- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Iіі тарау
БЕТ-ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ.
Бет-жақ аймағы бала іште пайда болған 12-ші күнінен басталады, алдыңғы ми күлдіреуік (пузырь) пен жүректің дөңесінің арасында эктодерманың түсуімен бірінші ауыз қуысы пайда болады.
Бет сүйек қаңқасы әр адамның бет бейнесіне бірегей де өзіндік, қайталанбайтындай сипат беретін және бастың көптеген сүйектерімен бірігіп, ауыз қуысының (тіл асты сүйегі), мұрын қуысы қабырғаларының (тор және таңдай сүйектері, кеңсірек желбезегі), ми сүйек қаңқасының (қанат тәрізді немесе негізгі, шеке, шүйде сүйектері) негізін құрайтын тіректік құрылым болып саналады.
Пайда болған баланың бет құрылымы 5 өсіндіден өседі, пайда болады. Олар жоғарғы және төменгі (жұп) және маңдай. Осы аталғандардың барлығы ауыз шұңқыры мен шектеліп, біріншілік желбезек доғадан тарайды.
Бассүйек қаңқасы. Ол екі бөлімнен тұрады: бас миы (церебралды) және ішкі (висцералды).Басқа тіршіліктер мен салыстырғанда, адамның бас сүйек қаңқасында (жануарларда да) пайда болған жаңа құрылым-таңдай болып табылады. Ол ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ауыз қуысы ішінде вакумды-сорғыштықты қалыптастырады, сөйтіп сорғанда және тағам шайнағанда тыныс алуға кедергі тудырмайтындай жағдай жаратады.
Беттің сүйектік негізін қалайтын біріншілік, яғни дәнекер тінді жарғақтың орнында қалыптасатын құрылымдар: маңдай және таңдай сүйектері, кеңсірік және төменгі жақсүйегі.Тор сүйегі мен мұрынның төмен-гі қалқаны біріншілік мұрын қапшығының шеміршегінен, ал маңдай және жоғарғы жақ сүйектері ұрықтық дәнекер тінінен, тіласты сүйегі әр келкі ұрықтық табақшалардан дамиды.
Алғашқыда адам ұрығының (эмбрион) бас жағы яғни нейрокраниалдық бөлімі қалыптасады, содан кейін болашақта беттің негізін қалайтын висцералды доғалар дами бастайды. Мерзімі үш апталық ұрықтың бас жақ бөлімінде қалыңдау болып көрінетін жүйке табақшасы-алдыңғы ми пайда болады. Жүйке табақшасының астыңғы жағында біріншілік ауыз қуысы-stomadeum, немесе ауыз үңгірі қалыптасады.
Барлық сүйектер, соның ішінде бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге тіректік және қорғаныс қызметін атқарады. Сүйектің жасушалық элемент-тері коллагенді және минералды заттардың қоры болуы, оның бейімділік қасиетін арттырады да көптеген сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап қайыра алатындай мүмкіншілік туғызады.
Бас сүйегі қанқасы бас ми және бет жақ болып бөлімдерге бөлінеді. Олардың шекарасы көзұясының жоғарғы қыры мен, маңдай-бетсүйек жігі мен, бет-сүйек доғасы бойы мен сыртқа есту өтісі мен сорушы-еміздік өсін-дінің үстінгі деңгейі мен өтеді. Бас мидың сүйек құрылымы оның күнбезіне (төбесіне) fronix crani, және оның негізіне (түбіне) basis crani-ға бөлінеді.
Сурет-2. Бас қаңқасы.
Бассүйек қаңқасы, cranium, 2-бөлімнен: ми сауытының қақпағы-calvaria, және оның түбі-basis-тен тұрады. Ол бас миы мен сезім мүшелері орналасқан және де ас қорыту мен тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімдерін қоршап, қорғайтын тіректік құрылым болып саналады.
Бассүйегін құрайтын сүйектер: даралары-қарақұс, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,төменгі мұрын қалқаны, бет, мұрын, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.
Сурет-3
Жоғарғы жақсүйек
Жоғарғы жақсүйегі, maxilla – жұп сүйек; қасындағы сүйектер мен қозғалыссыз бекіген. Бұл сүйектің құрылысы-өте күрделі болғандықтан және де ол қуысты сүйектер қатарына жатқандықтан сырттан келетін әртүрлі қысым күштеріне беріктілігі де -өте жоғары.
Жоғарғы жақсүйегі - оның денесі-corpus maxilla және төрт жаққа қараған өсінділері бар. Олар: маңдай-processus frontalis, бетсүйектік-processus zygomaticus, тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық- processus alveolaris және таңдай- processus palatinus.
Сурет-4. Жоғарғы жақ сүйегінің беттері.
Маңдай өсіндісі-processus frontalis, жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетінің ішкі қыры бойы мен жоғары көтеріліп, маңдай сүйегімен (sutura frontomaxillaris), мұрын сүйегімен (sutura nasomaxillaris) жік құра бітіседі. Маңдай өсіндісінің сыртқы (латералды) және ішкі (медиалды) беттерін ажыратуға болады. Сыртқы бетінен өтетін көзжас қыраты оны алдыңғы және артқы бөлімдеріне бөледі.
Сурет-5. Жоғарғы жақ сүйегі.
Артқы бөлімі көзжас жүлгесіне жалғасады. Жоғарғы жақсүйегінің маңдай өсіндісінің ішкі бетінен екі қырат өтеді. Олар: тор сүйектік-crista ethmoidalis және мұрынның төменгі қалқан қыраттары-crista conchalis.
Жоғарғы жақсүйектің қалған өсінділері денесінің төменгі бөлімінен шығып, тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсіндіге- processus alveolaris және ішіне қарай, жазықтық бағытта жатқан таңдай өсіндіге- processus palatinus-қа жалғасады.
Сурет-6. Жоғарғы жақ сүйегі.
Көздік, алдыңғы және самайасты беттері қиылысатын тұстан бетсүйек өсіндісі- processus zygomaticus басталады.
Жоғарғы жақсүйектің денесін- көзұялық беті-facies orbitalis, яғни көзұясының төменгі, мұрын беті- facies nasalis мұрынның бүйір, сондай-ақ самайасты беті- facies infratemporalis және ауыз қуысының қабырғаларын құрайды. Жоғарғы жақсүйектің денесінде жоғарғы жақсүйек қойнау-sinus maxillaris s. antrum Highmori болғандықтан, оның салмағы өте жеңіл. Жоғарғы жақсүйек қуысы-Гаймор қуысының анатомиялық құрамы тұрғысынан алғанда 3 топқа бөлінеді.Олар: пневматикалық, беріштену және аралас. Гаймор қуысы деп аталу себебі ең алғаш рет 1651 жылы ағылшын дәрігері Гаймор жоғарғы жақсүйегіндегі осы қуыс туралы толық мәліметтер таратты.
Корнинг және тағы да басқа ғалымдар Гаймор қуысын төртқырлы пирамидаға ұқсатады. Гаймор қуысының бет-әлпеті құрылысы мен салыстырғанда 6 қабырғаға бөлінеді: жоғарғы, төменгі, алдыңғы, бүйір, артқы және ішкі (медиалды).
Сурет-7.Жоғарғы жақ контрфорстары.
Жоғарғы жақсүйектің төрт қабырғасы бар: алдыңғы, артқы, жоғарғы және ішкі. Алдыңғы қабырғасының беті тері сыртынан жақсы сипап анықтауға болады. оны жоғарғы жағынан-көзұясының төменгі қыры, төменгі жағынан-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсінді, ішкі жағынан-алмұрт тесігінің жиектері, сыртқы жағынан-бетсүйек-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) қыраты- crista zygomaticoalveolaris өтеді. алдыңғы қабырғасын құрайтын сүйектік табақша жұқа. Сол себептен, жоғарғы жақсүйегінде кездесетін іріңді қабыну аурулары, әдетте оның осы сүйектік қабырғасын тез бұзып, даму барысында айтарлықтай ауыр дәрежелі сүйектік құрамның өзгеруіне өз әсерін тигізбейді, сонымен қатар қиыншылықтарды тудырмайды.
Жоғарғы жақсүйектің жоғарғы қабырғасының-ішкі қыры маңдай өсіндісіне, оның сыртқы қыры-бетсүйегіне, ал оның төменгі қабырғасы-тіс ұяшықтық-альвеолярлық өсіндіге ауысады. Жоғарғы жақсүйектің артқы қабырғасы самайасты беті деп аталып, самайастын және қанат-таңдай шұңқырларын шектеп тұрады және жоғары қарай бетсүйек өсіндісіне, ал төменге қарай тіс ұяшықтық-альвеолярлық өсіндінің ішкі бетіне ауысады. Оған латералды қанат тәрізді бұлшықетінің талшықтары бекиді. Жоғарғы жақсүйектің денесі күрделі призмалық құрылым, түбі артқа, сәл сыртқа және самайастының бетіне- facies infratemporalis-ке қарайды. Аталған бет яғни самайастының беті- facies infratemporalis біршама дөңестеу, шығыңқы құрам болып жоғарғы жақсүйектің төмпешігін-tuber maxillarae-ны құрайды.
Төмпешіктің жоғарғы және ішкі тұсынан самайасты бетінің мұрын және көзұялық беттеріне ауысатын жерде таңдай ұшбұрышын-trigonum palatinum-ды көруге болады. Осы арада жоғарғы жақсүйек таңдай сүйектің көзұялық өсіндісі мен қосылады. Жоғарғы жақсүйектің төмпешігі жергілікті-өткізгіштік жансыздандыру үшін ең басты нысана болып саналады және инені төмпешіктің сыртқы беті бойы мен жылжыту әдістің дұрыс орындалуының басты талабы. Сондықтан осындай өткізгіштік жансыздандыру әдісін қолдану кезінде төмпешіктің маңындағы қан тамырлар өрімі кейде иненің ұшымен жарақаттанады, сонда жарақат орнынан лезде қан кетуінен, зақымданған жерде қан ұйып, жұмсақ тіндері ісініп ұлғаяды. Осындай кездейсоқ асқынулардың алдын алу үшін ине шаншылған жерді біршама уақыт жұдырықты бет-әлпеті сүйегінің төменгі беттінен төменге қарай аздаған қысым мен басып жоғары қарай біршама көтерген күйде басып тұру қажет.
Жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісіне- processus zygomaticus, оның көлемі әр адамда әртүрлі болып негізінен беттің енін көрсетеді.
Жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісіне - processus palatinus, жазықтық бағыттағы, жоғарғы жақсүйектің мұрын жақ бетін қамтитын, екі жағы ойыстанған сүйектік табақша.
Таңдай өсіндінің ауыз қуысына қарасты беті сәл ойыстау және біркелкі емес, бұдырлы болып, осы беттен ашылатын көптеген ұсақ тесіктерден қан тамырлар мен жүйке жүйесінің тармақтары өтеді. Оң және сол жағынан келіп қосылатын саңылаулар таңдай өсіндісінің алдыңғы бөлімінде күрек тістік тесігіне-foramen incisiva-ға ашылады.
Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсінді- processus alveolaris, доға пішінді, алдыңғы жағынан едәуір иіліп, жартылай эллипс құрайды. Сол және оң жағының тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндісі- processus alveolaris өзара жоғарғы жақсүйек аралығының жігі - sutura intermaxillaris арқылы бірігіп, толық эллипсті альвеолярлық доға-arcus alveolaris superiorer -ді құрайды. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің екі беті бар: сыртқы және ішкі. Ауыз қуысының кіреберісіне қарасты сыртқы беті- facies vestibularis-дөңестеу (тістер мен қызыл иек және ерін мен ұрт аралықтары), ал тілге қарасты ішкі беті - facies lingualis-ойыс.
Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің екі сүйектік табақшалары аралығында тіс ұяшықтары-alveoli dentalis орналасады. Оның ауыз қуысы кіреберісіне қарасты қабырғасын-pars vestibularis, ал тіл жағындағы қабырғасын-pars lingualis деп атайды. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің тіс ұяшықтары аралығы сүйектік кемікті зат пен толған.
Таңдай сүйегі - os palatinum жұқа сүйек болып қатты таңдайдың артқы бөлімін және мұрын қуысының қабырғасын құрайды да, мұрын қуысының қабырғасын қанат-таңдай шұңқырынан бөліп тұрады.
Сурет-8. Таңдай сүйегі.
Олар бір-бірімен тік бұрыш құрап өтетін екі табақшадан тұрады: перпендикулярлы-Iamina perpendicularis және горизонталды-Iamina horizontalis. Сүйектің ауыз қуысына қарасты бетінің артқы шетінен сүйектік қырат-crista palatina-ны көруге болады.
Бетсүйек-os zigomaticus- геометриялық төрт бұрышты, қисық пішінді, жұп сүйектік табақша болып саналады. Ол жоғарғы жақсүйек, маңдай, сына және самай сүйектерінің аралығында орналасып, шайнау қысымының күшін жан-жаққа таратып, теңестіріп теппе-теңдікті сақтап тұрады. Бұл сүйектің үш бетін атап көрсетуге болады: ең үлкені-ұрт жақ беті-facies molaris бұдырлы. Көзұясына қарасты беті- facies orbitalis тегіс және сәл ішке қарай кіріңкі, ал самай ойығына қарасты беті- facies temporalis дөңестеу болып келеді. Бетсүйектің екі өсіндісі бар: Оның бірі маңдай өсіндісі-processus frontalis,s. frontj-sphtnoidalis-ең ірісі болып саналады. Яғни, маңдай өсіндісі бетсүйегін маңдай сүйегінің бетсүйектік өсіндісімен және сына сүйектің үлкен қанатымен біріктіреді. Бетсүйектің екіншісі-самай өсіндісі-processus temporalis артқа қарай самай сүйектің бет өсіндісіне қарай өтеді. Өсінді өте қысқа және шеттері өткір.
Мұрын сүйегі-os nasale-пішіні төрт бұрышты, жұп сүйек. Екі мұрын сүйегі беттің ортаңғы деңгейінде өзара бірігіп, мұрынның қыры мен қабырғаларын құрайды да жоғарғы жақсүйектің маңдай өсінділері аралығында орналасады. Сүйектің маңдай өсіндіге қараған бөлігі-қалың да қатты, үлкендеу, дөңестеу және бетінде кішігірім тесіктеді-foramen nasale-ні көру болады, ал оның мұрын тесігіне қараған бөлігі-жіңішке және жұқа.
Сурет-9. Мұрын сүйегі.
Тор сүйегі-os ethoidale дара сүйек. Оның басым бөлігі бет сүйек қаңқасының құрамына кірсе де, негізінен ми сүйек сауытын құрайды. Ол бет сүйектерінің ортасында орналасып, кеңсірік пен көзұясының құрамына кіреді және бассүйектің көптеген сүйектерін бір-бірі мен байланыстырып тұрады. Тор сүйектің перпендикулярлы- Lamina perpendiculares және горизонталді- Lamina cribrosa табақшалары өзара бір-бірімен қарап Y-әріпі тәрізде орналасады.
Сурет- Тор сүйегі.
Тор сүйектің төрт жақ беті бар:
1.Торлы табақша- Lamina cribrosa маңдай сүйектің-incisula ethoidalis-ке бекиді. Табақшаның ұсақ тесіктерінен иіс сезу жүйкенің тармақтары (орташа шамамен 30-ы) өтеді. Осы табақшаның ортасында әтеш айдаршығын-crista gali-ді көруге болады.
2. Lamina perpendicularis-кеңсірік бөлімі.
3.Labyrinthi ethoidalis-көзұясының ішкі қабырғасын құрайды.
4. Lamina orbitalis- Көзұялық табақша.
Көзұялық табақша жоғарғы жиегі мен маңдай сүйектің көзұялық бөлімі мен, алдыңғы жағынан-көзжас сүйегімен, артқы жағынан-сына тәрізді сүйекпен және маңдай сүйектің көзұялық өсіндісі мен, ал төменгі жағынан –жоғарғы жақсүйекпен бірігеді.
Көзжас сүйегі - os lacrimale - жұп, төрт бұрыш пішінді геометриялы құрылым, жұқа сүйектік табақша тәріздес. Көзұясының ішкі қабырғасының құрамына кіреді, жоғарғы жақсүйекке таяу, оның маңдай өсіндісінің артқы тұсында орналасады. Көзжас сүйектің жоғарғы шеті маңдай сүйекпен, артқы шеті-торлы сүйектің көзұялық табақшасы мен-lamina orbitalis s.papyracea- ға қосылады.
Төменгі мұрын қалқаны-сoncha nasalis inferior алдыңғы шеті жоғарғы жақсүйектің мұрын жақ бетімен, артқы шетітаңдай сүйегімен бітіседі, ортаңғы бөлігі гаймор қойнауының кіреберісін шектеп тұрады.
