Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция КАЗ.ФОӘ.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

№ 02-9/1-2012

Білімгердің оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)

Оқу-әдістемелік басқарма

25 беттің 25 беті

СМЖ «Оқу-әдістемелік»

ҮК НҮ 07 - 2011

Баспа 1.Дана №1


Физиканы оқыту әдістемесі пәнінен лекция тезистері

Лекция № 1 – 2 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі(фоә) – педагогикалық ғылым.Оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.Физиканы мектепте оқытудың негізгі міндеттері

Оқу құралы екі бөлімнен тұрады:

1) мектептегі физикалық оқыту әдістемесінің теориялық және жалпыдидактикалық негіздері баяндалады;

2) 7 – 11 сыныптарда физикадан оқытылатын жеке тараулары мен тақырыптардың (оқытылатын) оқыту әдістемесі көрсетілген.

ФОӘ-нің негізгі міндеті:

  1. мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;

  2. оқушыларға физикалық білімдер мен дағдылардың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету;

Демек, ФОӘ-і студенттерге кәсіптік – әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді.

Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты – физика пәнін мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен тарихын терең түсінуі.

ФОӘ мектеп үшін мынандай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады;

  1. Физика пәнінің әрбір басқыштарында оқылатын оқу материалдарының көлемі мен мазмұнын анықтау;

Мысалы,газдардың қысымын бірінші басқышта, термодинамика негіздерін екінші басқышта оқимыз.

Жарық құбылыстары әрі бірінші басқышта, әрі екінші басқышта да оқытылады. Мұның дәлелін ФОӘ-сінен ғана табамыз.

  1. Оқу материалының баяндаудың жүйелілігін анықтау.Оқылатын материалдың бірізділігі:оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс. Мысалы,кинематикада алдымен бірқалыпты,бірқалыпсыз, сонан соң, бірқалыпты үдемелі және кемімелі түзу қозғалыстарды оқыту көзделінеді.

  2. Оқушылардың оқу материалдарын оңай меңгеруінің тиімді әдістерін және мұғалімнің әртүрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мысалы,ауызша баяндау, әңгімелеу,сұрақ-жауап,эксперимент,анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау (модельдеу), т.б.

  3. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететін физиканы оқытуға қажетті материалдық-техникалық базасын анықтау.

  4. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік беретіндей сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізудің әдістемесін жасау(физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада,т.с.с.).

  5. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін(ғылыми-материалистік, патриоттық,эстетикалық,этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарына бағдар-бағыт беру.

  6. Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

Мұның бәрін жинақтап, ФОӘ-сінің басты міндеттерін қысқаша былай өрнектеуге болады:

ФОӘ=A+B+C, мұндағы А-не үшін оқытамыз; B-физикада неге үйретеміз, С-физиканы қалай оқытамыз.

Лекция №3 Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары;

Оқу материалын күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау

Физиканы оқыту процессінде әрқашан мұғалім алға қойған мақсатқа жету үшін оған сәйкес оқыту әдістерін қолданумен қатар , оны дұрыс ұйымдастырып , нәтижелі өткізудің әртүрлі формаларын пайдаланады.Оқыту әдістері мен оқыту процестерін ұйымдастыр формалары бір-бірімен тығыз байланысты . Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса , ал оқыту процестерінің формалары оқушылардың оқу әрекетіне ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.

Осы тұрғыдан мектепте физиканы оқыту жүйесі сабақтан , кино-телевизиялық лекциядан , оқу-өндірістік лекциядан , оқу конференциясы мен семинарлардан , физикалық практикумнан , өздігінен кітап-оқулықпен немесе бақылау-тәжірибесімен айналысуынан тұрады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]