Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЛОК 3 мет. 5 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.65 Кб
Скачать

3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

1 сабақ. Тақырыбы: Жіті тыныс жеткіліксіздігі.

Мақсаты: жіті тыныс жетіспеушілігінің ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем көрсету дағдыларын студенттерде дамыту.

Оқыту міндеттері:

  • Студенттерді ЖТЖ жіктелуімен, этиологиясымен таныстыру

  • Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде пневмонияның ағым ерекшелігімен таныстыру.

  • Ауруханаға дейінгі кезеңде пневмонияның диагностикалық және жедел жәрдем көрсету дағдыларын студенттерге үйрету.

  • Студенттерді спонтанды пневмоторакстың клиникасымен диагностикасымен таныстыру

  • Студенттерді спонтанды пневмоторакстың ауруханаға дейінгі сатыда жедел жәрдем алгоритмімен таныстыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Жедел тыныс жетіспеушілігін шақыратын факторлар

  • Жедел тыныс жетіспеушілігінің ауырлық дәрежелері. Гипоксемия және гиперкапния, гипоксияның түрлері

  • Ауруханаға дейінгі кезеңде ЖТЖ кезінде жедел жәрдем көрсету алгоритмі

  • ЖТЖ кезінде тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру әдістері

  • Шұғыл түрде ӨЖЖ жасаудың көрсеткіші

  • Ауруханаға дейінгі кезеңде пневмонияның диагностикасы мен жедел жәрдемі

  • Балалар мен қарттардағы пневмонияның ағым ерекшелігі

  • Ауруханаға дейінгі кезеңде спонтанды пневмоторакстың жедел жәрдемі

Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2007. =704.

3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б

4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.

5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.

6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.

Бақылау:

Тесттер

1.Балалардағы тыныс жүйесінің ерекшелігі:

  1. оттегіге зәруліктің төмендігі

  2. тыныс жолдарының тарлығы мен васкуляризациясының көптігі

  3. сурфактант белсенділігінің жоғары болуы

  4. терең тыныс

  5. тыныс орталығы клеткаларының жоғары талғампаздығы

2. Тыныс жетіспеушілігі этиологиясы бойынша:

  1. гемолитикалық

  2. су-электролиттік

  3. орталық генезді

  4. вазоконстрикторлы

  5. атопиялық

3. Балаларда тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :

  1. терінің мрамор тәріздес болуы

  2. күрт қозу, мазасыздану

  3. физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу

  4. акроцианоз

  5. тұрақсыз гемодинамика

4. Балаларда тыныс жетіспеушілігі III дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :

  1. диффузды цианоз

  2. тахикардия, гипотонияға бейімділік

  3. терең, сирек тыныс

  4. физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу

  5. жөтелу рефлексінің болмауы

5. Кеңірдек интубациясын жасау көрсеткіштері:

  1. брадикардия

  2. апное

  3. бронх демікпесі ұстамасының ауыр дәрежесі

  4. гипотония

  5. ашық пневмоторакс

6. ЖТЖ кезінде негізгі гипоксия түрлеріне аталғандардың біреуі ЖАТПАЙДЫ,соны атаңыз :

  1. гипоксиялық гипоксия

  2. тіндік гипоксия

  3. гемдік гипоксия

  4. циркуляторлы гипоксия

  5. физиологиялық гипоксия

7. Жіті тыныс жеткіліксіздігінің ең ерте белгісі :

  1. цианоз

  2. тахипноэ

  3. мойын көк тамырларының ісінуі

  4. тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы

  5. инспираторлы ентігу

8. Екінші дәрежелі жедел тыныс жеткіліксіздігіне тән емес:

  1. қозғыштық

  2. 1 минутта тыныс жиілігінің саны 40 ретке дейін

  3. қатты тершеңдік

  4. терінің дақты цианозы

  5. артериальды гипертензия

9.Төменде аталғандардың қайсысы жедел тыныс жеткіліксіздігінің себептеріне жатады?

  1. фосфорорганикалық қосылыстармен улану

  2. семіздік 3 дәрежесі

  3. асқазандағы бөгде зат

  4. ботулизм

  5. эпистатус

10. Артериялық қанның оттегімен қанығуы қалыптыда болады:

  1. 95-97%

  2. 94-91%

  3. 90-85%

  4. 84-80%

  5. 80%-дан төмен

11. Артериялық қанның оттегімен қанығуын анықтаудың жәй және тиімді әдісі

  1. пульсоксиметрия

  2. спирометрия

  3. глюкометрия

  4. пикфлоуметрия

  5. пневмотахометрия

12. Пневмонияның өмірге қауіпті асқынуын атаңыз:

  1. жұқпалы-токсикалық шок

  2. миокардит

  3. перикардит

  4. өкпе эмфиземасы

  5. плеврит

13. Балаларда тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :

  1. Терінің мрамор тәріздес болуы

  2. күрт қозу, мазасыздану

  3. физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу

  4. акроцианоз

  5. тұрақты емес гемодинамика

14. Жүректің және аралықтың сау өкпеге қарай ығысуы мына жағдайда байқалады:

  1. өкпе ателектазында

  2. қақпақшалық пневмоторакс кезінде

  3. жабық пневмоторакс кезінде

  4. экссудативті плевритте

  5. өкпе эмфиземасында

15. Кернелген пневмоторакс кезінде ауаны шығару мақсатында жасалатын плевральды пункцияның нүктесін көрсетіңіз:

  1. ортаңғы қолтық асты сызығымен 7 қабырға аралық

  2. артқы қолтық асты сызығымен 7 қабырға аралық

  3. бұғана ортаңғы сызық бойымен 2 қабырға аралық

  4. ортаңғы қолтық асты сызығымен 5 қабырға аралық

  5. бұғана ортаңғы сызық бойымен 4 қабырға аралық

Ситуациялық есептер

1. Спонтанды пневмотораксы бар науқаста жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болды,ортаралық ағзалар қарама-қарсы жаққа қарай ығысты,сау өкпенің желденуі азайды. Қандай асқыну болуы мүмкін?

  1. пневмония

  2. жіті бронхит

  3. кернелген пневмоторакстың дамуы

  4. теріастылық эмфизема

  5. тыныс жолдарында бөгде зат

2.Кеуде жарақатымен науқаста кенеттен беті ісінді, мойны және басы көлемі жағынан ұлғайды. Пальпацияда крепитация (қар сықыры) анықталады. Қандай патологияны ойлауға болады?

  1. Ашық пневмоторакс

  2. Жабық пневмоторакс

  3. Кернелген пневмоторакс

  4. Гемоторакс

  5. Кеуде аралық эмфиземасы

3. Жоғары қызбамен және қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелмен 60- жасар науқас мас күйінде табылды. Шағымдары: ентігу, айқын үдемелі әлсіздік, кеуде торындағы ауру сезімі, қалтырау. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, оң өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар. ТЖ 24, ААҚ 90/60, ЖСЖ минутына 120 рет.

Болжам диагноз:

  1. Өкпе абсцесі

  2. Эксудативты плеврит

  3. Оң жақтық крупозды пневмония

  4. Аспирациялық пневмония

  5. Жедел респираторлы синдром.

4. 62- жасар ер кісі дене температурасының жоғарлауына, қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелге шағымданады. Анамнезінен: жедел ауырған. Объективті: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің тығыздануының клиникалық белгілері. Болжама диагноз:

  1. Пневмококкты пневмония

  2. Фридлендер пневмониясы

  3. Аспирациялық пневмония

  4. Паракарциноидты пневмония

  5. Интерстициалды пневмония

5.Терапиялық бөлімшеге 80 жасар науқас түсті. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасының 39,3 С жоғарлауы, басының ауруы, әлсіздік. Жедел ауырған , бір күн бұрын тағам қалдығымен шашалып, қатты жөтелу мазалаған. Лор-дәрігер кеңесі: патология анықталмаған. Кеуде ағзаларының рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация. Бұл науқаста пневмонияның қай түрі дамыған:

  1. Пневмококкты пневмония

  2. Стафилококкты пневмония

  3. Фридлендер пневмониясы

  4. Аспирационды пневмония

  5. Паракарциноидты пневмония

3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

2 сабақ. Тақырыбы: Ларингоспазм, бронхоспазм.

Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда ларинго-бронхоспастикалық жағдайлардың диагностикасы мен жедел жәрдемі көрсету дағдыларын студенттерде дамыту

Оқыту міндеттері:

1.Студенттерді ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлармен таныстыру

2. студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде жедел стеноздық ларингиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.

3. Студенттерді жедел бронхиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.

4. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде бронх демікпесі ұстамасының клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.

5. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде созылмалы обструктивті бронхиттің клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.

6. студенттерді Бронхолитикалық, муколитикалық дәрілердің клиникалық фармакологиясымен таныыстыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлар.

2. жоғарғы тыныс жолдарының бөгде дене түсуімен, аллергиялық реакциялармен шақырылған бронхоспазм, ларингоспазм кезінде жедел жәрдем көрсету.

3.Жедел стеноздық ларингит, диагностикасы, күлдің салыстырмалы диагностикасы

4. Созылмалы обструктивті бронхит, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, клиникасы және жедел жәрдем

5. Бронх демікпесі, жіктелуі, асқынулары

6. бронх демікпесі ұстамасының ауырлығын бағалау денгейі, ауруханаға дейінгі сатыда бронх демікпесінің тұншығу ұстамасын басу.

7. ЖМЖ жағдайында ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды басу үшін небулайзер қолдану.

Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2007. =704.

3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б

4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.

5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.

6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.

Бақылау:

Тесттер

1. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы ларингостенозға тән:

  1. экспираторлы ентігу, қақырық аралас жөтел

  2. инспираторлы ентігу, үрген жөтел

  3. шулы, ысқырықты, дистанционды құрғақ сырыл

  4. құрғақ жөтел , тері жамылғысының бозаруы

  5. құрғақ жөтел , тырысулар

2.14 жас аралығындағы балаларда небулайзер арқылы бронхолитиктердің бір реттік мөлшері:

  1. 5-20 тамшы

  2. 20-40 тамшы

  3. 40-60 тамшы

  4. 60-80 тамшы

  5. 80 және оданда жоғары тамшы

3. Комбинирленген препарат беродуал құрамы:

  1. пульмикорт және атровент

  2. беротек және интал

  3. изопреналин және будесонид

  4. астмопент және беротек

  5. фенотерол және ипратропиум бромид

4. Нәрестелерде ларингостеноздың дамуына мына себеп басым болады:

  1. бронх шырышының ісінуі

  2. бронх тегіс бұлшықеттерінің спазм

  3. альвеолярлы-капиллярлы мембрана диффузиясының бұзылысы

  4. тыныс орталығының жетілмеуі

  5. кеңірдектің кең болуы

5. Ларинготрахеит, стеноздың I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем

  1. глюкокортикоидтар

  2. эуфиллин

  3. оттегі

  4. сілтілі ингаляция

  5. кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ

6. Ларинготрахеит, көмекей стенозының I I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем:

  1. эуфиллин

  2. -стимуляторлар

  3. глюкокортикоидтар

  4. өкпені жасанды желдендіру

  5. гипотензивті дәрілер

7. Бронх демікпесі клиникасына тән: