Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЛОК 3 мет. 5 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
284 Кб
Скачать
☆
  1. тот басқан қақырықты жөтел

  2. өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар

  3. өкпеде ысқырықты сырылдар

  4. Инспираторлы ентігу

  5. перкуссия кезінде өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталу

8. Аталған дәрілердің қай тобында бронхкеңейткіш әсері бар?

  1. b2-адреномиметиктер

  2. М-холиномиметиктер

  3. ганглиоблокаторлар

  4. a-адреноблокаторлар

  5. нитраттар

9. Шынайы дифтериялық крупқа мына белгілер тән:

  1. қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел

  2. дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы

  3. дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды

  4. таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы

  5. стеноз кенеттен пайда болады, әсіресе түн мезгілінде

10. Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі ұстамасымен науқастарға жедел көмек көрсетудің дұрыс ретін көрсетіңіз:

  1. сальбутамол, эуфиллин, преднизолон

  2. интал, эуфиллин, преднизолон

  3. пульмикорт, оттегі, эуфиллин

  4. преднизолон, эуфиллин, оттегі

  5. эуфиллин, преднизолон, задитен

11. БД ұстамасымен науқасты ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер:

  1. БД орташа ауырлықтағы ұстамасы

  2. 1-2 сағат көлемінде бронх кеңейткіш препараттар нәтижесінің болмауы

  3. БД жеңіл ұстамасы

  4. БД гормонға тәуелді формасымен барлық науқастар

  5. Қосымша аурулардың болуы

12. Төменде аталған препараттардың қайсысы селективті b2-адреномиметик болып табылады ?

  1. адреналин

  2. преднизолон

  3. эуфиллин

  4. атровент

  5. беротек

13. b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну дамиды?

  1. анафилактикалық шок

  2. өкпенің ісінуі

  3. кененттен өлім

  4. демікпелік статус

  5. гипертензивті криз

14. БД ұстамасының жедел терапиясында таңдаулы препарат болып табылады:

  1. ұзақ әсер ететін b2-агонисттер

  2. қысқа әсер ететін b2-агонисттер

  3. b1 және b2 агонисттер

  4. антихолинергиялық препараттар

  5. ИГКС

15. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы (ПСВ) төмендегі әдістің көмегімен анықталады:

  1. пульсоксиметр

  2. спирометр

  3. глюкометр

  4. пикфлоуметр

  5. пневмотахометр

Ситуациялық есептер

1. 63 жастағы науқаста бронх демікпесі ұстамасын жою кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды. Нәтижесінде науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ ентігу және ысқырықты сырыл сақталады. Науқасқа қандай препаратты енгізу қажет?

  1. интал

  2. алупент

  3. теофиллин

  4. преднизолон

  5. тербуталин

2. 13 жасар қыз бала. Шағымдары: құрғақ жөтел, тамағында жыбырлау сезімі. Дене температурасы 37,5°С. 3 күн бері ауырады, суықтаумен байланыстырады. Өкпе аускультациясында дем шығаруы ұзарған везикулярлы тыныс, құрғақ сырыл. Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. бронх демікпесі

  2. созылмалы бронхит

  3. жедел бронхит

  4. құрғақ плеврит

  5. Пневмония

3. Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. . Өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы

  2. Бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I

  3. Екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I

  4. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі .

  5. Бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.

4. Науқас 24 жаста. Құрғақ, қатаң, «үрген» тәрізді жөтел, тұншығу мазалайды. Анамнезінде: қатты суық тиіп апта бойы ауырған. Қарап-тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.Мойын бездері екі жағынан ұлғайған, басқанда шамалы ауырады. Бездердің айналасындағы тіндер ісінген, дауысының қарлығуы үдеп, тұрақты афонияға ауысқан. Аңқасын қарағанда: ақ сұр түсті қиын алынатын жабындылармен жабылған. Тынысы шулы. Өкпесінде а везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Қандай ауыру туралы ойлауға болады?

  1. шынайы дифтериялық круп фонында жітілеу көмей стенозы

  2. жіті фарингит

  3. демікпе статусы

  4. созылмалы фарингиттің өршуі

  5. кеңірдекте бөгде зат

5. Науқас Д., 55 жаста. Кәсібі көлік жүргізушісі. Шырышты– іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Аталған шағымдар бүгін күндіз басталған. Суықта тұрып ұзақ уақыт көлігін жөндеген. Ешқайда қаралмаған, ем қабылдамаған. Бұрын 10-15 жылдан бері таңертіңгісін құрғақ жөтел мазалап жүрген. дене температурасы 37,5 С. ТЖ – 23 минутына. Өкпе аускультациясы: өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірікөпіршікті сырылдар. Өкпе перкуссиясында қорап тәрізді дыбыс. Болжам диагнозыңыз: