Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘНХ 2016-2017 каз.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.12 Mб
Скачать

III. Рухани-адамгершілік мәдениет.

Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтармен, қазақстандық қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның рухани-адамгершілік және этникалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру.

Міндеттері: оқушылардың келесілерге адамгершілік қатынастарын қалыптастыру:

  • моральдың және этиканың жалпыға ортақ нормаларына;

  • өз қадір-қасиетіне, арына және борышына;

  • ішкі бостандығына және адамгершілік шешімдер қабылдауына;

  • өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне;

  • өз ар-ұжданы мақұлдаған қылықтарға;

  • адамдарға риясыз қызмет етуге;

  • ата-ана, Отан, қоғам алдындағы өз борышына.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

Оқу пәндерінің мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; әлеуметтік, қайырымдылық жобалар дайындау және орындау, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының көппәндік және тәрбиелік ролін күшейту, мектептерде рухани-адамгершілік тәрбие сапасына мониторинг жүргізу, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту.

IV. Зияткерлік мәдениет.

Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі дамытуы, өздігімен білім алуы, өзін-өзі жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру. Оқытудың өзіндік стилін қалыптастыру, алған білімін жаңа жағдайларға алмастыру білігін дамыту. Әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез бейімделудің ортақ қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау;

  • танымдық түрткілерді дамыту;

  • ойлау қызметінің біліктерін дамыту;

  • әрбір тұлғаның жеке-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • тұрақты түрде қазіргі ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру;

  • білімді меңгеру процесінде зияткерлік мәдениет қалыптастыру.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

1. Диагностика:оқушылардың оқу мотивациясын және оқу пәндеріне қатынасын зерделеу: "педагогтердің оқушыларға ықпал ету тәсілдерін айқындау", "педагогтердің коммуникативтік мәдениеті оқушылардың көзімен", оқушылар сауалнамасы, пәндер бойынша тестілеу.

2. Пән апталықтары, олимпиадалар.

249

3. Зияткерлік ойындар, көңіл көтерулер, марафондар, танымдық сайыстар, викториналар (не? қайда? қашан? брейн-ринг, "Ақылды ұл- қыздар", "Жұлдызды сағат", "Ақылдылар мен көңілділер" сайысы, "Өз ойыны", "Кереметтер алаңы", "Әлсіз буын", "Бақытты жағдай").

  1. Зияткерлік марафон, шоу.

  2. Ақылдар Одиссейі.

  3. Тапқырлар шоқжұлдызы.

  1. Әдеби қонақжай.

  2. "Біз тарихты жасаймыз"

9. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-практикалық конференциялар, жобалар байқауы.

  1. Спич, дебаттар, " ХХI ғасыр көшбасшысы".

  1. Әңгіме, сынып сағаттары "Қазіргі адамның сөйлеу мәдениеті", "Мен үшін қымбат нәрсе", "Мен былай деп айтар едім ...".

  1. Пәндер бойынша үйірмелер ұйымдастыру

250

4-қосымша

Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы

Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы бағдарлама талап ететін деңгейдегі, бастауыш кезеңдегі әр пән бойынша оқу материалын баланың меңгеру орнықтылығын қамтамасыз ету үшін арналған.

Бұл нормалар оқушының оқудағы жетісітігін жүйелі бақылауды іске асыруға, кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға, оқушылардың үлгермеушілігін ескертуге мүмкіндік береді. Мұғалім бағалау үшін сандық ұпайды (баға) және бағалау пайымдамасын қолданады.

Сыныптық және үйге жазба жұмыстарының негізгі түрлері оқушыларға үйретуші жұмыстар болып табылады.

Қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, әдебиет, математика, дүниетану бойынша ағымдық және қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.

Қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақыты мұғалімдер келісімі бойынша мектеп басшыларымен құрылған оқушыларды шамадан тыс оқуының алдын алу мақсатында, жалпы мектепішілік кестемен анықталады.

Үйретуші жұмыс түрлерін орындау үшін оқушыларда төмендегі дәптерлер саны болуы қажет:

  • 2-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілінен – 4 дәптер, оның ішңнде бір дәптер мазмұндама мен шығармаға, бір дәптер бақылау жұмыстарына;

  • әдебиеттік оқу бойынша -1 дәптер;

  • математика бойынша – 2-4-сыныптарда - 3 дәптерден (2 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер);

  • шетел тілі бойынша 2-4-сыныптарда – 2 дәптерден (1 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер);

  • дүниетану бойынша – 1 дәптер;

  • бейнелеу өнері бойынша – суреттен 1 дәптер;

  • музыка бойынша –1 нота дәптері.

Қазақ тілі, орыс тілі, математика, әдебиеттік оқу бойынша арнайы дәптерлер бөлінеді, олар оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға қатемен жұмысты орындау үшін беріледі. Ата-аналар оқушылардың бақылау жұмыстарымен ата-аналар жиналысында танысады.

Оқушылардың дәптерлеріндегі жазбалар төмендегі талаптарды сақтап, жазылу қажет:

  • мұқият және анық жазумен жазу;

  • дәптер сыртын бірыңғай толтыру:

Дәптер Астана қаласы №5 орта мектептің

2 «А» сынып оқушысы

251

Муфтахов Шыныбектің математика (орыс тілі) дәптері

Дәптер Астана қаласы №5 орта мектептің