Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК - Ресурстарды орау техн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.56 Mб
Скачать

35 Сур. Жоғары су өсімдікті лас суды терең тазалайтын тоған

Дамбаға ірі блокты материалдар немесе жергілікті материалдарды қолдануға болады. Тоғандағы суды түгел ағызу үшін дамбалар астына диаметрі 400м көп емес құбырлар орнатылады. Құбырларға реттегіш арматуралар қажет емес және олар тоған түбінде шахматтық ретпен орналастырады. Бірақ тоған еңістерін шайып кетпеу үшін қалыңдығы 10-20см болатын майда тастар немесе майда галькаларды тастау қажет.

Тростник тәрізді жоғары су өсімдіктері батырылған дамбаларға көктемде (наурыз-сәуір) немесе күзде (қазан) отырғызылады. Тростник тамырымен бірге дамбаға сіңіп өседі. Өсу биіктігі 20см.

Екі тәулікте келетін тазаланатын судың ағыс жылдамдығы (0,02-0,03м/сек) тоған ұзындығы бойынша өсімдіктер арасында көлденеңінен – биіктігі бойынша микроағзалардың өсуіне жақсы ықпал жасайды. Нәтижесінде бір тоғанның ішінде биоценоздардың құрылуы экологиялық жағдайды жақсартады. Биоценоз бірінші дамбадан соңғы дамбаға дейінгі аралықта сатылы терең тазалауды макрофиттер көмегімен іске асырады.

Биологиялық тоғанның технологиялық жұмыс режимі

Жоғары су өсімдіктерінің биотоғандарында оттегілік режимін құру мен реттеуді ластардың биохимиялық, химиялық, тиімді тотығуды бақылаушы және анықтаушы факторы болып табылады.

ЖСӨ тоғандарындағы еріген оттегі концентрациясы ішкі суат процестері мен атмосфералық реаэрацияның нәтижесі болып табылады. Лас суды терең тазалауда өзін-өзі тазалау қарқындылығын анықтаушы өсімдіктер мен су балдырларының оттегілік фотосинтезі болады. Бір уақытта биоттардың өлу процестерінің тездетілуі кезіндегі фотосинтез процестерінің атмосфера реаэрациясының жоқтығы, терең тазалау тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Терең тазалау ғимараттарындағы оттегілік режимнің бірқалыптылығы су қабылдағыш гидробионттеріне оң әсер береді. Сондықтан тоған жұмысының режимін жасағанда суатқа тасталынатын лас сулардың құрамында оттегілік бірқалыптылықты және отегілік қажеттіліктің алдын-алу қажет. Осыған орай ОЛСК аз сулы су су қоймасында өзен суына зияны тимейтіндей етіп эвтрофикациялау қажет. Бірақ ол ЖСӨ тоғанынан кететін сумен бір периодта болмаған жөн. Осыған байланысты Іле өзеніне тасталынатын судың тоғандардан тастау графигі құрылады.

Осылайша сәуірден маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсан айлары арасында Іле өзеніне су тастау қауіпсіз, ал жазғы және ерте көктемде су тастауды азайту немесе мүлдем тоқтату керек.

Биотоғаннан лас сұйықтықты енгізу мен шығару аз тұрып қалу аймағы мен тоған көлемін толық пайдаланудан басқа, судың бірқалыпты таралуын бағыттауға арналған. Биотоған өсі толқыннан қашу үшін желдің бағытына қарай орналастырады.

Тростникті сүзгіштерді жаңа вегетацияға дайындау, су деңгейін реттеп отыру үшін шандор мен шлюз типті құрылғыларды пайдаланамыз.

Терең тазалау жүйесінде эвтрофикациялауды күшейтудің негізгі факторлары болып шайындылардың ауыл-шаруашылық мақсатына пайдалану. Алаңнан майда су мен тоғаннан макрофитті тыңайтқыш пен улы химикаттар түсіп кетпеу үшін су қорғау аймағын құрған жөн.

Терең тазалау мен тазалау жүйесінің суаттарында едәуір қауіп туғызатын - улы химикаттар мен биот қабықшысында болатын ауыр металдардың қосылысы.