Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК - Ресурстарды орау техн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Реагенттерді енгізудің технологиялық схемасын пайдалану

Араластыру құрылғыларының тиімділігін жоғарылатуда реагент енгізуді ортақтандыру, өңделетін сумен араласудың технологиялық схемасын унификациялау үлкен орын алады.

Мысал ретінде, Астана қаласының су құбырында жүргізілген реагентті енгізудің технологиялық схемасын және бастапқы сумен араласуын жөнге қосу жұмыстарын айта кетуге болады. Астана қаласының суқұбырында орналасқан тазалау бекетінің әрқайсысы 10мың м3/теу болатын, Гипрокоммуноводоканал институтының типтік жобасымен соғылған, бес блоктан тұрады. Блоктар қала қажеттілігінің өсуіне қарай орналасқан (4а,б сур.).

Реагент енгізу жүйесін дамыту үшін ғимараттарда үш істегі араластырғыш (бірінші және екінші блоктар үшін, үшінші және төртінші блоктар жалпыға үшін), қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштермен және қарапайым сүзгілермен бір кешенде жұмыс істейді. Бірнеше сорғыштың болуы реагентті әр жерден енгізуге мүмкіндік берді. Ол нақты мөлшерлеуді және мөлшерленген реагент ерітіндісін араластырғыш бойынша біркелкі таралуын қамтамасыз ете алмады. Коагулянт және хлор әр араластырғышқа жеке енгізіліп, ал полиакриламид (коагулянт пен полиакриламид енгізудің арасында бөлініс болу үшін) әр мөлдіреткіштің алдында қосылды. Бұдан басқа 5-ші блок ғимаратын жобалау мен құрылыс жұмысы жұмыс істеп тұрған басқа блок ғимараттарына дұрыс байланыстырылмаған. Бесінші блок пен басқа блоктар арасындағы биіктік белгілерінің айырмашылығы 0,5-0,8м болды.

4 Сур. Суқұбыр тазарту бекеттерінің схемасы

а) өнімділігі 37мың м3/теу қайта құруға дейін;

б) өнімділігі 50мың м3/теу қайта құрудан кейін.

1-мөлдірлеткіш; 2-көлденең компенсациялы жедел сүзгі; 3-ірі түйіршікті сүзгі; 4-араластырғыш; 5-полиакриламид ерітіндісін әкелетін құбыр; 6-араластырғышқа су алып кететін құбыр; 7-полиакриламидты енгізу; 8-коагулянт енгізу; 9-хлор енгізу.

Айта кететін кемшілік, бұл зерттеулер көрсеткендей үшінші және төртінші блоктағы құйын тәрізді араластырғыштар жүктелген күйде жұмыс істеді.

Бұл айтылған кемшіліктерді жою үшін, араластырғыш жұмысы мен әр жерден реагент енгізу кемшілігіне байланысты жұмысшы сүзгінің біреуі (№10 бекет) толық араластырғышқа ауыстырылып, кейіннен жалпы барлығы бес блоктағы ғимараттар қайта құрылды (қайта құрылған сүзгі схемасы 5 сур. көрсетілген).

Қайта құрылған сүзгі көлемі 71,2м3 болатын тік құйын тәрізді араластырғышты суреттейді. Онда кіретін судың жылдамдығы V=34мм/сек. Айналма жинау науасындағы судың қозғалыс жылдамдығы 0,6м/сек тең. Судың тесікті құбыр арқылы келу уақыты 30мин. Араластырғыштың жоғарғы жағынан (науа) полиакриламид беріледі.

Араластырғышта коагулянттың суға өту тиімділігі араластырғыш өлшемдері бойынша, оның жұмысының әр-түрлі режимінде әр-түрлі нүктеден алынған (әр 0,5м сайын) су сынамасындағы сілтіліктің төмендеуі бойынша тексерілді. Араластырғыш жұмысын бақылау көрсеткендей, қанағаттанарлық араласу араластырғыштың жұмысшы биіктігі 6м болғанда, түбінен санағанда 3м биіктікке жеткен. Барлық бес блок үшін, жалпы араластырғыштар құрылғылары реагенттерді енгізудің нүкте санын азайтудың мәселесін шешті. Осының нәтижесінде реагенттерді мөлшерлеу нақты болып, олардың сумен араласуы жақсы жүрді.

Осы жасалған жетілдірулер ғимараттарда пайдаланады қарапайымдатып, олардың өнімділігін 35%-ға арттырып, бесінші блокқа арналған жаңа араластырғыш құрылғысынан бас тартуға мәжбүр етті.