- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Ішкі шоттар
1353/1 1353/2 1353/..
«Бензин» «Дизельді отын» «Басқалары»
Аналитикалық шоттар
«Бензин» АИ-93 «Бензин» А-76 «Бензин» АИ-91
4.Шоттарды жіктеу
Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін оларды дұрыс колдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын шоттар оларда есепке алынатьш объектілердің экономикалық мәні жағынан, міндеті құрылымдык ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу, топтастыру талап етіледі, бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарьша тән ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.
Шоттарды екі белгісі бойынша жіктейді:
экономикалық мәні жағынан. Қаражат пен шығу көздерін жіктеу негізге алынған (1.2-сызба). Бұл жіктеу сол немесе басқадай шоттарда не есепке алынатынын анықтауға, нәтижесінде. есеп объектілері туралы жүйелі экономикалық ақпарат алуға мүмкіңдік береді;
міндеті мен құрылымы жағынан. Назардағы объекті туралы сондай немесе басқадай экономикалық көрсеткіштерді алу үшін қандай шоттар қолданылуға тиісті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі жіктеу де өзара тығыз байланысты және өзара шарттасылган. Шоттарды кұру, оның құрылымы айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын анықтайды. Шоттарды өңдеу тек экономикалық мәні жағынан емес, оның міндетіне де байланысты. Кейбір шоттар материалдық құндылықтарды қозғалысы мен жағдайын көрсету үшін, басқалары - өнім өндіруге жұмсалатын шығынды есептеу үшін, үшіншілері - кірістерді анықтау үшін қолданылады.
НЕГІЗГІ IIIOTTAP піаруашылық кұралдарының бар-жоқтығы мен қозғалысын, олардың пайда болу көздерін бақылау үшін қолданылады, өйткені оларға есептелетін объектілер шаруашылық іс-әрекеттің негізі больш есептеледі. Олар шағын топтарға бөлінеді:
Мүліктік. Материалдық құндылықтардың өсуін, жұмсалғанын және қалдығын бақылауға арналган. Бұл қаражаттың түсуі дебет бойьшпта, шығуы - кредит бойынша көрсетіледі, шот-активті, қалдық-дебеттік. Аналитикалық шот ақшалай және заттай түрде жүргізіледі.
Ақшалай. Банкте, кассада әртүрлі валютамен сақтаулы ақшалай қаражаттың бар-жоқтығын, түсуін бақылауға арналған. Шоттар активті, дебет түсуді, кредит жұмсалуын көрсетеді, калдық дебеттік.
Инвсстициялар акцияларға, басқа субъектілердің жарғы капиталына салынған инвестициялар, сондай-ақ қаржылық инвестициялар. Шот құрылымы бойынша активті.
Меншікті капитал. Шоттар субъектінің меншікті қаражат көздерінің пайда болуы мен пайдалануын есептеу үшін қолданылады, құрылымы бойынша МКМ-ға (пассивтік) жатады. Кредит бойынша шығу көздерінің ұлғаюы, дебет бойынша - ол қаражат көздерінің шығуын бейнелейді. Кредиттік сальдо кәсіпорында қорлардың бар-жоғы көрсетеді.
Есеп шоттар кәсіпорынның дебиторларымен және кредиторларымен есептесулерді есепке алу үшін қызмет етеді. Есептесулердің әр түрлі сипаты бұл шоттардың, сан алуан құрылуын және олардың көмегімен әртүрлі көрсеткіштер алуға себепші болады.
РЕТТЕУШІ ШОТТАР. Бұлардың комегімен ағымдағы есепте шаруашылық кұралдарының бағасы түзетіледі. Субъектінің шаруашылық құралдары олардың өндірісі мен сатып алынуына нақтылай жұмсалған шығын негізінде бағаланады. Реттеуші шоттар құралдардың кайсыбір түрін бағалауды дәл анықтайды немесе реттейді. Осы мақсатпен ағымдағы есепке алудағы негізгі шоттардан басқа олармен байланысқан реттеуші шот жүргізіледі. Есепке алынатын объектінің нақты мөлшерін табу үшін реттелетін шоттың сомасы неіізгі шот сомасынан алынып есептеледі. Негізгі қаражат пен материалдық емес активтер оларды алған немесе іске қосылған сәттен бастап және жүмсалып кетуіне дейін бастапқы бағасы бойынша есептеледі. Жеке шотта дербсс олардың сол сәттегі тозу сомасы көрсетіледі. Бастапқы құнды тозу сомасымен салыстырып, яғни тозуды есептегенде, негізгі құралдардың накты (қалдықты) құнын шығарып аламыз.
ПРОЦЕСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ШОТТАРЫ төменде керсетілгендей бөлінеді:
Жинақтау-бөлу шоттары. Төлем немесе аудару сәтінде тиісті объектілерге тікелей жатқызылмайтьш шығындар мен кірістерді жинау үшін қызмет етеді, бұлар -8400 «Қосымша шығын» (шаруашылық үйымдастыру жұмысына арналған), 1620, 2920 «Алдағы кезең шығыны»- активті шоттар жэне 3520, 4420) «Алдағы кезең кірісі» - пассивтік.
Калькуляциялық шоттар. Өнім ондірісімен, орындалған жұмыспен, өнімнің, құрылыс материалдарының өзіндік құнын есептеу мақсатымен көрсетілетін қызметпен байланысты барлық шығындарды есепке алу үшін арналған.
Кіріс шоттары - негізгі және негізгі емес іс-әрекеттен түскен кіріс. Пассивтік, кредит бойынша шоттар кіріс есептеуді (алуды) корсетеді, жыл сонында олар қорытынды кірісті ұлғайту үшін есептен шығарылады.
Транзиттік шоттар (бір күндік). Бір элементті шыгындарды есепке алу үшін қолданылады. Ай соңында калькуляциялык. шоттар есебіне қосылады. Калькуляциялық шоттар сияқты бұл шоттарда да қалдық болмайды, ай сонында 1340 бөліктен басқасы жабылады (ай соңьшда бітпеген өндіріс қалдығы көрсетіледі).
Шығын шоттары. Құрылымы бойынша активті, дебет бойынша шығын өскенін көрсетеді, жыл соңында барлық шығын жиынтық кірісті азайтуға арналып есептен шығарылады (571).
Қаржы нәтижелік. «Операциялық-нәтижелік шот» (5710) - қорытынды кіріс. Дебет бойынша субъектінің шығыны, ал кредит бойынша – кірістер корсетіледі. Кредиттік қалдык кірісті, дебеттік шығынды керсетеді. Бұл шотта сальдо болмайды, өйткені есепті кезең соңында алынған айырма «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» 5410 шотына есептен шығарылады. 5410 - кәсіпорынның салық салынғаннан кейінгі (корпоративті табыс салығы 30%) өкімінде көрсетілетін таза табыс.
ТЫСҚАРЫ ШОТТАР осы кәсіпорынға тиесілі емес жауапты сактауда немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді. Бұларды кәсіпорынға тиесілі құралмен бірге есептеуге болмайды. Тысқары шоттарға қатысты барлық операциялар екіжақты жазбамен емес, біржақты, тек дебетпен немесе кредиттен ғана көрсетіледі.
