Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЗХТ,ОЗХТ_Лекционный комплекс-Ботаева-Акбаян.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

4. Бірқалыпты шеңберлі қозғалыс

Материялық нүкте шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда оның жылдамдығының модулі тұрақты болады . Бір – біріне тең уақыт аралығында қозғалған нүкте ұзындықтары бірдей доғаларды өтеді және айналу орталығына байланысты бірдей бұрыштарға бұрылады.

Бұрыштық жылдамдық:

Сызықты және бұрыштық жылдамдықтар байланысы

Нүктенің шеңбер бойымен бір толық айналым жасайтын уақытты Т – период деп атайды.

Периодқа кері шама – айналу жиілігі . Егер t уақытта дене N толық айналым жасаса

Нүкте бірқалыпты шеңберлі қозғалыста болғанда оның жылдамдығы бағыты бойынша өзгереді. Бұл жағдайда үдеу айналу орталығына бағытталады және орталыққа тартқыш немесе нормальдық үдеу деп аталады

5. Қисықсызықты айнымалы қозғалыс Тангенциалдық, нормальдық және толық үдеу

Жалпы жағдайда дене қисықсызықты айнымалы қозғалыста болады. Бұл жағдайда оның жылдамдығының модулі де, бағыты да өзгереді.

Кез-келген қисықсызықты қозғалыс траекториясын түзу және шеңбер доғалары кескіндерінен құралады деп есептеуге болады.

Қисықсызықты қозғалыс болғанда үдеуді екі құраушыға жіктеуге болады:

- тангенциалды, траекториялаға жанама бағытталған

- нормальдық, қисықтың орталығына бағытталған

Толық үдеу

, мұнда R – траекторияның тиісті нүктесіндегі қисықтың радиус

Тангенциалдық үдеу - жылдамдық модулінің өзгерісін сипаттайды, ал нормальдық үдеу - жылдамдық бағытының өзгерісін сипаттайды (оны басқаша – орталыққа тепкіш деп те атайды).

6. Ауырлық өрісінде дененің қозғалысы

Екі шарт орындалса:

  1. Ауаның кедергісі аз, оны ескермеуге болады

  2. Дененің жер бетінен көтерілу биіктігі Н<<Rж .

Жер радиусынан көп кем (Rж = 6370 км). Жер бетінен көкжиекке бұрыштап лақтырылған дененің қозғалысын бірқалыпты үдемелі деп есептеуге болады. Онда траекторияның әрбір нүктесінде үдеу тұрақты ( = 9,8 м/с2 – еркін құлау үдеуі) және ол вертикальды төменге бағытталған жер бетінде дене лақтырылған нүктеде координаттар жүйесінің бастапқы нүктесін орналастырайық. Осындай санақ жүйесін таңдап алғанда

қөзғалыс теңдеуі:

жылдамдық теңдеуі:

  1. Динамика Масса. Күш. Күштердің қосылуы, жіктелуі

Динамика – механикалық қозғалыстың туындауын және өзгерісін зерттейтін механиканың бөлімі.

Масса m – денінің инерттілігін сипаттайтын скалярлық физикалық шама. Инерттілік – дененің өз жылдамдығын (тыныштығын) сақтауға тырысатындық қасиеті.

Сонымен қатар масса – дененің басқа денелермен өзара гравитациялық (тартылыс) әрекеттесуін сипаттайтын шама. [m] – кг, килограмм.

Күш бағытталған түзуді – күш әрекетінің сызығы деп атайды. Денеге қатарынан бірнеше күш әсер етсе, онда олардың геометриялық (векторлық) қосындысына тең бір – теңәсерлі күшпен алмастыруға болады.

Кез-келген күш векторын құраушыларға жіктеуге болады. Мысалы

8. Ньютонның бірінші және үшінші заңдары Галилей салыстармалылық принципі

Ньютонның бірінші заңы: Денеге басқа денелер әсер етпегенде, немесе олардың әсерлері өзара теңескенде дене тыныштық немесе түзусызықты бірқалыпты қозғалыс күйін сақтайтын санақ жүйелері бар. Мұндай санақ жүйелерін – инерциялдық деп атайды.

Табиғатта ИСЖ бар. ИСЖ – де егер , онда (немесе )

Басқа денелер немесе өрістер денеге әсер етпесе ол денені еркін (оқшауланған) дене деп атайды.

Еркін дененің инерциалдық санақ жүйесіндегі түзусызықты бірқалыпты қозғалысын – инерция бойынша қозғалыс деп атайды.

Инерциалдық санақ жүйесіне қатысты тұрақты жылдамдықпен қозғалған санақ жүйесі – ол да инерциалдық.

Галилей салыстырмалық принципі: барлық инерциалдық санақ жүйелерін тең түрде қолдануға болады, олардың бәрінде механикалық құбылыстар бірдей өтеді.

Ньютоннның үшінші заңы: инерциалдық санақ жүйелерінде екі дененің өзара әрекеттесу күштерінің модульдері тең, ал бағыттары қарама-қарсы:

,