Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция тезисі Бух есеп аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

2.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары

Стандарттар - каржылық есеп беруді дайындау ережелері.

Букіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитеті (ҚБХСК) Австралия, Канада, Франқия. Германия, Жапония, Мексика, Голландия, ¦лыбритания, Ирландия және АҚШ-тың кәсіби бухгалтерлері арасындағы келісім нәтижесінде кұрылды. 1983 жылдан бері барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар - Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мушелері ҚЕХСК-ның мүшелсрі болды.

Қаржылық есеп берудің Халыкаралық стандарттары комитеті (ҚЕХСК) барлык жерде қабылданьш, ұстану үшін 41 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.

ЕХСК-ның басты мақсаты - егер мыналар анықтанып, қол жеткізілсс, қаржылық есеп беруді ұсыну:

  • міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық акпарат талап етіледі;

  • ақпараттық жүйе құру принқнптері;

  • осы ақпараттың сапалық сипаттамалары;

  • қаржылық есеп беру әлементтері.

1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудің халықаралык стандарттары негізінде жасалған бухгалтерлік есептің 29 отандық стандарттары қолданыста жүрді

3. Есепте қолданылатын өлшеуіштер

Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.

Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр. метр) түрлері, сұрьштары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады.

Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жүмсалган уакытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек олшеуіштерінің комегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді. Еңбек өнімділігі, жүмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.

Акшалай өлшеуіштер (теңге, тиын ) шаруашылык қүралдарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттің проқестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.

Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып, есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындыланған көрсеткіштер алуға мумкіндік береді.

Шаруашылық есептің біртүтас жүйесіне оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.

Оперативті есеп - кәсіпорьшның іс-әрекетін күнделікті бақылауга мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмыска шығу, шықпау есебі, автокөлік, оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.

Статистикалъқ есеп - экономиканың әртурлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар кұбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп -- кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, үйымдардьң операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп катаң түрде әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.

Салықтық есеп - бухгалтерлік есептің салык заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.