Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.75 Mб
Скачать

Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары

Емдеудің негізгі мақсаты анатомиялық және функционалдық бұзылуларды жою. Бұдан басқа психикалық сауығуды қамтамасыз ету. Соңғы 10 жылда бет қаңқасының ақауы бар науқастарды емдеу айтарлықтай өзгерді. Емдеу жоспары мамандар тобымен құрылады: хирург, анестезиолог, реаниматолог, ортопед, ортодонт, нейрохирург.

Осыдан басқа көпшілік жағдайларда ЛОР-мамандар, невропатологтар, окулистер, логопедтер, психоневрологтар, эндикринологтар қатыстырылады.

Сондықтан деформацияларды емдеу арнайы мамандар мен керекті аппаратуралары бар мамандандырылған орталықтарда жүргізілуі керек.

Хирургиялық емдеудің негізгі қағидалары. 1. Ота жолымен емдеуге ең ыңғайлы жас— 16-18 жас. Н.Owergeizer (1969) атап көр-сеткендей, деформация салдарынан болатын психикалық бұзылыстар жыныстық дамып жетілу кезеңінде қатты ұлғаяды. Егер де 20-28 жасқа дейін бет пішіні қалыпқа келтірілмесе, оның сал-дарынан болған психикалық өзгерістер тұрақты болып қалады да, тіпті ота жақсы жасалса да психикалық өзгерістер сол қалпында қалып қоюы мүмкін.

2. Ота жолымен емдеу әдісін жоспарлау барлық тексеру әдіс-терінің нәтижесінде жасалуы қажет.

3. Науқасты алғаш қабылдағаннан емдеу уақыты біткенге дейін ол хирург пен ортодонттың бақылауында болуы керек.

4. Бірнеше бұзылыстар бірге жүрсе (жұмсақ тін, шеміршек, сүйек) алдымен ота қаңқаға жасалады, сонан соң қалған кемшіліктерді қаңқаға байланысты қалпына келтіреді.

5. Тіс қатарлары бұзылысын ортодонт отаға дейін емдеуі керек.

6. Жансыздандыру — жалпы (анестезиолог пен хирург шешеді).

7. Отадан кейін науқастың жағдайын анестезиолог, хирург, қажет бол-ған жағдайда нейрохирург бақылайды.

8. Антибиотикпен емдеу операцияға дейін 24 сағат бұрын басталып, 7-10 тәулік бойына антистафилококкты гамма-глобулинмен қоса жүргі-зіледі.

Туа пайда болған деформацияларды емдеу

Бұл бұзылыстар, краниостеноздар бас қаңқасы мен бет қаңқасының диастоздарын емдеудің негізгі қағидалары беттің ортаңғы аймағының гипоплазиясын емдеуге негізделген.

Жоғарғы прогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы прогнатия терең тістесумен бірігіп келгенде (1968) Н. Коле 1-ші премолярларды екі жағы-нан жұлып, таңдайдың ортаңғы сызығымен медиальды тілік жасап, ұяшық өсіндінің алдыңғы бөлігіне остеотомия жүргізген. Қатты таңдайды 2 см-ге дейін бордың көмегімен тесіп, кесіп алып тастаған-резекциялаған. Сүйек фрагменті жоғары және артқа жылжып, шырыппы қабатқа тігіс салып, тістерге құрсау салу арқылы бекіткен.

Г.Н.Семенченко (1962) ашық тістесуді қалыпқа келтіру үшін фронтальды бөлікте остеотомия әдісін қолданады.

Жоғарғы бесінші тістер жұлынып, шырышты қабықта вестибуляр және таңдай жағынан тілік жасалып қиындысы сүйектен сыдырылып алынады, нәтижесінде алдыңғы фрагментте сүйек бөлігі толық жалаңаштанады. Жұлынған тістер аумағында ұяшық өсіндіні циркулярлы арамен кеседі. Тік кесілген кесіндіден жазық және 90°-пен алмұрт тәрізді ойықтың төменгі қырына дейін остеотомия жүргізіледі. Сүйек фрагменті фронтальды тістермен бірге артқа жылжытылады, ал шырышты қабатқа тігіс салынады. Тістерге құрсау салу арқылы бекітеді-фиксацияланады. Бұл әдістің теріс жағы сүйекті толық сыдырғанда шырышты қабықтың трофикасы бұзылады. Операциядан кейін асқынып, некрозға ұшырауы мүмкін.

Жоғарғы ретрогнатия иемесе микрогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы ретрогнатия туа пайда болған жарақаттан кейін жоғарғы ерін мен таңдай жырығына ота жасаған соң болуы мүмкін. Бұзылыс түріне және шығуына байланысты беттің ортаңғы аймағында ішке еніп тұрғандай болады, кейде көзасты бет-сүйек аймағы осылайша көрінеді. Жоғарғы ретрогнатияда оның даму дәрежесіне байланысты әртүрлі хирургиялық әдістер қолданылады (74-сурет).

Жоғарғы микрогнатияны қалпына келтіру үшін жасалатын ота әдісін 5 топқа бөледі.

1. Горизонтальды (төменгі және жоғарғы) остеотомия, сүйек трансплантаттарын қолдану немесе қолданбай-ақ жүргізеді. Остеотомиядан кейін деструкциялық әдіс.

2. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің фронтальды бөлігінің остеотомиясы.

3. Жоғарғы жақтың фрагменттің остеотомиясы, компакт остеотомиясымен, ортопедиялық еммен бірге.

4. Назомаксилярлы комплекс аймақтағы пирамидальды остеотомия.

5. Ортодонтиялық еммен компактостеотомия.

Төменгі прогнатияны қалпына келтіру. Төменгі жақтың ұяшық өсіндісіндегі оталар.

Американдық хирург I. Hylliren 1848 жылы тістесу ауытқуының біріккен формасы бар науқастың төменгі ұяшық өсіндісінің фронтальды аймағына екіжақты сына тәрізді кесіп алған-резекция жасаған. Ота премолярларды симметриялы жұлумен жалғасқан. Мұндай ота алдыңғы тіс қатарының тістесуінің болмауы кезінде ғана жүзеге асырылады. Кейін 1928 жылы Е. Е. Бабицкий бұл отаны жаңартып жүргізген, бірақ кең түрде қолданыла қоймады

Төменгі жақ денесіндегі операциялар. Қазіргі кезде прогнатияда 18 түрлі ота жазылған. 1-шісі 1898 жылы V. Р. В1аіг төменгі прогнатияда премолярлар деңгейінде жақасты жолымен екіжақты тік остеотомия жүргізген. Деформацияның дәрежесіне қарай І-ші және 2-ші молярлар жұлынған. Жақ фрагменттері сым тігіспен бекітілген.

74-сурет. Семенченко бойынша жоғарғы жақ сүйегінің микрогнатиясына жасалатын ота үлгісі

А.А.Лимберг төменгі жақта жұлынған 1-ші моляр тұсында тік остеотомиямен бірге ұяшық өсіндіде екіжақты сына тәрізді резекция жүргізген. Бұл ота ашық тістесу кезінде қолданылады. Алдымен А. А. Лимберг қан тамыр-жүйке шоғырын жарақаттамай, ұяшық өсіндіні сына тәрізді бөліп, алтыншы тіс тұсында аралап кескен. Төменгі жақ денесі төменгі жақ қырына қарай қиылысады.

Ақаудың жоғарғы аймағына жақтың иек бөлігі толығымен жанасады. Жақтың алдыңғы бөлігі жоғары және артқа жылжып, тіс қатары дұрыс окклюзиялық қатынаста орнығады. Сүйек фрагменттері сым жіппен тігіледі. Иекасты таңу мен тіске құрсау салу арқылы жақаралық бекітілген-фиксация жүргізіледі. Жасалған операцияның кемістігі — сүйек фраг-ментінің жанасу алаңы тар және қайталанады-рецидив береді, жалған орын түзуі мүмкін.

1927 жылы А. Э. Рауэр төменгі жақ денесінде алтыншы және жетінші тістердің тұсында сүйекті алып баспалдақты остеотомия жасауды ұсынған. Отада қан тамыр-жүйке шоғыры сақталады. Бұл әдістің артықшылығы сүйек фрагменттерінің жанасуы үлкен аумақты, сондықтан қайталанудың-рецидивтің алдын алады.

В. А. Богацкий 1965 жылы төменгі прогнатияны жою үшін төменгі жақ денесінде қан тамыр- жүйке шоғырын сақтай отырып баспалдақты остеотомия жүргізген. Тиімділігі — сүйек жарақатымен ауыз қуысының қатынасы жоқ.

Төменгі жақ аймағындағы оталар. Owergeizer мен Dal-Pont отасын өзгертіп ұсынған төменгі жақтағы симптомда ретромолярлы остеотомия отасы кең қолдану тапты. Бұл отада — тілік сыртқы қисық сызықпен ұзыннан шырышты қабатпен және сүйектің сыртқы қабымен, одан әрі қан тамыр — жүйке шоғырын сақтай отырып жасалады. Кортикальды пластинка ажыратылады, төменгі жақ артқа жылжытылады. Тістерді дұрыс тістесуге әкеледі де құрсаумен және резина тартқышпен бекітеді. Сынықтарды сүйек жігімен біріктіреді.

Прогенияны емдеу. Прогенияны жоюдың Рудько екі әдісін ұсынған.

1. Төменгі жақ бұтағын қисық остеотомиялау.

2. Тік остеотомия — жарты ай тәрізді ойықтан жақтың бұрышына дейін. Фрагменттер екі сым жіппен бекітіледі.

Сукачев жылжымалы (сырғымалы) остеотомияны ұсынған. Мұның ерекшелігі бұтақты кесу жазықтыққа қиғаш жүргізіледі. Бұл барлық операциялар: екі жақтық құрсау салумен, жақаралық тартумен 37-45 күнге салынады.

Ашық тістесуді емдеу. Отасыз-консервативті (ортодонтиялық), хирургиялық және аралас әдістер науқастың жасына, сипатына, дәрежесіне, деформацияның айқындылығына байланысты. Бала кезде емделмеген немесе дұрыс ем алмаған ересек адамдарды емдеуге қолданылатын хирургиялық әдістерді нақтырақ қарастырайық. Хирургиялық көмек ашық тістесудің 2-3 дәрежесіне қолданылады.

Ашық тістесудің әртүрлі деформациялармен бірігіп келуін емдеудің көптеген әдістері қазіргі уақытта белгілі.

Бұл оталарды былайша топтастыруға болады.

1. Төменгі жақтың бұрышы мен денесіне жүргізілетін оталар.

2. Төменгі жақтың бұтағы мен аймағындағы оталар.

3. Жоғарғы жақтағы оталар.

Н. Owergeizer (1964) төменгі прогениямен біріккен ашық тістесуді төменгі жақ аймағында сагитальды жазықтықта ажырату арқылы кетірген.

Бұл отаның маңызы былайша: Жақасты жолымен бұрыш аймағында төменгі жақтың бұрышы, денесі жалаңаштанады. Вестибуляр жағынан тік пластинканы кеуекті заттың бөлігінен 2-ші молярлар аралығында ажыратады. Сүйек фрагментін уақытша Рингер ерітіндісіне салып қояды. Жақтың бұрышы деңгейінде сына тәрізді аумағын бөліп алады. Үлкен фрагментті екіжақты остеоэктомиядан кейін жоғары және артқа жылжытылады. Остеоэктомия кезінде қан тамыр- жүйке шоғыры жарақаттанбайды. Сүйек пластинкасы қойылғаннан кейін сүйек жігімен екі тесік арқылы бекітіледі.

К. Schuchardt ұсынған оталық әдісті В.С.Дмитриева мен В.И.Арцыбушев (1967) өзгерткен. Оның негізі: бір сәттегі остеотомия және жоғарғы жақтың кіреберісі мен таңдай жағынан горизонтальды кесіп алады-резекция жасайды, ал остеотомиялық сызығы жоғарғы жақ бұрышымен шектеліп қана қоймай, негізгі қанатша өсінділерін де қамтиды.

Вестибуляр жағынан 3-4-ші тістер аралығынан вертикальды бағытта 2-2,5 см ұзындықта шырышты қабатпен, сүйектің сыртқы қабатына тілік жасалады. Тіліктің жоғарғы жиегінен көлденең тілікті өтпелі қатпардың бойымен 7-ші тіс деңгейіне дейін жасайды. Жұмсақ тіндер жарақатының жиегі мобилизацияланады. Жоғарғы жақ бұдыры жанынан және қанатша өсіндіге қарай, жалпақ остеотоманың көмегімен тоннель жасайды. Осылайша ортаңғы сызықтан сәл 1 см алшақта таңдайдың шырышты қабатында тоннель жасайды, ол жұмсақ таңдай шекарасына дейін жет-кізіледі. Остеотомия фисурлы бор, остеотомиялық фрездің көмегімен жүзеге асырылады. Кіреберіс жағынан кесілетін жазықтың үлкендігі қашау-распатор енетіндей болуы керек. Таңдай жағынан остеотомия тоннельде ұзын бордың көмегімен жүргізіледі. Қашау көмегімен вертикальды таңдай остеотомиясы жасалады. Вестибуляр жағынан қанатша өсінділер қиылады.

Аталған әдістерді қолданғаннан кейін жоғарғы жақтың дистальды бөліктерінің сүйек фрагменттері хирург қолымен сындырылады. Одан кейін бұл фрагменттер жоғары жылжытылады, ал егер қажет болса жоғарғы бөлшектерде қосымша резекция жасалады. Шырышты сүйек артқы қабаты қиындысына кетгутпен тігіс салынады. Сүйектер 1 айға бекітіледі.

ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ХИРУРГИЯСЫ

Қалыпқа келтіру хирургиясы ақаулар мен деформацияларды жоюмен айналысатын хирургияның бір тармағы. Сонымен қатар қалпына келтіру хирургиясы косметикалық хирургия деп те аталады.

Бет пен жақты қалпына келтіру хирургиясында жергілікті тіндермен жасалатын пластика, қоректік аяқшасы бар қиық Филатов сабақшасымен және тіндерді еркін көшіру әдістері қолданылады.

Қалпына келтіру оталарын жоспарлау. Беттің, жақтың және ауыз қуысы ағзаларының ақаулары мен деформациялары әртүрлі аурулардың әсерінен болады. Олардың ішінде ауыр қабыну, жаралы-өлеттенген процесстер, инфекциялы аурулар (сүзек, жегі) жарақаттары, әртүрлі ісіктерге байланысты жасалған операциялардан кейін, туа пайда болған ақаулар. Қалпына келтіру оталарын жоспарлау ақау мен деформацияның көлемі мен түріне байланысты.

Бұл оталар медициналық көрсеткіштеріне байланысты алдын ала жасалған жоспар бойынша жасалуы тиіс. Дәрігер науқастың психикалық жағдайын бағалап, қажет болса психоневрологты көмекке шақыруы керек.

Ота жасаудың басты шарты:

1) Ота әдістерін білу.

2) Ақау мен деформацияның жағдайларын мұқият білу. Бұл кезде ақаудың орналасқан жерін, көлемі мен пішінін (енін, ұзындығын, тереңдігін), қандай тіндерінің өлгенін және айналасындағы тіндердің жағдайларын ескеру керек. Жарақатты тексеру және ем жоспарын дұрыс жасау хирургтың бұл мәселені шешудегі басты әрекеті.

3) Отаны ойластырып, жоспарын жасау.

Пластикалық оталарды жоспарлау оның неғұрлым тиімді түрін, анатомиялық, функционалдық және эстетикалық жетістіктерге жету сияқты шараларды өзіне біріктіреді. Бұл үшін 1) ота кезеңдерінің аздығы; 2) пластикалық материалдардың аз жұмсалуы; 3) ауруға қолайсыз жағдайлардың аздығы; 4) толық жазылу уақытының жылдамдығы ескері-леді. Емдеу жоспарын жасау барысында ең алдымен қандай пластикалық материалдың қанша мөлшерде керектігі, пластиканың қай түрі қолда-нылатындығы, шешіліп, көп сатылы отаның ең тиімді жолы таңдап алынады. Дұрыс жоспар құру үшін дәрігер бет құрылысының ерек-шеліктерін біліп, оның жетпеген жерін жобалай білуі керек. Беттің бүтін ағзаларын қалпына келтіру кезінде қолданылатын антропометрия негіздерін міндетті түрде білу қажет. Отаны жоспарлау кезінде беттің фотосуреті маскасы, модельдері дайындалып, жоба суреттері салынады.

Сонымен қалпына келтіру оталарын дұрыс жоспарлау хирургиялық емнің тиімді жасалуының ағзаның анатомиялық пішінінің, қызметінің, көріктілігін, бұрынғы қалпына қайта келуінің тікелей себепшісі болып табылады.