- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
1.Есеп регистрлері
Ағымдағы есептік жазбалар жүргізілетін, арнайы түрде жолма-жол сызықтар салынатын парақтар есеп регистрлері деп түсіндіріледі. Бұл есеп жұмыстарының екінші кезеңі. Оларда синтетикалық және аналитикалык шоттар бойынша шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы, шығу көздері туралы мәліметтер топтастырылып, жүйеленеді. Есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша есептемелер жасалынды. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде сыртқы турі мен мазмұны жағынан әр түрлі есеп регистрлері қолданылады. Бос парақтар (журнал-ордерлер, ведомостер), карточкалар (карточкада сақталады) және кітаптар (кассалық, депозитке салынған жалақы жэне т.б.) пайдаланылады.
Есеп регистрлерінің қайсысын таңдау ұйымының есеп саясатында алдын-ала ескертіледі.
Мазмұны мен міндеті жағынан есеп регистрлері мынадай болып бөлінеді;
- синтетикалық есеп;
- аналитикалық есеп;
- синтетикалық және аналитикалық есепті үйлестіретін есеп регистрлері.
Синтетикалык есеп регистрлерін түзеуге есеп кестелерін жолма-жол сызудың шахматтық түрі негіз болъш салынған. Мұндайда аналитикалық есеп жүргізілетін регистрлердің кұрылымы мен мазмүны аналитикалық есеп объектілеріне, есеп міндеттеріне, субъектінің шаруашылык іс-әрекетін оперативті бақылау мен басқаруға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Материалдық құндылыктарды қадағалау үшін кәсіпорында заттай және ақшалай көрсетілетін әр түр жөніндегі күн сайьшғы түсу мен жұмсалу туралы дәл мәліметтер болуы қажет. Жабдықтаушылармен өзара есептесу операциялары бойынша әрбір жекелеген жабдықтаушы немесе одан алынған материалдар партиясыньщ әрбіріне есеп айырысулардың жағдайы жайлы нақты мәліметтер болуы тиіс, Сондықтан тауарлы-материалдық қорлардың аналитикалық есебі регистрлері жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша аналитикалық есеп регистрлерінен айырықшаланады.
2.Бухгалтерлік есеп формалары
1. Мемориалдық-ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақталушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу - тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалык және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап
етеді, өйткені бір жазба әлденеше рет қайта-қайта (мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады. Аналитикалык есеп тьш көп, әрі синтетикалык есептен бөлек жургізіледі, шаруашылық іс-әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажстті көрсеткіштерді жинау өте қиын.
1010 шоты бойынша мемориалдық ордер
Операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома, теңге |
Есеп шоттан алынды |
|
1030 «Ағымдық шоттагы акша» |
1000 |
Пайдаланылмаған есептің сома калдыгы тапсыръшды |
1250, 2150 «Есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп айырысу» |
|
100 |
2. Есептің журнал-ордерлік формасы. Негізгі ерекшеліктері:
«Шаруашылық операцияларьш есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық-позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлср қолданылады;
бірқатар журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;
жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктірсді;
бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіштер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;
журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.
Журнал-ордерлер дегеніміз - едәуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тобына ашылады. Ай ішіндегі мәліметтер алғашқы кұжаттардың негізінде күн сайын жинакталады. Ай соңында корытынды есептеліп, Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітаптың негізінде баланс пен есеп беру жасалады.
Есеп-қисаптың журнал-ордерлік формасын қолдану есептің көп еңбек сіңіру қажеттілігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, онын бақылаушылық мәнін арттырып, есеп кұруды жеңілдетуге жол ашады.
Алайда бұл форманын да кемшіліктері бар, бұлар - мәліметтерді қолмен толтыруға бейімделген және есепті механикаландыруды қиындататын журнал-ордерлсрді түзеудің күрделілігі мен қолайсыз молдығы.
3. Есептің автоматтандырылған формасында (бухгалтерлік есепті колмпьютерде жүргізу) жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.
Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды қолдану механикаландыруды, көбіне есеп-қисап процесін автоматтандыруды; есеп мәліметтерінің ете дәлдігін; есептің ширақтығын; есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-кызмет аясын атқарудан босатуды және шаруашылык қызметті бақылау және талдаумен шұғылдануға мүмкіндік беруді, есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Есептің қарапайымдандырылған формасы - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді: шаруашылық операциялары есебі кітабы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикалық есеп регистрлері болып табылатын тиісті объектілер (негізгі құралдар, тауарлы-материалдык қорлар және т.б.) есебінің регистрлері. Кітап пен ведомостің мәліметтерін баланс пен есеп беруді жасау үшін қолданады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі» мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған берілетін әдістемелі ұсыныстармен реттеледі.
Бухгалтерлік есеп формаларын таңдау құқы субъектілердің өздсріне берілген. Ұсынылатын формалар негізінде олар өздерінің формаларын жасайды, есеп регистрін жетілдіреді және ақпаратты өңдеудің жалпы әдістемелік принциптері мен технологиясын сақтай отырып, мәліметтерді тіркеу мен өңдеу бағдарламаларын жасауға болады.
