- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті
- •Сумен жабдықтау және cарқынды суды әкету жүйесіндегі ресурсты қорғау технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •Оқытушы туралы мағұлмат:
- •1.2 Пән туралы мағұлмат:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •Білімді бақылау және бағалау
- •2.Тесікті полиэтилен құбырларымен қайта жарақтандырылған араластырғыш
- •3.Реагенттерді енгізудің технологиялық схемасын пайдалану
- •2. Белсенді тарату материалының мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі
- •2 Сур. И.Н.Извековтың эжектор конструкциясын пайдаланған реагентті шаруашылық схемасы (өлшемдері мм)
- •Реагенттерді енгізудің технологиялық схемасын пайдалану
- •4 Сур. Суқұбыр тазарту бекеттерінің схемасы
- •5 Сур. Жедел сүзгінің араластырғышқа қайта құрылған схемасы
- •Тұндырғышқа кететін судың есептік шығыны
- •7 Сур. Суды хлорлау кезіндегі түстіліктің төмендеу кинетикасы
- •8 Сур. Қарапайым жедел сүзгінің ірі түйіршіктіге қайта құрылған схемасы
- •8 Дәріс. Сарқынды су әкету жүйесіндегі ғимараттардың ресурстарын қорғау технологиясы. Торларды пайдалану
- •Тор конструкциясын дамыту
- •9 Сур. Тордың қайта құруы
- •Тордың түсіру мен қыру механизмдерін жетілдірудің қажеттілігі
- •10 Сур. Ластардың қозғалуына түсетін күшіне және тырма тістерінің қозғалу схемасы
- •11 Сур. Қоқыстарды лақтыру жұмысының схемасы
- •12 Сур. Лас судан қалдықтарды ұстайтын жаңа тор схемасы
- •13 Сур. Алматы қаласының аэрация бекетінде механикалық торлар схемасы
- •9 Дәріс. Көлденең құмстағышты пайдалану
- •1 Құм түйіршіктеріні 5 сур. Құм құрамы фракциясының интегралды графигі
- •Көлденең құмұстағыштың кіру таратушы құрылғысын пайдалану
- •16 Сур. Көлденең құмұстағыш
- •Құмұстағыштан құм әкетудің гидромеханикалық жүйесін пайдалану
- •17 Сур. Гидроэлеватор мен гидромеханикалық жүйеден тұнба әкету құбырының орналасуының аксонометриялық схемасы
- •10Дәріс. Бірінші сатылы радиалды тұндырғыштарды пайдалану
- •19 Сур. Таратушы құрылғыда қайтарушы тегеріш құрылғысы
- •Тоқымаған материалдар өндірісінің тазарту ғимараттарының жұмысын қарқындату
- •20 Сур. Тазарту ғимараттарының принципиалды схемасы
- •21 Сур. Аэротенк-араластырғыш
- •11Дәріс. Биологиялық тазарту ғимараттарының жұмысын пайдалану
- •Аэротенктерді пайдалану
- •22 Сур. Ауа үрлеу схемасы
- •23 Сур. Аэротенктегі лас сұйықтықты жылыту схемасы
- •Биосүзгілерді пайдалану
- •25 Сур. Биологиялық сүзгі схемасы
- •26 Сур. Регенераторлы төрт тәрізді аэротенк
- •27 Сур. Аэратордың тесікті қалпағы
- •12Дәріс. Екінші сатылы радиалды тұндырғыштарды пайдалану
- •31 Сур. Екінші сатылы тұндырғыштың ивр-40 тұнбасорғыштарындағы қозғалғыш сорғы
- •32 Сур. Радиалды тұндырғыштағы рәзіңке катокты пневмопарларға ауыстыру
- •13 Дәріс. Терең тазалау ғимараттарының жұмысын қарқындату мен пайдалану
- •Биотоғандардағы терең тазалауды негіздеу
- •14 Дәріс. Жоғары су өсімдікті тоғанды пайдалану. Су әкету тораптарын жөндеу және пайдалану
- •35 Сур. Жоғары су өсімдікті лас суды терең тазалайтын тоған
- •Биологиялық тоғанның технологиялық жұмыс режимі
- •Жсө биотоғандарды пайдалану
- •Су әкету тораптарын жөндеу және пайдалану
- •36 Сур. Темірбетон көйлекті коллектор
- •15 Дәріс. Лас су тұнбаларын өңдеу процестерін пайдалану мен қарқындату Үлкен көлемді метантенктерді қарқындату
- •Тұнба әкету жүйелерін пайдалану
- •37 Сур. Тұнба әкету схемасы
- •Қалқыма заттарды жинау құрылғысы (е.В.Алексеев, а.Д.Шинибаев, патент №2031848 рф)
- •38 Сур. Қалқыма заттарды жинау құрылғысы
- •Құм бункерлерін пайдалану
- •40 Сур. Құм бункерлері
- •2.3 Тәжірбиелік сабақтардың мазмұны
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •Пән бойынша емтихан сұрақтары
- •59. И.Н.Извековтыњ эжектор конструкциясын пайдаланған реагентті шаруашылық
- •60.Тесікті полиэтилен құбырларымен қайта жарақтандырылған араластырғыш
- •61.Реагенттерді енгізудің технологиялық схемасын пайдалану
- •Глоссарий
- •«Сумен жабдықтау және сарқынды суды әкету жүйесіндегі ресурсты қорғау технологиясы»
- •050752 – Инженерлік жүйелер және жүйелер мамандығы үшін
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті
Құрылыс және cәулет институты
Инженерлік жүйелер және желілер кафедрасы
Шыныбаев А.Д.
Сумен жабдықтау және cарқынды суды әкету жүйесіндегі ресурсты қорғау технологиясы
Студенттің оқу әдістемелік кешені
(050752- «Инженерлік жүйелер және жүйелер» мамандығының студенттері үшін)
Алматы 2016
ҚҰРАСТЫРҒАН: Шыныбаев А.Д. Сумен жабдықтау және сарқынды суды әкету жүйесіндегі ресурсты қорғау технологиясы. Студенттің оқу әдістемелік кешені (050752- «Инженерлік жүйелер және жүйелер мамандығының студенттері үшін).- Алматы: Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰЗТУ, 2016. С. 1-80
Аңдатпа Оқу әдістемелік комплекс - «Сумен жабдықтау және сарқынды суды әкету жүйесіндегі ресурсты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша типтік және оқу жұмыс жоспарымен сәйкес өңделген және студенттерге негізделе жасалған.
Оқу әдістемелік комплексте оқу жоспары (Syllabus), қысқаша лекциялар жинағы, қажетті әдебиеттер тізімі, лекцияның тематикалық жоспары, студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар, есеп беру жұмысының орындалу кестесі, өзіндік тексеруге тест сұрақтары, өзіндік бақылауға арналған қажетті тапсырмалар.
Оқу құралында сумен жабдықтау жүйесінің тазалау ғимараттарының жұмысын нәтижелі жоғарылауына бағытталған және ресрстарды қорғау технологиясы тәжірибесі қарастырылған. Шаруашылық ауыз-суды өңдеу, ерітінділер мен реагенттерді дайындаудың технологиясы, сонымен қатар өңделетін суға реагент ерітінділерінің енгізуіне арналған пайдалану ұсыныстары берілген. Араластыру құрылғыларының жапалақ пайда болу камерасы, тұндырғыштар, қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштер, ірі түйіршікті сүзгілерді жетілдіру жєне пайдалану сұрақтарына қанықтырылған.
Суды әкету тазалау ғимараттарының байта құруына байланысты жөнге салып іске қосу тәжірибелері және ресурстарды қорғау технологиясы қарастырылған. Механикалық, биологиялық, терең тазалау, суды әкету тораптары және лас су тұнбаларын өңдеу ғимараттарын пайдалану ұсыныстары берілген. Кереге ғимараттары, құмұстағыш, бірінші сатылы тұндырғыш, аэтотенктер, биосүзгілер, екінші сатылы тұндырғыштар, суды әкету торпатары және лас су тұнбаларын өңдеу ғимараттарын ресурсты қорғау технологиясына арналған мысалдар келтірілген.
Пікір беруші: т.ғ.к., проф. Жомартов Е.Б
© Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, 2016
Мазмұны
1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
Оқытушы туралы мағұлмат:
Сабақ беретін мұғалім Шыныбаев Абай Дуйсеккұлы, техника ғылымдарының кандидаты., доцент.
Байланыс: 92-69-04 (жұмыс), 92-09-94 (жұмыс).
Кафедрада болу уақыты: дәрісхана 106 КОК, 512 ӘК, уақыт 9 00 – 12 00.
1.2 Пән туралы мағұлмат:
Аталуы: «Сумен жабдықтау және сарқынды суды әкету жүйсіндегі ресурсты қорғау технологиясы»
Кредиттер саны: 2
Өткізу орны: Дәрісхана, практикалық дәрісхана.
Кесте 1
Оқу жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Кредит |
Аптадағы академиялық сағат |
Бақылау түрі |
|||||
Дәрістер |
Прак. сабақтар |
Тәжірибелік/ семин. сабақтар |
СӨЖ |
СОӨЖ |
Барлығы, 1 аптадағы академиялық сағаттар |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
4 |
7 |
2 |
1 |
1 |
- |
2 |
2 |
6 |
Емтихан |
1.3 Пререквизиттер: Осы тапсырмалардың мұқиат орындалуы студенттердің өткен мынадай пәндерінен Физика, Математика, Гидравлика және Сызба геометриясы алған білімдеріне байланысты болады, өйткені осы пәндердің негізінде сумен жабдықтау және суды әкету курсының әдістері құрастырылған.
1.4 Посреквизиттер: Сумен жабдықтау және суды әкету курсының теориялық және практикалық негізін меңгеру студенттің “Сумен жабдықтау»”, Сумен әкету»” «Су құбыры торабы», «Су шаруашылығы жұмыстарының техникасы және ұйымдастыру», «Су шаруашылығының құрылысы», «Су шаруашылығының экономикасы» сияқты курстарды әрі қарай алып кетуіне көмектеседі.
1.5 Пән туралы қысқаша түсінік: Бұл курстік бір қатар жалпы білім беретін арнаулы және техникалық пәндерді сонымен қатар, мектепте және кіші курстарда алынған базалық дайындаудан өткен студенттерге арналған. 050729 “Құрылыс” (СЖжСӘ) мамандығы үшiн негізгі пәндердің бірі болып табылады – студенттердің елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және сарқынды суларды әкету ғимараттарында ресурсты қорғау технологиясы саласы бойынша білімі қалыптасады, бұл алынған білім оқу жоспары бойынша келесі арнайы курстарды меңгеруге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар, университетті бітіргеннен кейін еліміздегі құрылыс саласында су шаруашылығы ғимараттарының құрылысын салуға және қайта құруға байланысты тапсырмаларды мұқиат және тиімді шешуге көмектеседі.
Елді мекендерді оның ішінде елді мекендегі тұрғын үйлерді, өндірістерді сумен жабдықтау және су әкету жүйелерін және ғимараттарын ресурстарды қорғау технологиясы туралы студенттер терең теориялық білім алу және осы білімді әртүрлі су шаруашылықтарында құрылыстың қайта құруында және оның қарқынын көтеруге пайдалана білу. Еліміздің су шаруашылығына байланысты елді мекендерді, өндірістерді - сумен жабдықтау және сарқынды суларын әкету ғимараттарында ресурстарды қорғау технологиясын тапсырмаларын шешу үшін практикалық мағұлматтарды алу.
