Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.85 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №2 оқу экспериментті даярлау және көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасын сақтау кез келген тәжірибелердегі міндетті шарт болып табылады.

Жылу және сәуле көздерімен қондырғының айналмалы бөліктерімен, электр қондырғылары және реактивтермен тәжірибе жасау кезінде, жарақат алмау, күйіп қалмау, токқа түспеу және басқа зақым алмауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Күші 1 мА электр тогын адам сезеді және оған теріс әсерін тигізеді, ал шамасы 0,01-0,1А ток күші адам өміріне қауіп туғызады.

Кейбір зақым туғызу мүмкіндігі бар тәжірибелердің адамның сезім мүшелеріне әсер ететіндей белгілері болады, оларға қондырғының қозғалмалы бөліктері, қысыммен шыққан будың және қайнаған судың шуы, зиянды газдың исі және т.б., ондай жағдайларда алдын-ала қауіпсіздік шаралары қолданылады.

Ал, электр қондырғыларымен жұмыс жасау кезінде, оқушылар қауіптілікті байқамайды және көрмейді, сондықтан физика кабинетіндегі электр сымдарының жүргізілуі техникалық нормаларға сай болу керек. Токты демонстрациялық столға әкелу арнаулы қосқыш арқылы орындалады. Қажетті жағдайды ажырата алу үшін оқушылар оның столдың қай жерінде орналасқанын білуі қажет.

Мұғалім қауіпті элементтері бар кез келген тәжірибелерді және лабораториялық жұмыстардың орындалуын көрсетуі кезінде, қауіпсіздік ережелерін оқушыларға әрқашанда айтып отыруға міндетті. Қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы мәлімет арнаулы журналда көрсетіледі. Қауіпсіздіктің жалпы және нақты ережелерін көрінетін жерге іліп қойған дұрыс.

Зертханалық жұмыс №3 заттардың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы

1-тәжірибе.

Қажетті құрал жабдықтар: Кристалл торларының, су молекуласының модельдері

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі:

Суретте көрсетілген модельдерді қоданып зат құрылысын түсіндіру.

Қорытынды: Зат ұсақ бөлшектерден тұрады. Атомды құрайтын бөлшектер (электрон, протон, нейтрон) элементар бөлшектер деп аталады

2-тәжірибе.

Қажетті құрал жабдықтар: Түрлі түсті ермексаздар, сіріңке талдары.

Тәжірибені жасау: Судың және ас тұзының молекулаларының модельдерін ермексаздан жасау. Ол үшін оқулықтағы суреттер мен кристалл торларының, су молекуласының модельдерін пайаану.

Қорытынды: Заттың ең кіші бөлшегі молекула. Ол атомдардан тұрады. Атомды құрайтын бөлшектер (электрон, протон, нейтрон) элементар бөлшектер деп аталады

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі

3-тәжірибе

Қажетті құрал жабдықтар: екі стакан, су, шәй, марганцовка түйірлері

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі:1) Бірінші стаканға салқын су, ал екінші стаканға ыстық су құйямыз. Екі стаканға да шәй салып, қайсысында шәйдің ығымы жылдам болатынын бақылайды.

2) Бірінші стаканға салқын су, ал екінші стаканға ыстық су құйямыз. Екі стаканға да марганцовка түйірін салып, оның қайсы стакандағы марганцовканың еруі жылдам болатынын бақылайды.

Қорытынды: Молекулалардың қозғалысы температураға тәуелді

4- тәжірибе.

Диаметрі 10-12 мм, ұзындығы 80см болатын шыны түтікке жартылай су құйылады, оның үстіне бояулы спирт жәймен құйылады. Осы кездегі түтіктегі сұйықтың жалпы деңгейі белгіленеді. Су мен спирт толық араласқаннан кейінгі деңгей бастапқыдан төмен екені байқалады (4а,б-сурет).

Зат құрамындағы бөлшектердің ара қашықтығы бар.

5-тәжірибе.

Сынып тақтасына себілген иіс су біраз уақыттан соң кебеді, ал иісі бөлме ішіне толық таралады.

Зат молекулалары қозғалыста болады.

6-тәжірибе

Қажетті құрал жабдықтар: иіс су

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: Сынып тақтасына себілген иіс су біраз уақыттан соң кебеді, ал иісі бөлме ішіне толық таралады

Қорытынды: Зат молекулалары қозғалыста болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]