Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция тезисі Бух есеп аудит.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір қехтан (бөлімшеден, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (кордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ баска да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі.Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы қех (бөлім) қызметкері толтырады, Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы қехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру) актісі келесі бетте келтірілді.

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды any туралы жазбасы жасалады, Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденция сы жасалынады.

Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Барлык негізгі құралдар үшін Мүліктік карточкасының нысаны төменде келтірілген.

Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық әлементтерінін қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мөліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде "Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі", ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдын объектілерін есептен шығаруға "Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі" негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін "Жөнделген, кайта қүрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері" негізінде жазылады.

"Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы" бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді.

Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.

Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.

Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде — қолдану орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: "Қолданыстағы негізгі құралдар" ("Үйлер", "Ғимараттар", "Өткізгіш тетіктер" және басқа жіктік топтары бойынша), сондай-ақ "Ағымдағы айда келіп түскені", "Ағымдағы айда шығып кеткені", "Ішкі орын ауыстырғандағы", "Жөндеудегі", "Қордағы", "Тоқтап түрғаны (консервақиядағы)", "Жалға берілген негізгі құралдар", "¥зақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар", "Жалға алынған негізгі құралдар", "Архив".

Ай ішінде "Түскендері", "Есептен шыққандары" және "Ішкі орын ауыстырғандары" бөлімдерінің карточкалары 2410 -"Негізгі құралдар" бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап түруы біткеннен кейін, қордан қолданыска өткізілгеннен, т.с.с кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойьшша картотекаларды "Архив" бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді. Карточка төменде келтірілген.

Субъектінін материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы бөлімдер (қехтар) бойынша негізгі құралдардын мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сакталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып (көшіріліп) алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.