Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lekcia tezis buh esep kagid.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі

Бухгалтерлік есеп - субъектілерді пайдаланушылардың карауына ұсынатын қаржылық ақпаратының сипаты мен көлеміне байланысты. Пайдаланушылар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы. инвесторлар немесе несие берушілер, әлде бірлесе отырьш іс-қызмет жүргізушілер. Әр қилы экономикалық шешім қабылдауда олар субъектінің қаржылық және басқадай есептеріне сүйенеді.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың екі негізгі топтары бар:

  • ішкі;

  • сыртқы.

Сырткы пайдаланушьшар екі катсгорияға бөлінеді. Олар:

  • субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;

  • субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.

Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді:

  • қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;

  • қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;

  • сатып алушылар.

Жанама қаржылык муддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер:

  • салык органдары;

  • реттеуші органдар:

  • статистикалық органдар;

  • басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.)

Қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:

- берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субъектінің дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады.

- тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уактылы төлене ме деп білгісі кеметін карыз берушілер;

- тиесілі сома бола ма. төлене ме деп аныктауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдыктаушылар және басца сауда кредиторлары;

- сатып алушылар. Оларға субъектің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардын осы субъектіге үзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;

- кызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар субъектінің еңбек ақымен жэне басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделілік танытады;

  • ресурстарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектініц іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;

  • көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылардың қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары" туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.

Қаржылық есеп беруді дайындау мен үсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нәтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырьш, жауапкершілік көтереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]