- •Лекция тезистері
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •1.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •2.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •3. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •4. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •2. Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу. Есеп регистрлері
- •3.Бухгалтерлік есеп формалары
- •4.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •5.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың әквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизақиясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгендеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •3 Материалдық емес активтерді өлшеу
- •4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
- •5 Шығындарды мойындау
- •6 Кейінгі шығындар
- •7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау
- •8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі
- •9 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
- •Қаржылық есеп беру негіздері
- •Лекция№15 қр-дағы аудиторлық қызметті нормативті реттейтін жүйе. Аудиторлық қызмет ұйымдарының халықаралық тәжірибесі
- •2. Аудиторлық қызмет туралы Заң.
- •3 . Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы
- •1. Аудиттегі маңыздылық
- •2. Аудиторлық тәуекелділік
- •Қосымша әдебиеттер
2. Аудиторлық тәуекелділік
Аудиторлық тәуекел және оның құрамы.
Аудитті жоспарлау кезінде аудиторлық қызметтің қажетті әлементі аудиторлық тәуекелді бағалау және тексеруді жүргізу үшін ақпараттық базаны анықтау болып табылады.
Аудит жүргізілетін субъектілердің қаржылық есеп беруін тексеру кезіндеаудиторлық қызмет әрқашан тәуекелдің екі түрімен тікелей байланысты болады : кәсіпкерлік және аудиторлық.
Кәсіпкерлік тәуекел аудитордың орындалған жұмысы үшін, оның нәтижесіне қарамастан ақана түгел немесе жартылай ала алмауын (клиентпен келіспей қалған кезде немесе айып тағылған кезде) білдіреді. Тәуекелдің бұл түрі келесідей факторлармен : аудитордың бәсекеге қабілеттілігімен, клиенттің қаржылық жағдайымен, қызметінің түрлерінің және сонымен байланысты операциялардың сипатымен, әкімшіліктің және есеп қызметкерлерінің кәсіби деңгейімен, аудитті жүргізу мерзімімен, аудиторлардың атағымен және аудиторлық ұйымдардың беделімен анықталады.
Аудиторлық тәуекел – аудиторлық тексерудің тиімсіздік тәуекелі, яғни қаржылық есеп беруде, маңызды қателер болса да, аудитордың оның дұрыстығы туралы қорытынды беру тәуекелі. Немесе аудиторлық тәуекел дұрыс емес аудиторлық қорытынды беру мүмкіндігінде тұрады.
Аудиторлық тәуекел сапалық (жоғары, орташа, төмен) немесе сандық (0-100% ) шкала бойынша өлшенуі мүмкін. Іс-тәжірибеде көпшілігінде тәуекелді бағалаудың сапалық шкаласын пайдаланады.
Сондықтан алдын ала аналитикалық жалпы шолу барысында алынған ақпарат бағаланады.
Аудиторлық тәуекел келесі 3 негізгі компоненттен тұрады : ажырамайтын тәуекел, бақылау тәуекелі, таба алмау (байқамау) тәуекелі.
Ажырамайтын тәуекел – ішкі бақылау жүйесінің құралдарымен анықталғанға дейін, бухгалтерлік шоттарда, есептіліктің баптарында, біртектес шаруашылық операцияларда, жалпы ұйымның есептілігінде маңызды өзгеріс-қателіктердің пайда болу мүмкіндігі. Ажырамайтын тәуекелдің деңгейі клиенттің бизнесін талдаудың негізінде анықталады.
Ажырамайтын тәуекелді бағалауда аудитор келесі факторларды ескеруі тиіс :
А) ұйым қызмет ететін саланың қызмет етуі мен ағымдағы экономикалық жағдайының ерекшеліктері (дәстүрлі және тұрақты, жаңа және тұрақсыз)
Б) ұйымның қызметінің ерекшеліктері (өнеркәсіп, сауда, ойын бизнесі)
В) клиент бизнесінің масштабы (шағын, орта, ірі)
Г) ұйым басшылығы мен бухгалтерлік персоналдардың шынайылығы
Д) қаржылық есептіліктің белгілі көрсеткіштеріне жету мақсатымен ұйым басшылығына және персоналдарына сыртқы қысым болудың мүмкіндігі
Бақылау тәуекелі – кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесінің құралдары мен ішкі бақылау жүйесінің маңызды қателіктер мен бұрмалаушылықтарды дер кезінде анықтап түзете алмау мүмкіндігінен тұрады. Аудитор аудит барысында ұйымның бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін зерттеп, бағалауы тиіс.
Таба алмау (байқамау) тәуекелі – тексеру барысында аудитормен қолданылатын аудиторлық проқедуралардың маңызды қателіктерді анықтауға мүмкідік бермеу мүкіндігі.Таба алмау тәуекелі аудитор жұмысының тиімділігі мен сапасының көрсеткіші болып табылады. Ол аудиторлық тексеруді жүргізу тәртібіне, аудитордың квалификақиясына, тексерілетін ұйымның қызметімен алдын ала таныстық дәрежесіне байланысты болады.
Ұсынылатын әдебиеттер.
Негізгі әдебиеттер
Баймұханов, Балапанова «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2001
В.В.Радостовец, В.К.Радостовец, О.Шмидт «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» Алматы 2000
В.К.Радостовец, О.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002
Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп» Алматы 2001
В.К.Радостовец, А.Ш.Омаров «Организация финансового учета» Алматы 1998
«Бухгалтер бюллетені» ай сайын шығатын экономикалық басылым
«Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары» 2002
«Казахстанские стандарты бухгалтерского учета» Алматы 2001
Оразбекұлы Бахыт «Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002
«Бухгалтерский учет на практике» ежемесячный журнал
Әбдіманапов Ә.Ә «Бухгалтерлік есептің теориясы мен принциптері» Алматы 2001
Кеулімжаев Қ.К, Әжібаева З.Н, Құдайбергенов Н.А «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы, Экономикс 2003
М.С.Ержанов «Аудит -1» Алматы,2005
С.А.Исақова «Аудит теориясы» Тараз,2004
Қазақстан Республикасының Заңы «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998 ж
Сәтмырзаев А.А, Укашев Б.Е «Аудит теориясы» Алматы 1998 ж
Дюсембаев К.Ш «Аудит и анализ финансовой отчетности» Алматы 1998 ж
Терехов А.А «Аудит» Москва Финансы и статистика 1999
Д.Абленов әАудит негіздері» Алматы 2005
Э.А.Аренс; Дж.К.Лоббек «Аудит» Москва «Финансы и статистика» 1995
В.И.Подольский, А.А.Савин, Л.В.Сотникова и др «Аудит» Москва 2004
