
Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін жоғарғы және төменгі қабақтың латеральды бөліктері тігіледі. Сонымен бірге склероблефарорафия отасы жасалады (М. Э. Ягизаров).
Тұжырым: Қазіргі кездегі көзқарас бойынша үшкүл жүйке жүйесінің
невралгиясы көпэтиологиялық болып есептеледі. Көптеген ғалымдар этиологиялық факторлардың көбісін жүйке шығатын сүйек көзінің тарылуынан деп есептейді, Өйткені үшкүл жүйкенің екінші тармағында кездесетін невралгия ауруларының ішінде 31% көзасты тесігінің тарылуынан пайда болған, ал үшкүл жүйкенің үшінші тармағының невралгиясында 0,25% төменгі жақ өзегінің тарылуы-стенозы байқалған. Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілі бір тригерлік немесе алгогендік деп аталатын аймақты қоздырғанда пайда болады. Бұл аймақты «шүріппе аймағы» деп те атайды. Олар бет, терісінде, ауыз қуысының кілегей қабығында, тіптен тістерде де орналасуы ықтимал. Бұл нүктелерді сәл ғана сипаса, тіптен аздап жел тисе болғаны ауру ұстамасы басталып кетеді. Сол себептен ұстама кезінде бұл науқастар сөйлей алмай, ауру қоздыратын нүктені тек саусақпен нұсқап көрсетеді. Үшкүл жүйкенің II, III тармақтары қосылып ауыруы мүмкін, ал I тар-мағы бөлек ауырады. Бірінші тармақ невралгиясының нақтамасын-диаг-нозын қойғанда өте мұқият болу керек. Өйткені онда фронтит, тромбоз, жергілікті қабыну процесстерінің белгілері болуы мүмкін. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуте бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатын (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихолинэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл-0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20-30 инъекция және биогенді стимуляторлар белгіленеді.
Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5-6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилат-тар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, ем-дік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.
Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:
1. Бет-жақ аймағында кездесетін ......... нейро-стоматологиялық аурулар деп атайды.
А) жүйке жүйесі ауруларын
Б) бас ауруларын
В) желке ауруларын
Г) жамбас ауруларын
Д) самай ауруларын
2. жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін медицина ғылымының саласын
.................. деп атайды.
А) нейростоматология
Б) психология
В) психиатария
Г) гематология
Д) урология
3. Жүйке жүйелері ауруларынан пайда болатын беттің ауыруын.........
деп атайды.
А) прозопалгия
Б) соматоалгия
В) симпатоалгия
Г) нейростоматология
Д) паразитология
4. В.Е.Гречко (1990) барлық нейростоматологиялық аурулармен
белгілерді-синдромдарды, физиологиялық принципті негіз ете отырып
...... бөледі.
А) 6 топқа
Б) 5 топқа
В) 4 топқа
Г) 3 топқа
Д) 7 топқа
5. көзқарас бойынша үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы ........ болып
есептеледі.
А) көпэтиологиялық
Б) бір этиологиялық
В) этиологиялық жағдайларға жатпайды
Г) зат алмасудың күшеюі
Д) зат алмасудың азаюы
6. Үшкүл жүйке жүйесі невралогиясының негізі..... бұзылуынан болады.
А) афференттік, анималдық, вегетативтік жүйке тіндерінің
Б) шеткі, артқы, жанама жүйке тіндерінің
В) вегетативтік, орталық жүйке тіндерінің
Г) анималдық, шеткі, алдыңғы, орталық жүйке тіндерінің
Д) афференттік, орталық, жанама жүйке тіндерінің
7. В. А. Карлов (1991 ж.) жүйке жүйесінің невралгиясын компрессия-
лы ....... деп атайды.
А) радикулоневропатия
Б) гепатология
В) этиологиялық жағдайларға жатпайды
Г) шеткі, артқы, жанама жүйке тіндерінің
Д) афференттік, анималдық, вегетативтік жүйке тіндерінің
8. невралгияны келесі ....... топтарға бөледі:
А) эссенциалды, идиопатиялы, таға тәрізді, әдеттегі және симптома-
тикалық.;
Б) таға тәрізді, еңбекке жарамсыз, әдеттегі
В) симптоматикалық, ауыру сезімі айтарлықтай емес, таға тәрізді
Г) идиопатиялық, еңбекке жарамсыз, ауыру сезімі айтарлықтай емес
Д) эссенциалды, таға тәрізді, әдеттегі
9. В.Е.Гречко үшкүл жүйе жүйесінің невралгиясын ....... топқа бөледі:
А) негізгі екі
Б) негізгі үш
В) негізгі төрт
Г) негізгі бес
Д) негізгі жеті
10. В.Е.Гречко үшкүл жүйе жүйесінің невралгиясын ...... топқа бөледі
А) себебі орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия
Б) себебі алдыңғы және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия
В) себебі артқы және орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия
Г) себебі жанама және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия
Д) себебі жанасқан, орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия
11. Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілері......... деп аталатын
аймақты қоздырғанда пайда болады.
А) бір тригерлік немесе алгогендік
Б) Павлов нүктесінде
В) Пирогов нүктесінде
Г) Сағатбаев нүктесінде
Д) Төлеуов нүктесінде
12. .................. шүріппе аймағын қоздырғанда пайда болады.
А) ұстамалы ауыру белгілері
Б) созылмалы ауыру белгілері
В) өткір ауыру белгілері
Г) жанама ауыру белгілері
Д) доңғалақ ауыру белгілері
13. Науқас ұстама кезінде үрейлі қорқыныш сезімімен ........ қалады.
А) бір орнында жылжымай тұрып
Б) есінен таңып
В) жылжи береді
Г) арылы-берілі
Д) екпеттеп және шалқасынан жатаып алады
14. Одонтогендік невралгияның ......... сезімі болып табылады.
А) негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру
Б) негізгі клиникалық белгісі өткір, жанама
В) негізгі клиникалық белгісі жедел, созылмалы
Г) негізгі клиникалық белгісі жеделдеу, жайылмалы
Д) негізгі клиникалық белгісі жасырын, созылмалы
15. Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылу себептері .......
болып табылады.
А) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)
Б) негізгі белгісі сыну, жақтың қарысуы (тризм)
В) негізгі белгісі жақ денесінің бойымен
Г) негізгі белгісі жарылу, жақтың қарысуы (тризм)
Д) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында
16. Бұл невралгия патологиялық процесстердің үшкүл жүйкенің
............... болады.
А) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда
Б) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)
В) негізгі белгісі жарылу, жақтың қарысуы (тризм)
Г) қинап, сіресіп,
Д) негізгі белгісі жақ денесінің бойымен
17. Тризм .......... белгі-синдромының бірі болып есептеледі.
А) үшкүл жүйке жүйкесінің невралгиясы қозуының, сіреспенің,
құтыру ауруларының
Б) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында
В) қинап, сіресіп,
Г) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)
Д) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда
18. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды ....... жиырылады.
А) қинап, сіресіп,
Б) гиперестезия, гипоестезия
В) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында
Г) анестезия, парестезия
Д) ауырған жағына, тәріздес
19. үшкүл жүйке тармақтарының сезімталдық қасиеті ....... болып
табылады.
А) гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес
Б) ауырған жағына, тәріздес
В) қинап, сіресіп,
Г) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда
Д) өзгеруінің негізгі белгісі
20. бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ........ тартылады.
А) ауырған жағына
Б) ауырған жағына, тәріздес
В) қинап, сіресіп,
Г) гиперестезия, гипоестезия
Д) анестезия, парестезия
21. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы ..... т.б. белгілер
пайда болады.
А) 2/3 бөлігі бұзылып, көзден жас ағады
Б) көзден жас ағады, ¼ бөлігі қосылған
В) 2/5 бөлігіне кемейген, мұрыннан қан ағады
Г) мұрыннан қан ағады, құлақ ауырады
Д) құлақ ауырады, көз көрмейді
22. Барлық жағдайда мимикалық еттер жұмысының....болып табылады.
А) өзгеруі негізгі белгі
Б) тегістеліп
В) ауыз бұрышы төмен түсіп
Г) сілекей ағып
Д) ангина, тұмау
23. Бұл жағдайда бет қатпарлары .......... қиындайды.
А) тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу
Б) ангина, тұмау
В) көзден жас ағады, ¼ бөлігі қосылған
Г) мұрыннан қан ағады, құлақ ауырады
Д) 2/5 бөлігіне кемейген, мұрыннан қан ағады
24. Бет жүйкесінің біріншілік невриті (Белл салдануы)........ нәтижесінде
пайда болады.
А) ангина, тұмау және т. б. аурулардың
Б) буындардың, желке
В) іш, иық және т. б. аурулардың
Г) жамбас және т. б. аурулардың
Д) көкірек және т. б. аурулардың
25.Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында ........ ем
қолданылады.
А) хирургиялық
Б) физиоем
В) элетрофорез
Г) физикалық
Д) химиялық
26. Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін ............. латеральды
бөліктері тігіледі.
А) жоғарғы және төменгі қабақтың
Б) көз асты және төменгі қабақтың
В) көз үсті және төменгі қабақтың
Г) көз асты және жоғарғы қабақтың
Д) көз үсті және жоғарғы қабақтың
27. Ауыз бұрышының миопластикасы үшін ............ бұлшықеттерін
қолданады.
А) төс-бұғана-емізікше және самай
Б) қарын, жақ асты
В) мойын, сорушы
Г) құлақ маңы, шайнау
Д) қосқарыншалы, иық
28. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын ......... емдеуте
бағытталады.
А) негізгі ауруды
Б) физикалық
В) химиялық
Г) элетрофорез
Д) хирургиялық
29. Жүйке қызметінің бұзылуы ......... салдарынан дамиды.
А) ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің
Б) бас сүйегінің шіруі
В) қарақұс сүйегінің қабынуы
Г) көз алмасының қанталауы
Д) мұрыннан қан кету
30. Алдымен невритке себеп болған ........ емдеу қажет.
А) жалпы ауруды
Б) қабынуға қарсы
В) шіруге қарсы
Г) сіріспеге қарсы
Д) қарысуға қарсы
