Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция тезисі Бух есеп аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері

Бухгалтерлік есеп тәсілі деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жургізіледі. Бухгалтерлік есеп тәсілінің әлементтері:

  1. Құжаттама - шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу

әдісі мен бухгалтерлік жазбалардын (есептің басы) дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оның тиісті рәсімдеусіз жасалмайды. Құкат – бұл белгіленген тәртіппен рәсімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сактаушы.

  1. Түгендеу - мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудін мақсаты - құралдың сақталуын кейіннен бакылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік керсеткітптерді камтамасыз ету.

  2. Бағалау - белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын кұралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған енбекке жүмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларга есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық-материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.

Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты өзіндік құны (обьектіні жүмыс жағдайына дейін жеткізуге байланысты барлық шығыстармен бірге сатьш алынатын құны) алынған.

Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынандай бағалармен бейнеленеді:

негізгі құралдар бастапқы, баланстык немесе қалдық кұнымен бағаланады;

материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік қүны бойынша;

дайын өнім - нақты өзіндік құны бойынша;

әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен ессптесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.

  1. Калькуляқия - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік кұнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан кұралады.

  2. Шоттар - қаржы жағдайы, міндетемелер және капитал туралы ағымдагы ақпарат жинайтын, жуйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады - бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылык құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.

  3. Қосарлы жазба - шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің

шоттарында тіркеу тәсілі.

  1. Баланс - белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндетемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалык топтастыру тәсілі. Бүл - субъектінің қаржылық жағдайьш сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда больш, қальштасу көздерін салыстыру және

есеп объектісінің барлық жиынтығын бакылауды жузеге асыру үшін қажет.

  1. Есеп беру - кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.

ФӘД-001/026

Лекция № 3.Бухгалтерлік баланс