- •Лекция тезистері
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •1.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •2.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •3. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •4. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •2. Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу. Есеп регистрлері
- •3.Бухгалтерлік есеп формалары
- •4.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •5.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың әквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизақиясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгендеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •3 Материалдық емес активтерді өлшеу
- •4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
- •5 Шығындарды мойындау
- •6 Кейінгі шығындар
- •7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау
- •8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі
- •9 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
- •Қаржылық есеп беру негіздері
- •Лекция№15 қр-дағы аудиторлық қызметті нормативті реттейтін жүйе. Аудиторлық қызмет ұйымдарының халықаралық тәжірибесі
- •2. Аудиторлық қызмет туралы Заң.
- •3 . Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы
- •1. Аудиттегі маңыздылық
- •2. Аудиторлық тәуекелділік
- •Қосымша әдебиеттер
4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
Ұйымның өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны болып материалдық емес активдерді анықтау сәтінен бастап жұмсалған тікелей және үстеме шығындардың сомасы есептеледі.
Ішкі жасалған материалдық емес активтердің құны енбейтін және кезең шығындары болып саналатын шығындар болып мыналар саналады:
- активтерді пайдалануға дайындау үшін тікелей жұмсалған саудалық, әкімшілік және басқа да шығындар;
- активтерді пайдалану үшін қызметкерлерді дайындау шығындары;
- активтердің жоспарлы көрсеткіштер деңгейіне дейін жету үшін жұмсалған шығындар.
Субъектінің ішінде жасалған гудвилл материалдық емес актив болып саналмайды, өйткені ақшасыз (неденежный) материалдық емес баптар бойынша жұмсалған шығындар болашақ экономикалық пайданың жоғарылауына ықпал етсе де, материалдық емес активтерді мойындаудың анықтамасы мен талаптарына сәйкес олардың қалыптасуын тудырмайды. Мысалы, ұйымның шығындары нәтижесінде жабдықтаушылармен тұрақты байланыстары орнату мақсатында қол жеткізген жоғары беделі, жұмысшылардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы, жарнама компаниялардың жоғары беделі және т.б.
Мұндай шығындар гудвиллдің құрамында тек ұйымдарды біріктіру кезінде бағалануы мүмкін.
5 Шығындарды мойындау
Материалдық емес активтердің анықтамасына және оларды мойындау кезіндегі талаптарға сәйкес келмейтін шығындар болып мыналар саналады:
- өндіріс басталған дейін зауытты немесе жаңа цехтар мен өндірістің ашылуына дейінгі жұмсалған шығындар, егер бұл шығындар негізгі құрадардың құнына қосылмаса;
- заңды тұлғаны құру кезінде жұмсалған шығындар: ұйымды тіркеу және заңнамалық құжаттарды дайындау шығындары (қандай бір қызмет немесе іс-әрекет үшін лицензия, жарғы, құрылтайшы келісім шарт), мөр, мөртаңба және т.б.
- өндірісте қызмет істейтін мамандарды оқыту шығындары;
- цехты немесе заңды тұлғаны қайта құруға байланысты жұмсалған шығындар;
- тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды субъектінің өзі жасау үшін жұмсаған шығындары және т.б.
Материалдық емес баптарды қалыптастыру кезінде жұмсалған шығындар ұзақ уақыттан кейін де материалдық емес активтер құндарының бөліктері ретінде мойындалмауы тиіс.
6 Кейінгі шығындар
Материалдық емес активтер бойынша кейінгі жұмсалған шығындардың дұрыс өлшенуі және олардың белгілі бір материалдық емес активтерге теңестірілуі өте сирек кездеседі (болады). Ұйымның ішінде материалдық емес активтерді қалаптастырғаннан кейін немесе оларды алғашқы мойындағаннан кейін кейінгі жұмсалған шығындарға байланысты материалдық емес активтердің бастапқы құндарының жоғарылауы мына жағдайларда болады, егер:
а) материалдық емес активтерге жұмсалған кейінгі шығындардан болашақ экономикалық пайданы (тиімділікті) анықтау мүмкін болса;
б) жұмсалған шығындар өлшенетін болса;
в) жұмсалған шығындарды тиісті активтерге апарған жағдайда, бұл шығындар материалдық емес активтердің баланстық құндарын жоғарылатса.
7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау
Материалдық емес актив, актив ретінде алғашқы мойындалғаннан кейін жинақталған амортизация сомасы мен құнды төмендету нәтижесінде жинақталған кез-келген зияндардың құндарын шегергендегі өзінің құнымен мойындалуы тиіс.
Материалдық емес активтерді алғашқы мойындағаннан кейін көрсетудің балама әдісі бар. Бұл әдіс материалдық емес активтерді қайта бағалау сәтінде кейінгі жинақталған амортизация сомасы мен құнды төмендету нәтижесінде жинақталған кез-келген зияндардың құндарын шегергендегі қайта бағаланған (әділ) құнымен көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда әділ құн шын мәнінде өлшенуі тиіс. Егер материалдық емес активтерге қайта бағалау жүргізілсе, онда осы топтағы басқа да активтер қайта бағалануы қажет. Қайта бағалау кезінде материалдық емес активтердің баланстық құндарының жоғарылауы бухгалтерлік баланста «Қосымша төленбеген капитал» баптары бойынша көрсетіледі. Егер бұрын өткізілген қайта бағалаудың нәтижесінде материалдық емес активтердің құндары төмендетіліп, ол шығыс ретінде мойындалған болса, онда жаңа қайта бағалау осы фактіні есепке алуы қажет.
