- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Инесіз жансыздандыру жасау
Инесіз дәрі құю аспабын-иньектор қолданғанда дәрі кілегей қабықтан өтіп барып сүйек қабығына сіңеді. Сүйектен өте алмаса да ерітінді оның майда тесіктері арқылы қан тамыры арқылы жүйкелер өрімдеріне жетеді.
Инесіз жансыздандыру қажеттілігі ішке сіңу жансыздандыруының инемен дәрі енгізгендей қолданады:
1. Жоғарғы жақтың тістері мен төменгі жақтың бір түбірлі тістерін жұлу; 2.Тіс ұяшығы өсіндісі мен жақ сүйектеріндегі оталар (цистотомия, цистэктомия, түбір ұшын кесу); 3. Периостотомия; 4. Қатерсіз ісіктерді алу; 5; Жараны алғаш хирургиялық өңдеу; 6. Тіс ұяшығы қабынған- альвеолитте ұяшықты қырып тазалау-кюретаж.
Жұмсақ тінде, тіс пен тіс ұяшығы өсіндісінде толыққанды жансыздандыру ішке сіңу жансыздандыруын қолданғанда ғана болады. Жоғарғы жақта күрек тіс пен таңдай тесіктері тұсынан өткізгіш жансыздандыру жасаған дұрыс.
Төменгі жақтың тістері мен тіс ұяшығы өсіндісі 5/5 тістер аралығында ғана толық жансызданады. Азу тістері үшін қосымша жансыздандыру қажет. Ол үшін инесіз дәрі құю аспабымен жасалатын жерді жансыздандырып, мандибуляр жансыздандыру жасайды, ұрт жүйкесі инесіз дәрі құю аспабымен жансызданады.
Жалпы ереже: дәрі құю аспап ұшын кілегей қабыққа тигізіп перпендикуляр ұстайды. Шамамен тіс түбірінің тұсына 0,2 мл-дей, 1- 2 мл/г дәрі ауыз кіреберісінен, одан соң 1-2 дәрі таңдай немесе тіл жағынан жасалады. Іс-қимылды бірден бастай беруте болады.
Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
Ішке сіңу жансыздандыруынан өткізгіш жансыздандырудың бірнеше артықшылығы бар (С. Н. Вайсблат). Олар:
1. Инені бір шаншығанның өзінде-ақ көп аймақты жансыздандырады.
2. Жұмсалатын жансыздандыратын дәрі-анестетик мөлшері аз.
3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине індет- инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды.
4. Қабынған сүйек қабығынан ішке сіңу жансыздандыруы жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш жансыздандыруда бұл кемшіліктер жоқ.
5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық жансыздандыруға мүмкіндік туады.
6. Бірнеше тісті қатарынан жұлуға болады.
7. Төменгі жақтын, азу тістерін жұлуға ыңғайлы.
8. Жансыздандыру ұзақ уақыт әсерін сақтайды.
9. Жақ сүйектеріне ота жасауға болады.
10. Тістің ұлпасы мен қатты тіндерін жақсы жансыздандырады.
11. Ота жасалатын тіннің көлемі өзгермейді, себебі жансыздандыратын дәрі-анестетик ол жерден аулақ жерге енгізіледі.
12. Жақ қарысып қалғанда өткізгіш жансыздандыруны қолдану тиімді.
13. Егде жастағы адамдарға қолдануға болады.
14. Ауыз рефлекстерінің төмендеуі хирургке ота жасауға қолайлы жағдай туғызады.
15. Сілекей бөлінуі азаяды.
16. Қан тамырларының жүйкелері де жансызданғандықтан, ота кезінде қан ағуы азаяды.
Жоғарғы жақты өткізгішті жансыздандыру.
Төмпешік-тубералды жансыздандыру.
Нысана жоғарғы жақтың төмпешігі. Онда жоғарғы тістер өрімінін, артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 8 7 6 / 6 7 8 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-тіс ұяшығы-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктеріне дейін 2,0-2,5 см-дей.
Ішкі әдіс — Ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт- тіс ұяшығы -альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине жоғарғы жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10-12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының жүйкесі жансызданады (6-сурет).
Жансыддандыру аймағы. Үш азу мен оның тұсындағы тіс ұяшығы өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, жоғарғы жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы.
Сыртқы әдіс — Науқастың басын қарсы жаққа бұрып сол қолмен шықшыт- тіс ұяшығы қырын белгілейміз. Оң жақтан ине шаншығанда сол қолдың сұқ саусағы мен бас бармақты жоғарыдан төмен қарай ұстаймыз. Мұнда сұқ саусақ қырдың иілген жеріне тіреледі. Бет сүйегі мен шықшыт- тіс ұяшығы қыры арасында үлкен бұрыш пайда болады. Жұмсақ тіндер саусақпен сүйекке қарай сығылады. Инені аталған бұрышқа шаншып, ерітінді жібере отырып жоғары, ішке, артқа қарай 2,0-2,5-дей тереңдікке бойлатады.
Сурет-29. Төмпешіктік жансыздандыру.
Сол жақтан ине шаншығанда бас бармақ шықшыт- тіс ұяшығы қырының алдында, ал сұқ саусақ шықшыт- тіс ұяшығы бұрышы мен қырдың арт жағын ұстайды.
Сурет -30. Көзасты жансыздандыру
Көзасты-инфраорбиталды жансыздандыру. Нысана- көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген сызық пен 2-ші жоғарғы кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік
сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы жоғарғы жақ пен бет сүйегінің бірігуінен пайда болған бұдырдан 0,5-0,75 см төмен алады. Өзек алға, ішке төмен қарай бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді.
Ішкі тәсіл — көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне бағытталған инені сүйекке тигенге дейін бойлатып, біраз анестетик жібереді. Енді инені әрі қарай жылжытқанда ауырмайтын болады. Ине суқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады.
Орта, алдыңғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады.
Сыртқы әдіс— Жоғарғы күрек тістердің тұсындағы тіс ұяшық-альвеола өсіндісінде қабыну кезеңі-процессі болса, сыртқы тәсілді қолдануға болады. Сұқ саусақпен көзасты тесігін белгілеп ұстап жіңішке инені сол жерден 0,5 см-дей төмен және ішке таман теріге шаншиды. Ине жоғары, арт, сырт бағытта болып, көзасты тесігіне барып кіреді.
Жансыздандыру аймағы — жоғарғы алдыңғы альвеола жүйкелері мен көзасты жүйкесінің соңғы бұтақларына дейін, күрек, сүйір тістер, тіс ұяшық-альвеолды өсінді мен кілегей қабықтың босаға тұсы, төменгі қабақ пен жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін, жансыздандыратын дәрі-анестетик тереңдеп сіңіп кеткен жағдайда орта тіс ұяшығы-альвеоляр өрімге де әсер етіп кіші шайнау тістері мен оны қоршаған тін де жансызданады.
Таңдай жансыздандыру (8-сурет). Нысана - таңдайдың үлкен тесігі, ол тіс ұяшық-альвеола өсіндісінің ішкі жағына үшінші азудың тұсында, егер үшінші азу әлі шықпаған болса, екінші азудың артына таман ішке қарай орналасады.
Тіс жоқта басқа белгілер есепке алынады. Тесік А сызығынан (қатты таңдайдың шетінен) 0,5 см-дей алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың орта сызығының ортасында деп белгілейді.Жалпы ереже. Инені ауызды мүмкіндігінше қаттырақ ашып тесік тұсынан 1 см-дей алға, ішке қарай шамалап шаншиды. Ине жоғары, артқа және сыртқа қарай бағытталады да сүйекке дейін енеді. 0,5 мл-дей жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіледі. Жансыздандыру-анестезия 3-5 мин кейін білінеді.
Жансыздандыру аймағы. Қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің кілегей қабығы сүйір, тістің тұсына дейін, аздап жұмсақ таңдай жансызданады.
Сурет -31. Таңдай жансыздандыру
Күрек тіс жансызандыру. Нысана - күрек тіс тесігі. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасындағы қызыл иек шетінен 7-8 мм-дей қашықтықта орналасқан. Тесіктің сәл алдыңғы жағында күрек тіс бүртігі бар.
Ішкі әдіс. Ауызды кере ашып инені күрек тіс бүртігіне немесе оның бір шетін ала шаншиды да сүйекке жеткенге дейін ендіреді. 0,25-0,5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 мин уақыт күтеді.
Жансыздандыру аймағы. Сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы таңдайдың кілегей қабығы.
Инені өзекке 0,5-0,75 см-дей ендіріп дәрі жібергенде жансыздандыру-анестезия толығырақ болады, себебі, мұнда жансыздандыратын дәрі-анестетик байламға-анастомозға да әсер етеді. Күрек тіс бүртігіне ине шаншудан бұрын 2-3% дикаин ерітіндісін жағамыз.
Сыртқы (мұрын іші) әдіс. Мұрын төменгі қуысы мен мұрын пердесі түбіне инемен жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіледі немесе 2-3% дикаинмен суланған тампон қойылады.
Төменгі жақтың өткізгіш жансыздандырулары.
Мандибулярлы (төменгі жақ) жансыздандыру (9-сурет).
Нысана - төменгі жақ тесігі. Ол төменгі жақ бұтасының ішкі жағында орналасып, алдыңғы ішкі жағынан кішкене томпақ — төменгі жақтың тілшесімен қалқаланған. Орташа алғанда тесік жақ бұтасының алдыңғы шетінен 15 мм, артқы шетінен 13 мм, төменгі жақ ойығынан 22 мм, төменгі жақтың астыңғы қырынан 27 мм қашықтықта орналасқан. Томпақ, иненің тесікке жетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан дәрі тесіктен жоғары жіберіледі. Жүйкенің-нервтің тесікке жетпей сүйек науасында жатуы жансыздандыратын дәрі-анестетикті тесіктен 0,75-1 см-дей биігірек жерге енгізудің сәтті болатынын дәлелдейді.
Бұл жерде орналасқан борпылдақ тін ерітіндіні өзіне жақсы сіңіреді. Ақыл тістің артқы жағында төменгі азу тіс артында үлкен және кіші үшбұрыштары жатады.
Сурет-32. Манидибулярлы жансыздандыру
(А. Е. Верлоцкий бойынша саусақсыз).
Кіші үшбұрыш самай қырының екіге бөлініп тіс ұяшық- альвеола өсіндісінің ішкі және сыртқы жағына қарай жалғасуынан пайда болады. Самай қыры мен төменгі жақ бұтасының алдыңғы шетінің арасын ретромоляр шұңқыры немесе азуарты үшбұрышы деп атайды. Төменгі жақ бұрышының ішкі жағына қанат тәрізді ішкі бұлшықеттің сіңірі келіп бекиді. Аталған ет пен төменгі жақ тармағының ішкі жағының арасы қанат-төменгі жақ кеңістігі болып табылады. Кеңістік жоғары жағынан қанат тәрізді сыртқы бұлшықетпен қоршалған. Төменгі жақ тесігін табу үшін бұл кеңістікті жақсы білу керек. Нысананы дәл анықтауда қанат-жақ қатпарының маңызы зор. Қатпар берік шандыр бұлшық еттің шелді қабығы-фасцияны қаптаған кілегей қабықтан құралып қанат тәрізді өскіннің ілмегі мен самай жотасының артқы шетін ала керіліп тұрады.
Төменгі жақ жансыздандыруын-анестезиясын ішкі және сыртқы әдістермен жасауға болады.
Ішкі әдіс. Ішкі әдістің саусақпен анықтау түрі. Науқас аузын кере ашады. Сұқ саусақпен төменгі жақ бүтасының алдыңғы қырын, одан кейін самай қырын анықтайды. Бұл екеуінің арасында ретромоляр үшбұрышы бар. Саусақ щұңқырға орналасып, оның ұшы самай жотасына бағытталады. Шприц қарсы жақтың кіші азу тістерінің тұсына кілегей қабыққа саусақ ұшына жақын, төменгі азу тістердің шайнау бетінен 0,75-1,0 см-дей биіктікке шаншылады. Ине самай қырына тіреледі. Шамамен 0,75 см тереңдікте 0,5 мл жансыздандыратын дәріні-анестетикті жібереді де шприцті жансыздадыратын-анестезия жасайтын бетке қарай жылжытады. Әрі қарай самай жотасын иненің ұшымен айналып өтіп, сүйек бойымен сырғып тағы да 1,5-2,0 см бойлайды. Шприцтің бағыты бастапқы жағдайға жақындайды, ал ине төменгі жак, тесігінен жоғары сүйек науасына тіреледі. Мұнда 1,5-2,0 мл-дей жансыздандыратын дәріні- анестетик жіберіп 15-10 мин уақыт күтеді.
Жансыздандыру аймағы. Төменгі жақ жүйкесі жүйкелендіретін аймақ түтел жансызданады-: барлық тістер, тіс ұяшығы-альвеола өсіндісі, төменгі жақ, денесі, төменгі ерін, тері, иек, тіс ұяшығы-альвеола өсіндісін жабатын жұмсақ тіндер (кіші азу тістен 2-ші азу тіске дейінгі аралық, ауыз босағасының кілегей қабығынан басқа, ұрт жүйкесімен жүйкелендіреді). Тіл жүйкесі де жансызданады: тіс ұяшығы-альвеола өсіндісінің ішкі жағының кілегей қабығы, ауыз түбі мен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі.
Күрек пен сүйір тістер қарсы беттен келген анестомоздары болғандықтан толық жансызданбауы мүмкін. Соны ескеріп, алдыңғы тістерді, 5, 6, 7-ші тістерді жұлғанда қосымша ішке сіңу жансыздандыруын-инфильтрация жасау керек.
Ішкі әдістің саусақсыз (аподактил) түрін А. Е. Верлоцкий жете талдаған. Ауыз әдеттегідей қатты ашылады. Шприц ауыздың қарсы бұрышында, инені қанат-жақ қатпарының сыртын ала жоғарғы және төменгі азулардың шайнау бетінің орта тұсынан 1,5- 2,0 см тереңдікте сүйекке тіреп, жансыздандыратын дәріні-анестетик жібереді. Егер иненің ұшы сүйекке тимесе оны біраз суырып, қарсы бетке көбірек бұрып сүйекке тигенше шаншу керек (9-сурет).
Қанат-жақ қатпары жалпақ болса инені оның орта тұсына, жіңішке болса қатпардың ішкі жағына шаншиды.
Торусалды жансыздандыру (М. М. Вейсбрем бойынша). Нысана — төменгі жақ үстірті. Ол тәж және буын өсінділеріне жалғасқан қыраттардың қосылуынан пайда болып, төменгі жақ тармағының ішкі жағында төменгі жақ тесігінің аздап жоғары, алдыңғы тұсында орналасқан. Төменгі жақ үстірті тұсында сезу жүйкесінің үшеуі де қатар өтеді. Олар; төменгі тіс ұяшығы-альвеола, тіл және ұрт жүйкелері. Үстірттегі борпыддақ тінге енгізілген жансыздандыратын дәрі үш жүйкені түгел жансыздандырады.
Нысана көзі ретінде қанат-жақ қатпарының сыртқы бөлігі мен ұрттың кілегей қабығы арасында орналасқан ұрт сызаты есептеледі.
Жалпы ереже: Ауызды кере ашып инені ұрт сызатының кілегей қабығына тік жоғарғы 3-ші азудың шайнау бетінен 0,5 см-дей төменірек шаншиды. Шприц пен инені көлденең бір деңгейде ұстап, сүйекке дейін енгізіп төменгі жақ үстіртіне жетіп, 1,25-1,5 мл жансыздандыратын дәріні жібереді. Ине шамамен 0,25-тен 1,5-2,0 см бойлайды, бұл әркімнің жеке анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Жансыздандыру аймағы: Мандибулярлы жансыздандыру мен ұрт жансыздандыруының қосындысындай. Барлық тістер, тіс ұяшығы-альвеола өсіндісі, жақ денесі, тіс ұяшығы-альвеола өсіндісін жапқан кілегей қабық, төменгі ерін, иек, ауыз түбінің кілегей қабығы мен тіддің алдыңғы 2/3 бөлігі.
Мандибуляр анестезиясының сыртқы тәсілі (С.Н.Вайсблаттың жақасты жолы). Нысана- төменгі жақ тесігі. Инені теменгі жақтың төменгі қырының бұрышынан артқа қарай 1,5-2,0 см қашықтықта шаншиды. Сол жаққа анестезия жасаған сол қолдың бармағын төменгі жақтың артқы қырына басып ұстап, сұқ саусақ жақтың төменгі қырының сыртына, оның артқы қырынан 1,5-2,0 см жерде орналасады да саусақ ұшы ине шаншатын орынды меңзейді (10-сурет).
Оң жаққа ине шанышқанда сол қолдың бас бармағы ине шаншатын жерді, сұқ саусақ иненің бағытын көрсетеді. Иненің жуандығы 0,8 мм-дей, ұзындығы 5 см-ден кем болмағаны жөн.
Инені теріге саусақтың алдынан жақтың бұрышының артқы шетінен 1,5-2,0 см-дей жерге шаншиды. Ине ұшы төменгі жақ тесігіне жеткенге дейін сипап жүруі керек. Жақтың тесігі мен төменгі қырының арасы 27 мм, бұған жақты орай орналасқан жұмсақ тін қалыңдығын қоса есептейміз. Жалпы алғанда инені жақ бұтасына параллель 35-40 мм-дей тереңдікте 4,0 мл жансыздандыру дәрісін жібереміз.
Жансыздандыру аймағы: Төменгі жақ пен оны қоршаған тінді жүйкелендіретін үш жүйке (төменгі тіс ұяшығы, тіл және ұрт жүйкелері).
Берше-Дубов әдісі бойынша жансыздандыру. Жақ қарысып қалғанда шайнау еттерін босаңсыту үшін Берше жансыздандыруын қолданамыз. Ол үшкіл жүйкенің үшінші тармағының қимыл талшықтарын жансыздандырады (шайнау, самайдың терең және қанат тәрізді жүйкелері) да науқастың аузында ота іс-қимылын жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы ереже. Бет сүйегі доғасының астына құлақ түйінінен 2 см алға қарай теріге перпендикуляр ине шаншып, оны жақ ойығымен 2,0-2,5 см-дей тереңдікке ендіріп 3-4 мл жансыздандыратын дәріні жібереміз. Дәрі осы арадан өтетін төменгі жақ жүйкесінің қимыл тармақтарына әсер етеді. 10-15 мин соң еттер босаңсып, ауызды жайлап ашу мүмкін болады.
Берше жансыздандырын М.Д.Дубов әрі қарай жетілдірді. Ол сезу талшықтарын жансыздандыру үшін инені 3,0-3,5 см-дей тереңдікке енгізіп сыртқы қанат тәрізді еттің ішкі жағындағы қимыл жүйкелерінен басқа төменгі ұяшыққа, тіл жүйкелеріне әсер етіп жақтың қарысқанын жояды, сонымен бірге ауру тісті жұлуға да мүмкіндік болады.
В.М.Уваров инені 4,5 см-ге дейін терең ендіріп, сопақ тесіктен шығатын төменгі жақ жүйкесін түгелімен жансыздандыру жолын ұсынды.
Иекті жансыздандыру. Нысана - иек тесігі. Тесік жақ денесінің орта тұсында 1-2-ші кіші азу тіс түбірлерінің астында орналасады (балаларда сәл алға қарай орналасқан). Тістер жоқ болса тесікті анықтау жолы мынадай: жақтың орта сызығы мен шайнау етінің алдыңғы жағына дейінгі аралықты тік сызықпен дәл екіге бөледі. Көлденең сызық жақтың төменгі қырынан 12 мм жоғары алынады. Сызықтардың қиылысқан жерінде тесік орналасады. Оның аузы артқа, сыртқа, жоғары қараған.
Ішкі әдісі. Ауыз жабық, төменгі ерін мен ұртты кере тартып инені өтпелі қатпарға 1-ші азу тұсынан шаншиды. Одан әрі инені алға, төмен, ішке қарай 0,75-1,0 см-дей енгізіп иек тесігіне тақайды. Ине ұшымен сүйекті сезіп тұрған жөн. 0,5-2,0 мл ерітінді жіберіп көреді. Ине ұшының тесікке түскендігі еріннің аздап ауырғаны арқылы білінеді.
Сыртқы әдісі. Иек тесігін анықтаған соң, жұмсақ тіндерді сол қол саусақтарымен сүйекке баса ұстайды. Инеге ішкі тәсілдегідей бағыт беріп, оны сәл жоғары және артқа таман шаншиды. Сүйекке жеткен соң аздап анестетик жіберіп ине ұшымен тесікті тауып, инені аздап енгізіп жансыздандыратын дәріні жібереміз. Жансыздандыру 3-5 мин соң білінеді.
Жансыздандыру аймағы. Иек пен еріннің жұмсақ тіндері, күрек, сүйір, кіші азу тістер, тіс ұяшық өсіндісі мен еріннің кілегей қабығы 2-ші кіші азудан орталық күрек тіске дейінгі аралық.
Ұрт жүйкесін жансыздандыру. Оны жасау үшін инені төменгі жақ тармағының алдыңғы қырына, жоғарғы азу тістердің шайнау беті деңгейіне шаншып 1 см-дей тереңдікке ендіреді. Бұл жансыздандыру сирек қолданылады. Төменгі жақтың тіс ұяшық өсіндісінің босаға жағындағы кілегей қабығын жансыздандыру үшін жансыздандыраты дәріні жұлынатын тістің тұсындағы өтпелі қатпарга ендіреді.
Тіл жүйкесін жансыздандыру. Ол үшін ерітіндіні төменгі жақтың самай қырының ішкі жағына төменгі тіс ұяшығы жүйкесінің жансыздандыруымен бірге ендіреді. Инені аталған жерге не бары 0,75 см ғана ендірсе тек қана тіл жүйкесі жансызданады.
Тіл жүйкесі 3-ші азудың тұсынан жансыздандыратын тіс ұяшығы өсіндісінің ішкі жағынан ауыз түбінің кілегей қабығы астына инемен 0,5-1,0 мл енгізгенде де жансызданады. Бұл арада тіл жүйкесі тек кілегей қабық астында жатады.
Жансыздандыру аймағы. Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі, жақтың ішкі бөлігінің қабығы мен ауыз түбінің кілегей қабықтары.
Үшкіл жүйкенің 2---3-ші тармақтарын бас қаңқасының түбінен жансыздандыру (орталық жансыздандыру). Үшкіл жүйкенің негізгі тармақтарын дөңгелек немесе сопақ тесіктерден шығаберісте жансыздандыруды орталық, яғни сабақ жансыздандыруы деп атайды.
Орталық жансыздандырудың әсері толық және ұзақ болады. Инені бір рет қана шаншып көптеген аймақты жансыздандыру оның өткізгіш жансыздандыру алдында артықшылығының анағұрлым айқын екендігін дәлелдейді.
Жансыздандыру қатал залалсыздырылған жағдайда ғана жасалады.
Қажеттілігі:
1. Шеткі жансыздандыруды жасауға кедергілердің (қабыну, ісік, жара, жақтың қарысуы) болуы.
2. Патологиялық кезеңдерге байланысты жақ сүйегінің нысана белгілерін анықтай алмау.
3. Жақ сүйектеріндегі аймақты оталар: үлкен ісікті, кистаны, секвестрді алу, пластикалық ота, остеосинтез, жақ сүйегін кесу.
4. Жақ-беттегі үлкен жарақатты емдеу.
5. Үшкіл жүйкенің 2-3 тармақтар салдануын емдеу.
Үшкіл жүйкенің 2-ші тармағын жансыздандыру. Нысана- қанат-таңдай шұңқыры. Жоғарғы жақ пен қанат тәрізді өсінділер арасында самайасты шұңқырының ішкі жағында орналасқан. Самайасты шұңқырымен қанат-таңдай немесе орақ тәрізді саңылау арқылы байланысады. ІІІұңқырдың алдыңғы жағын - жоғарғы жақтың артқы бетінің медиальды шеті мен таңдай сүйегінің көз өсіндісі, артқы жағынан - сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты мен қанат тәрізді өсіндінің алдыңғы беті, ішкі жағын - таңдай сүйегінің перпендикуляр табақшасының сыртқы беті, жоғарғы жағын- сына тәрізді сүйектің төменгі беті мен үлкен қанаты.
Төменгі көз саңылау арқылы шұңқыр көз шарасымен, беттің алдыңғы жағымен байланысады. Негізгі таңдай тесігі арқылы- мұрын қуысымен, дөңгелек тесік арқылы ми сауытымен, ал қанат-таңдай өзегінін, жалғасы таңдайдың үлкен тесігі арқылы ауыз қуысымен байланысады.
Қанат-таңдай жансыздандыруының түрі көп. Жансыздандыратын дәріні енгізудің мынадай жолдарын таңдауға болады:
1. Бет сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы- беттің бүйір жағынан бет сүйегі доғасының, асты.
2. Бет сүйекасты-беттің алдыңғы бүйір жағы — бет сүйегінің төменгі бұрышы.
3. Көз жолы — алдыңғы жағынан, көз шарасы арқылы.
4. Ауыз жолы — төменгі жағынан, ауыз қуысындағы қанат-таңдай өзегі арқылы.
Бет сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы (С.Н.Вайсблат ұсынған) басқаларынан жиірек қолданылады. Нысана белгісі ретінде құлақ түйінінен алға қарай жүргізілген сызығының орта тұсы алынады. Бұл сызық «құлақ-көз», немесе, «трагоорбитал» сызығы деп аталады. Сызықтың алдыңғы жағы көз шарасының сыртқы қыры мен бет сүйегінің төменгі бұрышын қосатын сызықтың ортасына дейін тіреледі. Тұжырымдап айтқанда: траго-орбитал-ангуляраралық деген жөн (10-сурет.).
Жалпы ереже: Ұзындығы 6-7 см-дей инені бет доғасының астына траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына тік шаншып 2,7-5,5 см-дей тереңдікте сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағына тақайды. Алдын ала инеге кигізілген тығын арқылы бұл тереңдікті белгілеп иненің жарымынан астам бөлігін суырып алады, Енді иненің ұшын 15-20 градусқа алға қарай бүрып жаңағы белгіленген тереңдікке шаншып 2-3 мл анестетик жібереді. Ине ұшы қанат-таңдай шұңқырының кіреберісіне жетеді, ал шұңқырдың көлемі небәрі 2 см3 болғандықтан жансыздандыратын дәрі-анестетик борпылдақ тінге сіңіп мұндағы үшкіл жүйкенің екінші тармағын жансыздандырады.
Бет сүйегі асты жолы. Алдын ала сол қолмен анықтап алған бет-альвеоляр қырының арт жағына инені шаншып ішке және жоғары бағыттап жоғарғы жақтың бұдырына жетеді. Сүйекті жағалай отырып 4,5-5,5 см тереңдікке қанат-таңдай шұңқырының кіреберісіне 2-3 мл жансыздандыратын дәріні жібереді.
Көз жолы (В.Ф. Войно-Ясенецкий ұсынған әдіс). Инені көз шарасының- төмен — сыртқы бұрышының үстін ала бет доғасының жоғарғы қыры тұсына, яғни одан 2-3 мм-дей жоғары горизонталь бағытта шаншиды. Инені көз шарасының сыртқы қабырғасымен жағалай жылжытып 4,5 см тереңдікте дөңгелек тесікке жетеді. Сол араға 2-3 мл жансыздандыратын дәріні жібереді.
Сурет-33. С.В.Вайсблат бойынша траго-орбитальды сызық
ортасынан ине шаншитын нүкте
Көз жолының Вайсблат бойынша әдісі. Инені көз шарасының төменгі қырының ортасынан бірнеше мм-дей ішке таман шамалап шаншиды. Ұзындығы 5-6 см ине кигізілген шприцті оң қолмен, ал көздің астыңғы қырының терісін сол қолдың сұқ саусағымен басып ұстайды. Әрі қарай инені сүйекті жағалай жылжытқан сайын үнемі аздаған жансыздандыратын дәріні жіберіп отырады. Иненің ұшындағы жансыздандыратын дәрі көз алмасын, қан тамырлары мен жүйкелерді ығыстырып оларды жарақаттан сақтайды. 3,0-3,5 см тереңдікте 2-3 мл жансыздандыратын дәріні жібереді. Барлығы 5 мл дейін ендіруге болады.
Ауыз (таңдай) жолы. Инені таңдайдың үлкен тесігінің тұсына шаншиды. Ине шаншитын кілегей қабыққа иод тұнбасын жағады. Ауызды мейлінше кере ашып инені таңдайдың үлкен тесігіне енгізеді. Тесікті бірден таба алмаған жағдайда аздап жансыздандыратын дәріні жіберіп, сүйекті жағалай жылжытып барып тесікті табады. Әрі қарай өзек ішімен 2,5-3 см жоғары, артқа жылжып барып 1,5-2,0 мл жансыздандыратын дәрі жібереді. 10-15 мин соң 2-ші тармақтың аймағы түгел жансызданады.
Үшкіл жүйкенің үшінші тармағын жансыздандыру (бетасты-қанат тәрізді жол). Нысана-сопақша тесік. Инені траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына шаншиды. Тік шаншылған инені 2,7-5,5 см-дей тереңдікке жеткенде, сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағында, тереңдікті белгілеп алып, инені жарымынан астам бөлігін кері суырып, оның бағытын 15-20 градус артқа қарай бұрып, жаңағы белгіленген тереңдікке қайта шаншып 2-3 мл жансыздандыратын дәріні енгізеді, 10-15 мин соң үшкіл жүйкенің үшінші тармағы жүйкемен қамтамасыз ететін аймақ жансызданады.
