- •Лекция тезистері
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •1.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •2.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •3. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •4. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •2. Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу. Есеп регистрлері
- •3.Бухгалтерлік есеп формалары
- •4.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •5.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың әквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизақиясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгендеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •3 Материалдық емес активтерді өлшеу
- •4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
- •5 Шығындарды мойындау
- •6 Кейінгі шығындар
- •7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау
- •8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі
- •9 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
- •Қаржылық есеп беру негіздері
- •Лекция№15 қр-дағы аудиторлық қызметті нормативті реттейтін жүйе. Аудиторлық қызмет ұйымдарының халықаралық тәжірибесі
- •2. Аудиторлық қызмет туралы Заң.
- •3 . Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы
- •1. Аудиттегі маңыздылық
- •2. Аудиторлық тәуекелділік
- •Қосымша әдебиеттер
3.Резервтік капиталдын есебі
Резервтік капитал — Акционерлерлік коғамның және баска да тараптардын таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды кұрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен аныкталады. Резервтік капитал жарғылық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5400 "Резервтік капитал" бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: "Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал" және "Басқа да резервтік капитал".
Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АК, және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру Акционерлердін жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3390— артыкшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510-шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)", 5520-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" — зиян шеккен соманы резервтік капиталдын есебінен жапкан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші "Баскада резервтік капитал" шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мәлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5510 шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)". 5520-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)".
Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік.
Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5510 -шоты пайдаланады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5510 шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденция сы жасалынады:
- жыл ішінде алынған табыс сомасына
5610-ші "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліп, 5510-ші "Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.
Сонымен қоса, 5510 шоттың кредиті және 5410 шотының дебеті — есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5510 -шоттың кредиті және 5410, 5420, 5430, 5440, 5450 шоттарының дебеті есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша кайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді Инвестицияның сомасын көрсетеді; 5510 -шоттың кредиті және 5210 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.
5510 шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылык, операциялары көрініс табады:
5410 " Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал", 5460 "Басқа да резервтік капитал" шотының кредиті қолданылып жүрген зандарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 3030 "Жай акциялар бойынша есеп айырысулар", "Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар", 3390 "Басқада кредиторлық қарыз және есептесулер" шоттарының кредиті — жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 5210 "Қайтарылып алынған капитал" шотынын кредиті -Акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.
Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:
бөлінбеген табыс сомасына: 5510 --шот дебеттеледі,5520 -шот кредиттеледі;
бөлінбеген зиян сомасы: 5520 шот дебеттеледі, 5510 шот кредитгеледі.. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510 шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондыктан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.
Өткен жыядардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жьтлдан бұрынғы жылдары пайда болған бәлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5520 шотта жүргізіледі.
5520 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары:
-өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5510 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 5410, 5460 шоттарының дебетінде көрініс табады.
5520 шоттын дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары:
өткен жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5510 шоттың кредитінде; шаруашылық серкітестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивиденттердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 3030, 3390 шоттарының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 5000 шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіпорынның келтірген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті болуы мүмкін.
Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6010 "Негізгі қызметтен түскен табыстар" бөлімшесінің шоттарында, 6210 "Негізгі емес қызметтен түскен табыс" бөлімшесінің шоттарында, 7010 "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік кұны" бөлімшесінін шоттарында, сондай-ақ 7110, 7410, 7710, 6310, 6410,6420 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.
Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденция сы жасалады:
6010 "Негізгі қызметтен түскен табыстар" бәлімшесінің және 6210 "Негізгі емес қызметтен түскен табыс" бөлімшесінің шоттары дебеттеледі, 5610 "Жиынтыктабыс (зиян)" шоты кредиттеледі.
Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденция сы аныкталады:
6310 "Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зияндар)" белімшесінің шоттары және 6410,6420 "Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар (зиян)" шоттары дебеттеліп, 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шоты кредиттеледі.
Жыл аяғында 7010, 7110 , 7310 , 7410 шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотының дебетіне көшіріледі.
6020 "Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде берілетін жеңілдік, сондай-ақ бағаны кеміту" бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 6020 бөлімшенің 6020, 6030 шоттарының дебеті бойынша және 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 6020, 6030 шоттарының кредитінен 5610 шоттың дебетіне көшіріледі.
5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шоты салыстырушы Операциялық шоты болып табылады: онда табыстар (5610-шоттың кредиті) және зияндар (5610-шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 5610-шоттың дебеті бойынша және 5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын 5610-шоттың кредиті және 5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотының дебеті бойынша кәрініс табады.
Лекция№13 Қаржылық қорытынды есеп беру
