Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lekcia tezis buh esep kagid.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать
  1. Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)

  1. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары

  2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

  3. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары

  4. Есептік кезең және қаржылық есеп беруді дайындау

  5. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі

  6. Алдағы кезең шығындарының есебі

  7. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың есебі

  8. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың есебі

  9. Еңбек және еңбек ақы есебі

  10. Бюджетпен есеп айрысудың есебі

  11. Банк несиесінің есебі

  12. Инвестициялар еебі

  13. Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың есебі

  14. Негізгі құраларды жалға беру есебі

  15. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың есебі

  16. Алдағы кезең табыстарының есебі

  17. Берілген аванстар есебі

  18. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік ееп

  19. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі

  20. Бөлінбеген табыс және есепті кезеңнің табысы

Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.

    1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашы негізін салушы және дамытушысы Француз манахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген трактатын жазған. Ал «бухгалтер термині» ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол қәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады. Бухгалтерлік есеп ғылымының шығу тарихы ертеден басталған. Ол бұдан көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін әрбір кезеңдердің уақыт талаптарына сәйкес дамып келеді. Тайпалар арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқаратып қана қоймай, тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Көрнекті ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді» - деген.

Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы әлеміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

  • Болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

  • Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

  • Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]