- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері (негізгі бөлшектері мен детальдары, құрылымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда (запас бөлшектері мен детальдары) неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құрал-жабдыктар уакытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. ¦йымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай (ағымды) етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жәндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бәлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан еткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына (двигателін, мостыларын, жылдамдык коропкасын) машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп әткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің, пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдамдығын, болашакта онын экономикалықтабыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол онын бастапқы құнына әсер етпейді.
Мысалы. Кәсіпорындағы автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге құраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000 теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000 теңге тұратын он жақ қанаты (крылосы) ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 тенге тұратын крылосы ағымдағы шығын ретінде танылады.
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдыктардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған-жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудін маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған (орындалған) жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жүмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жәндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер (автожөндеу, жөндеу-құрылыс шаруашылығын жүргізуші субъектілер) жәндейді; ал шаруашылық тәсілі бойынша жендеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
МердігерлІк ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жендеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жендеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды объект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеуден өткен негізгі құралдарды қабылдап алу "Күрделі жөндеуден өткен, қайта күрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі" бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта қүрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшысы немесе соған өкілетгі адамдар бекітеді.
Негізгі құралдардың жөнделген объектісінің техникалық төлқұжаты онда күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізген субъектіге береді.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жәндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда (үйлерді, ғимараттарды, түрғын үйлерді, коммуналдық және мәдени-тұрмыстык құрылыстарды, сондай-ақ басқа қозғалмайтын объектілерді жөндеу) шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың 2416, 7110, 7210 дебетінде, ал оларға кеткен материалдардың есебі мына шоттардың 1310-1316 , еңбек ақысы мен әлеуметтік аударымдарына мына шоттардың 3350, жабдықтаушылармен, еншілес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айырысуына мына шоттардын. 3310, 3320 кредитінде көрініс табады.
Жабдықтардың автомашиналардын, тракторлардың, мүліктердің, және басқа да негізгі құралдардың объектілерін жәндеу шығындары 8300 "Көмекші ендірістер" шотында, "Жөндеу цехы (өндіріс)" деп аталатын аралық шотында, шығын баптарының мынандай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Материалдар - жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.
Жұмысшшардың, еңбегіне ақы төлеу — жөндеу жұмысы үшін есептелген еңбек акы сомасы.
Еңбек ақыдан есептелінген аударымдар - жұмысшылардың еңбек-ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады (21%).
Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың, будың шығыны;
Қосымша шығындар— жөндеу цехтарының жалпы өндірістік мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған шығындар, цех жабдықтарының амортизациясы, оны ұстау, жөндеу және басқалар).
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларда жендеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды.
Кәсіпорынға қажет болған жағдайда, және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады. Қорды құру үшін, жылдық сметалық (бюджеттік) шығыннан ай сайын каржы аударып отырады.
Егер көсіпорын жөндеу қорын құратын болса, онда ол ай сайын жөндеудің барлықтүрі үшін осы корға жылдық қаржының (сметаның) 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалады. Жөндеу қорына аударымдар жасалса, онда 7110,7210,8400 - шоттары дебеттеледі де, 3360 "Басқадай еселтелген шығыстар" шотының "Жөндеу қоры" деп аталатын аралық (субшоты) шоты кредиттеледі.
егер жөндеу мердігерлік тәсілмен орындалған болса, 3310 шотынан;
егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехында орындалған болса, 8300 -шотынан;
- егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехынан тыс жерде, жылжымайтын объектілерде (үйлер, ғимараттар және т.б.) орындалған болса, 1310-1350, 3320-3330,3310,3350 және т.б.
Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды жаппаса, онда, есептеу қағидасына сәйкес, артык жұмсалған шығындар кәсіпорынның шығындарына жатқызылады, яғни 7110, 7210, 8400 шоттарына. Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланбаған резервтер қызыл жазумен жазылады. Өйткені 3360 шотында қалдық қалдырылмайды. Жөнделетін негізгі құралдардың, объектісінен алынған деректердің көмегімен дер кезінде бақылау жасап тұру мақсатында, негізгі құралдардың объектісіне жөндеу жасалып жатқан кезеңінде олардың мүліктік (инвентарлық) карточкасы карточкалардың "Жөндеу" бөліміне орналастырылады.
Жөндеудің аяқталуына қарай, жөндеуден қабылданған объектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотекалық негізгі құралдар топтары бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырады.
Жалгер - кәсіпорын негізгі құралдарға кеткен шығындарын келісілген шарт жағдайына сай етіп көрсетеді, жөндеу жұмысының аяқталуына қарай мына шоттарға есептен шығарылады:
егер де келісім-шарт жағдайы бойынша жалға алушы кәсіпорын өз қаражатының есебінен өтесе, онда 7210 шоты дебеттеліп 3310, 8300 шоттары кредиттеледі;
егер де келісім-шарт жағдайы бойынша бұл шығынды жалға беруші кәсіпорын өтесе, ол кезде 1280 "Басқа да" шоты дебеттеліп 3310, 8300 шоттары кредиттеледі;
- егер де жалға алушы-кәсіпорын, жалға беруші кәсіпорынға алдағы кезеңдегі берешегінің есебінен өтесе, ол кезде 3390 "Басқа да" шоты дебеттеліп 3310, 8300 шоттары кредиттеледі.
