- •Лекция тезистері
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •1.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •2.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •3. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •4. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •2. Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу. Есеп регистрлері
- •3.Бухгалтерлік есеп формалары
- •4.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •5.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың әквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизақиясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгендеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •3 Материалдық емес активтерді өлшеу
- •4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
- •5 Шығындарды мойындау
- •6 Кейінгі шығындар
- •7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау
- •8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі
- •9 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
- •Қаржылық есеп беру негіздері
- •Лекция№15 қр-дағы аудиторлық қызметті нормативті реттейтін жүйе. Аудиторлық қызмет ұйымдарының халықаралық тәжірибесі
- •2. Аудиторлық қызмет туралы Заң.
- •3 . Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы
- •1. Аудиттегі маңыздылық
- •2. Аудиторлық тәуекелділік
- •Қосымша әдебиеттер
8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі
Материалдық есем активтердің бары және олардың қозғалысының есебі активті 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің: 2730 «Лицензиялық келісімдер», 2730 «Бағдарламалық қамсыздандырулар», 2730 «Патенттер», 2730 «Ұйымдастыру шығындары», 2710 «Гудвилл», 2730 «Басқалары» сәйкесті шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары субъектінің меншігіндегі, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы материалдық емес активтердің нақты бары және олардың қозғалысы жөнінде ақпараттарды жинақтауға арналған.
Материалдық емес активтердің жасалу немесе олардың түсу, сондай-ақ оларды пайдалануға дайындау жұмыстарының аяқталу мүмкіндігіне қарай материалдық емес активтер қабылдау-тапсыру актісімен (НОК-1 ү.) рәсімделеді және онда материалдық емес активтің нақты атауы, ұйымға берілу (жасалу) күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, тозу нормасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде материалдық емес активтің әрбір объектісіне акті екі данамен толтырылады. Бірнеше материалдық емес активтердің бірдей түріне жалпы актіні рәсімдеу рұқсат етіледі. Акті толтырылғаннан кейін, тиісті қосымша құжаттарымен есеп бөліміне тапсырылып, оған бас бухгалтер қол қойып және ол ұйымның басшысымен немесе соған өкілетті (лауазымды) тұлғамен бекітіледі.
Материалдық емес активтерді бас ұйымға беру (сату, әншейін беру) кезінде акті беруші және алушы ұйымға арналып, екі данада толтырылады.
Материалдық емес активтердің талдамалық есебі, мүліктік карточкаларда (НОК-2 ү.) жүргізіледі. Карточка материалдық емес активтердің алынағанын дәлелдейтін «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісінің» және басқа да техникалық құжаттардың негізінде бір данамен толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа ұйымдарға беру кезінде оларды есептен шығарудың негізі болып «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісі» саналады.
Материалдық емес активтердің барлық түрлерін алу кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы беріледі:
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің 2730 «Лицензиялық келісімдер», 2730 «Бағдарламалық қамсыздандырулар», 2730 «Патенттер», 2730 «Ұйымдастыру шығындары», 2710 «Гудвилл», 2730 «Басқалары» шоттары және кредит 42/1060 «Арнайы банк шотарындағы ақша қаражаттары», 1010 «Кассадағы ақша қажаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша немесе, 3310 «Жабдықтаушы және мердгерлермен есеп айырысу», 3390 «Басқа де кредиторлық берешектер мен есептеулер» шоттары – заңды және жеке тұлғалардан сатып алу кезінде.
Материалдық емес активтер ұйымның жарғылық қорына салым ретінде де салынуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі бухгалтерлік жазу беріледі: дебет 2700 «Материалдық емес активтер» шоттары және кредит 51 «Төленбеген капитал» бөлімінің 5110 «Төленбеген капитал» шоты.
Субсидия ретінде алынған материалдық емес активтер үшін келесідей бухгалтерлік жазулар беріледі: дебет 2700 «Материалдық емес активтер» шоттары және кредит 6230 «Атқарушы органдардың субсидиялары» немесе 6200 «Негізгі емес қызметтен кірістер» бөлімінің 6280 «Басқалары» шоттары.
Материалдық емес активтерді анықтамасына, мойындау талаптарына сәйкес қалыптастыру және оларды бағытына қарай пайдалануға дайындық шығындары 2900 «Негізгі құралдар» бөлімінің 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына ашылған аралық шоттарда есептеледі. Материалдық емес активтер пайдалану бағытына дайын болған сәттен бастап 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына ашылған аралық шоттардағы шығындар 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің сәйкесті шоттарының дебетіне шығарылады.
Материалдық емес активтер бухгалтерлік баланстан әртүрлі себептерге байланысты шығарылады:
- қызмет ету мерзімі аяқталуына;
- жойылу және моральдық тозуына;
- басқа ұйымның жарғылық қорына жарна ретінде салынуына;
- бас жаққа сатылуына байланысты.
Материалдық емес активтер істен шығу кезінде олардың баланстық құндары 2700 «Материалдық емес активтер» шоттарының кредитінен 7400 «Негізгі емес қызмттерден шығыстар» бөлімінің 7410 «Материалдық емес активтердің істен шығуына байланысты шығыстар» шотының дебетіне шығарылады.
Материалдық емес активтерді істен шығарудан алынған кірістер немесе зияндар осы активтердің сатылу және баланстық құндарымен «Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есепте» кіріс немесе шығыс болып танылған есептен шығару бойынша шығындардың айырмасы ретінде анықталады.
Материалдық емес активтерді сатудан кіріс 6210 «Материалдық емес активтерді сатудан кіріс» шотының кредиті және 1010 «Кассадағы ақша қажаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе 33 «Басқа да дебиторлық берешектер» бөлімінің 1280 «Басқалары» шоттарының дебетімен корреспонденцияланады.
