- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Темуров Ф.Т.
ХИРУРГИЯЛЫҚ
СТОМАТОЛОГИЯ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі
Қазақстан Республикасының медицина саласы бойынша жоғарғы
оқу орындарының Астана медициналық университеті АҚ- дағы
Оқу-әдістемелік бірлестігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің
Оқу-клиникалық базасы
Стоматологиялық пәндері кафедрасы
ХИРУРГИЯЛЫҚ
СТОМАТОЛОГИЯ
Оқулық
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы,
жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі Темуров Ф.Т-ның
басшылығымен баспаға дайындалды.
Шымкент-2011 жыл.
УДК 616.31-089
ББК 56.6
Т
Оқулық хирургиялық стоматология пәні бойынша типтік сабақ жоспарына сай
051104-«Стоматология» мамандығы үшін баспаға дайындалған. Қазақстан Республикасының медицина саласы бойынша жоғарғы оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестігі (хаттама №-------) және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Сенатының шешімімен
(хаттама №-------) баспаға рұқсат етілген.
Бұл оқулық Қазақстан Республикасының медицина саласы бойынша жоғарғы оқу орындарының Астана медициналық университеті АҚ- дағы
Оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс тобының кеңесінде бекітілген және
типографиялық әдіспен баспадан шығаруға рұқсат етілген (хаттама №-------).
Оқулық иесі:
Темуров Ф.Т. медицина ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы, хирургиялық стоматология бөлімінің меңгерушісі.
Пікір жазғандар:
Профессор Оразалин Ж.Б.-медицина ғылымдарының докторы,
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі.
Профессор Жұмаділләев Ж.Н.- медицина ғылымдарының докторы,
Қазақстан Республикасы Медицина Ғылым Академиясының корреспондент
мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
ортодонтия курсының кафедрасының меңгерушісі.
Профессор Төлеуов Қ.Т.- медицина ғылымдарының докторы,
Қазақ Медицина Университеті Хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі.
ISBN ------------
Оқулықтағы тақырыптар қазіргі заман білім беру саласының талаптарына және науқастың клиникалық жағдайына байланысты сарапталынып алынған. Әрбір аурудың түрлеріне күрделі де ғылыми тұрғыда, оның клиникалық көріністеріне, нақтамасына сонымен қатар емдеу ерекшеліктеріне сүйене отырып талдау жасалған. Шет ел сөздері арнайы аударылған және аударылған сөздердің қасына қосымша ретінде қойылған. Аудармасын іздеп жатудың қажеті болмайды. Бұйрықтар мен хаттамалардың үлгілері мысал ретінде келтірілген.
Оқулық стоматология факультетінің талапкерлеріне, клиникалық ординатура және аспирантурада оқитын ғылыми қызметкерлерге, жас стоматолог мамандарға арналған.
Қадірлі оқырман қауым!
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар:
Біріншісі-надандық, екіншісі-еріншіктік, үшіншісі-залымдық.
Надандық –білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені
оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік-Хайуандық болады.
Еріншіктік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық.
жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.
Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына
дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан
хисабына қосылады. Осы аталғандардан қашпақ керек........
Абайдың қара сөздерінен
А Л Ғ Ы С Ө З
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналып бүгінгі таңда жаңа Хирургиялық стоматология оқулығы жарық көруде. Оқулықтың Мемлекеттік тілде жарық көруі оқулыққа деген сұраныс себеп болып отыр. Бұл оқу құралының өзегін қамтитын көкей кесті мәселердің бірі бет-жақ аймағына байланысты.
Оқу құралы көп жылдық ерен еңбектің жеміс болып, оқулық иесінің клиникалық ординатурада, аспирантурада Украина дәрігерлер білімін жетілдіру институтында Харьков қаласы және Ресейдің Новокузнецк қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Хирургиялық стоматология кафедрасында оқып жүрген кездерінде өткізген ғылыми-зерттеу клиникалық тәжірибесінің негізі алынып, зерттеу және емдеу әдістерінің заман талабына сай болуы үшін Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Новосібір, Новокузнецк және де басқа көптеген аты әлемге әйгілі мектептердің тәжірибелері сарапталып алынды. Оқу құралындағы мәліметтер ғылыми-тәжірибелік дамудың соңғы оқу бағдарламасына сәйкес ықшамдалып берілді. Халыққа хирургиялық стоматология көмегін көрсету бөлімінде хирург-стоматологтың күнделікті жұмысына керекті басты құжаттары, бұйрықтарымен қатар хирургиялық деонтологияның негізі берілді.
Оқу құралында бет-жақ аймағына айрықша көңіл бөлініп, оның анатомиялық құрылымы, физиологиялық атқаратын қызметі мен қатар қан-тамырлар мен қамтамасыз етілуі және жүйкеленуіне оқулық иесі көп деректер келтірген.
Оқулық ХX-тараудан тұрады және тарау аяқталуымен тапсырманы қайталауға арналған естемелік (еске алу) жаттығу сұрақтары мен қортын-дылап отырылады. Жаңадан көптеген тараулар енгізілген.
Оқулықты баспаға дайындау кезінде оқулық иесі өзінің көп жылдық бай клиникалық ғылыми-зерттеу тәжірибелерінің қортын-дыларын жария ету мен қатар соңғы жаңа ғылыми әдебиеттік деректерге сүйене отырып кең ауқымда оқырмандарға жеткізсем деген ой-талабы болған.
Оқулық стоматология факультетінің талапкерлеріне, клиникалық ординатура және аспирантурада оқитын ғылыми қызметкерлерге, жас стоматолог мамандарға арналған.
Оқулық иесі жіберген кемшіліктері болса, қадірменді оқырмандар сіздерден кешірім сұрай отырып, сын-ескертпелеріңізді және де тиімді де құнды ұсыныстарыңызды шын жүректен құрметпен қабылдайды, соны мен қатар өзінің шексіз алғысын айтады.
Сіздерге деген құрмет ізгі ниетпен оқулық иесі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санатты дәрігер Фазладин Темуров.
І ТАРАУ
