Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вопросы_ВОП_Детские болезни каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Балардағы нефрология синдромы

$$$049

Альпорт синдромына ЕҢ тән клиникалық симптом қайсысы?

А) Сүйек сынғыштығы

В) Құлақ мүкістігі

С) Артериалды гипертензия

D) Бұлшық ет гипотониясы

Е) Маймақтық

$$$050

4 жастағы қыз анасы, қыздың жиі зәр шығаруына, әлсіздікке, аштық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: боз, айқын бұлшықет әлсіздігі бар. Биохимиялық қан талдауында: қант – 4,5 ммоль/л, қалдық азот – 4,8 ммоль/л, калий 3,2 ммоль/л. Жалпы зәр талдауында: ақуыз 0,002 %о, қант 1%, лейкоциттер 5-7 көру аймағында.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Рахит

В) Қант диабеті

С) Қантсыз диабет

D) Бүйректік глюкозурия

Е) Де Тони-Дебре-Фанкони синдромы

$$$051

Ұл бала 1,5 жаста. Қарап тексергенде: аяқтары О-тәрізді, жүрісі «үйрек» тәрізді. Тістері жоқ. Биохимиялық қан талдауында фосфор - 0,5 ммоль/л, сілтілі фосфатаза–5,5 мккат/л, кальций деңгейі - 2,3 ммоль/л, калий - 3,9 ммоль/л.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Рахит

В) Фосфат-диабет

С) Спазмофилия

D) Бүйректік тубулярлы ацидоз

Е) Де Тони-Дебре-Фанкони синдромы

$$$052

9 жастағы қыз, температурасының 390С дейін көтерілуіне, зәр шығару шаншып аурумен болуына шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Анамнезінде: ЖРВИ-мен жиі ауырады. Қарап тексергенде: боз, қабақтары ісінген, көз астында «көлеңкелер» бар. Ұрғылау симптомы екі жағында да оң. Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 15,4х109л, ЭТЖ 36 мм/сағ. Жалпы зәр талдауында: меншікті салмағы 1015, белок 0,047%о, лейкоциттер 10-12 көру алаңында, шырыш +.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

A) Цистит

B) Пиелонефрит

C) Гломерулонефрит

D) Зәр тас ауруы

E) Тұқым қуалаушы нефрит

$$$053

13 жастағы қыз беліндегі ауру сезіміне, зәр шығарғанда шаншып ауруға, шаршағыштыққа, температурасының көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 380С, қабақтарында ісіну. Ұрғылау симптомы екі жағында да оң. Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 15х109/л, ЭТЖ 12мм/сағ. Жалпы зәр талдауында: ақуыз 0,066 %о, лейкоциттер 13-14 көру алаңында, бактериялар ++.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?

А) Рентгенография

В) Цистоскопия

С) Экскреторлы урография

D) Бүйрек сцинтиграфиясы

Е) Ультрадыбысты зерттеу

$$$054

Ұл бала 11 жаста, іштің оң жағындағы бөлігіндегі, шап аймағына берілетін кенеттен пайда болған ауру сезіміне, жиі, ауру сезіммен зәр шығаруға, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Физикалық жүктемеден кейін ауырған. Қарап тексергенде: мазасыз, үзіліссіз отырған қалпын өзгертеді. Іші кернелген, ауру сезіммен. Ұрғылау симптомы екі жағында да оң. Жалпы зәр талдауында: ақуыз 0,036%о, лейкоциттер 10-12 көру алаңында, эритроциттер 10-13, ураттар ++, шырыш +.

Көрсетілген препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ бірнші орында ?

A) Амоксициллин

B) Пипемидин қышқылы

C) Налидикс қышқылы

D) Триметоприм

E) Дротаверин

Іштегі ауру синдромы

$$$055

Қанжар сұққандай іштегі ауру сезімі көрсетілгендер ішінде қандай ауру үшін ЕҢ тән:

А) Холецистит

B) Жара перфорациясы

C) Панкреатит

D) Аппендицит

E) Перитонит

$$$056

Ұл бала 4 жаста, кенеттен мазасызданып, қыңырланды, ұйқысы бұзылып, кіндік аймағында ауру сезімі пайда болды, бірнеше құсқан. Қарап тексергенде: пульсі минутына 100 рет, температурасы 380С. Бала аз қозғалады, оң бүйірімен, аяқтары ішіне тартылған қалыпта жатыр, Іштің оң жақ төменгі бөлігінде бұлшық ет күші пассивті, Щеткина-Блюмберга симптомы оң. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 15х109/л ЭТЖ 35 мм/сағ. Нәжісі сұйық шырышпен.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Жедел гастрит

B) Жедел аппендицит

C) Дизентерия

D) Вирусты гепатит

E) Жедел панкреатит

$$$057

Ұл бала 8 жаста, төс етек аймағындағы, оң иығы пен жауырынына берілетін кенеттен пайда болған ауру сезіміне, лоқсуға, құсуға, көп мөлшерде сілекей ағуына шағымданады. Мектепте түстенеді. Қарап тексергенде: Сол бүйірімен жатыр, дене температурасы 37,50C. Іші жұмсақ, төс етек аймағында ауру сезмі бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Геморрагиялық васкулит

B) Жедел аппендицит

C) Вирусты гепатит

D) Жедел панкреатит

E) Тағамдық токсикоинфекция

$$$058

10 жастағы қыз, ішіндегі және аяқтарының буындарындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: денеінің терісінде майда нүктелі геморрагиялық бөртпелер бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 110г/л, лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Грегерсон реакциясы оң.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы:

А) Жедел гастрит

B) 12-елі ішек жарасы

C) Тағамдық токсикоинфекция

D) Жедел аппендицит

E) Геморрагиялық васкулит

$$$059

Ұл бала 10 жаста, іштің оң жақ жоғарғы квадрантындағы кенеттен пайда болған жедел ауру сезіміне, лоқсу мен өт қоспасымен құсуға, температурасының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: тілі құрғақ, ақшыл сұр жабындымен жабылған. Іші шамалы кепкен, алдыңғы құрсақ қабырғасы кернелген, оң жартысы тыныс алу актінде қалып қояды, терең пальпациялау мүмкін емес. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ.

Көрсетілген препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ бірнші орында ?

А) Дротаверин 0,04 х 3 рет ішке

B) Метамизол натрий 0,5 х 2 рет ішке

C) Спирамицин 3 млн МЕ х 2 рет ішке

D) Аллохол 1 таблеткадан х 3 рет ішке

E) Фуразолидон 0,02 х 3 рет ішке

$$$060

12 жастығы ұл бала. Шағымдары: іштің сыздап ауруы және таңғы астан кейін лоқсу, тәбетінің төмендеуі, ауамен кекіру, бас ауруы, әлсіздік. Қарап-тексергенде: іш шамалы үрленген, пилородуоденальды аймақтың ауырсынуы.Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,6х1012/л, гемоглобин 110г/л, лейкоциттер 10,5х109/л, ЭТЖ 15мм/сағ. Іш қатуға бейімдік бар. Биопсияда: төсеуші жасушалардың басым зақымдалуымен жүретін асқазан бездерінің гиперплазиясы.

Келтірілген дәрілік заттардың қайсысын ЕҢ бірінші кезекте қолдану қажет?

А) Омепразол

B) Метронидазол

C) Дротаверин

D) Амоксициллин

E) Домперидон