Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция КАЗ.ФОӘ.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Резерфорд моделі.

Радиоактивтілік құбылыс ашылғаннан (1896ж) кейін атом құрлысының к.рделі екендігі анықталды.

1966 ж. Резерфорд атом құрлысын зерттеу үшін фундаменталды атқылау нәтижесінде, -бөлшектерінің шашыррайтындығын байқады. Зерттеу нәтижесінде көпшілік -бөлшектері затпен өткенде өзінің бастапқы бағытын сақтап, ауытқымай қалатындығын, ал аздаған бөлігі бастапқы бвағытынан ауытқитындығы анықталды. Резефорд және оның оқушылары Гейгер және Марсдон -бөлшегінің іздерін фотоплатикаға түсіріп, аытқуларын анықтады. Осылай ауытқыған -бөлшектерін зерттеу үшін ацинтилляция әдісін қолданды. Осы әдіс арқылы металл фолгадан шашырап бастапқы бағытына ауытқыған -бөлшегінің саны, төрт дәрежелі шашырау бұрышының жартысының синусына кері пропорционал болатындығын анықтады,

яғни

(1).

Осыларды қорыта келіп Резерфорд мынадай қортындыға келді.

  1. Түскен -бөлшегі шашыраған -бөлшектері -бөлшегінен көп үлкен болады.

  2. Кейбір -бөлшегі өте үлкен бұрышқа шашырайды, және кері қарай шашырайтын бөлшектерде кездеседі.

  3. Шашытау бұрышы артқанда шашыраған саны кемиді.

Нейтрондардың ерекше қасиеттерiн, оларды классификациялауды, ядролық реакцияны қоздыруға баяу нейтрондардың әсерлiлiгi, ядроның бөлiну реакциясын, тiзбектi реакциялар, нейтрондардың көбею коэффициентi, критикалық масса, ядролық реактор, ядролық энергетика, термоядролық реакция, оларды жүзеге асыру шарттары туралы бiлу керек.

2. Элементер бөлшектер туралы оқығанда бiрiншi және екiншi космостық сәулелену, олардың құрамы, екiншi сәулеленудiң жұмсақ және қатты компоненттерi туралы мағлұмат алу керек.

Мюондар, - және k – мезондар, олардың негiзгi қасиеттерi (заряды, массасы, спинi, өмiр сүру уақыты, ыдырау реакциясы) туралы бiлiп, элементар бөлшектердiң өзара әсерлесу түрлерiн ажырата алу қажет.

Бөлшектер мен керi бөлшектер (античастицы) олардың қасиеттерi, гиперондар олардың қасиеттерi туралы бiлу керек.

Элементер бөлшектердi классификациялау (фотондарға, лептондарға, андрондарға), кварктер туралы түсiнiк алу қажет.

Лекция № 9 Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі

Педагогика мен дидактика жөніндегі басшылықтарда, классификациясының негізіне қандай елеулі белгі алынғанына байланысты, оқыту методтарының әр түрлі классификацияларын келтіреді. Классификациялауға оқушылар білімдер мен дағдыларға ие болатын қайнар көзді негіз етіп алып, барлық методтарды үш үлкен топқа — сөздік, көрнекілік және практикалық топтарға бөлуге болады.

Сөздік методтар: мұғалімнің материалды баяндап беруі (лек­ция, әңгімелеу, түсіндіру), әңгімелесу, кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдары, анықтама және басқа әдебиет) жұмыс істеу.

Көрнекілік методтар: мұғалімнің тәжірибе жасап көрсетуі, көрнекі құралдарды (жұмыс істеп тұрған машиналар мен техникалық қондырғыларды, макеттерді, схемаларды, суреттерді, чертеждарды, коллекцияларды) көрсету, оқу кинофильмдерін көрсету.

Практикалық методтар: оқушылардың эксперименттік және практикалық жұмыстары, үлестірме материалмен істелетін жұмыс, жаттығулар (есептер шығару, графиктер салу және олар-мен жұмыс істеу, кинематикалық схемалармен жұмыс істеу).

Алғашқы екі топ оқушылардың білімдер мен логикалық ойлау дағдыларын алуына көмектесетін методтарды қамтиды. Кітаппен жұмыс істей отырып мектеп оқушылары білімдерге және суреттерді, схемаларды, чертеждарды, таблицаларды пайдалану шеберліктеріне ие болады. Үшінші топ оқушылардың білім алуларына ғана емес, сондай-ақ оларда приборлармен,

схемалармен, чертеждармен жұмыс істеудің практикалық шеберліктерін және дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін методтарды да қамтиды.

Оқыту методтарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір жағдайларда қандай да бір оқу-тәрбие міндеттерін шешкенде оңды нәтижелерге алып келеді. Бірде-бір методты универсал, кез келген міндеттерді шешуге жарамды деп есептеуге болмайды.

Методтарды сабақтың алдына қойылған міндеттерді анағұрлым тиімді шешуге қол жеткізетіндей етіп дұрыс ұштастырудын, маңызы зор. Мысалы, VII сыныптарда физикалық заңдарды оқып үйренгенде эвристикалық әңгімелесу методын тәжірибелер жасап көрсетумеи ұштастырған; күрделі приборлардың құрылысын оқып үйренгенде — мұғалімнің түсіндірулерін приборларды көрсетумен және схемаларды пайдаланумен, ал күрделі емес приборлардың құрылысын оқып үйрену кезінде (мысалы, балқы­малы сақтандырғыштарды, қыздыру электр лампыларын) окулықпен және үлестірме материалдармен істелетін жұмыстармен ұштастырған жөн.

Оқыту методтарын таңдаған кезде сабақтың мақсаты мен міндеттерін, оқу материалының мазмүнын оның оқулықта баяндалу сипатын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, класс құрамының өзгешеліктерін (дайындық дәрежесі және басқа), физика ғылымының методтарын, физика кабинетінде жабдықтың болуын ескеру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]