Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 дуние тестттт.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.55 Кб
Скачать

Xіх ғасыр мен хх ғасыр басындағы дүние жүзі

7 – вариант

1. 1818 жылы ақпанда тәуелсіздігін жариялады:

А. Аргентина В. Мексика С. Чили Д. Бразилия.

2. Монро доктринасының негізі мәні:

А. «Еуропа америкалықтар үшін»В. «Азия америкалықтар үшін».С. «Америка итальяндықтар үшін».

Д. «Америка америкалықтар үшін».

3. Латифундистер:

А. Латын Америкасының әскер қызметкерлеріВ. Террористік ұйымның мүшелері.

С. Ірі жер бөліктерінің иелері. Д. Кәсіпкерлер.

4. Хуан Мануэль Росас Аргентинада «гаучолардан» әскер құрды, «гаучо» сөзінің мағынасы:

А. Шаруалар.В. Бақташылар.С. Жер иеленушілер.Д. Қала тұрғындары.

5. Тайпиндер:

А. Императордың кеңесшілеріВ. Апиын сатушыларС. Әділет үшін күресушілер.

Д. Маньчжурлардың жалған аты.

6. «Тяйпин тяньго» деген:

А. Қаланың аты.В. Қытай мен Англия арасындағы келісім.

С. Қытай императордың сарайы.Д. «Ұлы игілікті аспан мемлекеті».

7. Қытай революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі болды:

А. Лян Цичао. В. Сунь Ятсен. С. Гуансюй. Д. Дэн Сяопин.

8. Қытайда «Біріккен одақ» өзінің бағдарламасы ретінде алды:

А. Тайпиндер қозғалысының бағдарламасын. В. Мао Цзэдуннің үш принципі.

С. «Ашық есік» саясатын. Д. Сунь Ятсеннің атақты үш принципін.

9. Қытайда Синьхай революциясы қай жылы аяқталды?

А. 1912 жылы. В. 1915 жылы С. 1913 жылы. Д. 1914 жылы.

10. 1854 жылы наурыздың 13-інде:

А. Жапонияда революция басталды. В. Жапон-АҚШ келісімшартына қол қойылды.

С. Жапон – Ресей келісімшартына қол қойылды. Д. Император тағынан түсті.

11. Жапонияда Муцухито императордың билік еткен кезеңі қалай деп аталды?

А. Экономикалық реформалар уақыты. В. Жапон экспансиясының кезеңі.

С. Өнеркәсіп төңкерісінің уақыты Д. Білімпаз Мэйдзи билеуші кезеңі.

12. Орыс – Жапон соғысы қай жылы басталды?

А. 1900 жылы. В. 1901 жылы. С. 1904 жылы Д. 1905 жылы.

13. Үндістанда сипайлар деп кімді атады?

А. Үнді солдаттарын. В. Иран солдаттарын. С. Ағылшын солдаттарын. Д. Үнді шаруаларын.

14. Қай уақытта Үндістанда сипайлар қатысқан ұлт-азаттық көтеріліс болды?

А. 1857 – 1858 жж В. 1857 – 1867 жж. С. 1857 – 1859 жж. Д. 1857 – 1860 жж.

15. Үндістанның қай қаласы тоқыма өнеркәсібінің орталығы ретінде өркендей бастады?

А. Мадрас. В. Бомбей. С. Дели. Д. Калькутта.

16. Ұлттық Конгрестің радикалдық қанатының көсемі кім болды?

А. Ганди. В. Неру. С. Лакшми. Д. Тилак.

17. Түркия тарихында – танзимат:

А. «Қасиетті жарлық». В. Мұсылман дәстүрі. С. Реформалық кезең. Д. Әскери міндеттілік.

18. Қырым соғысынан (1853 – 1856 жж.) кейін Ресей Түркияға қайтарды:

А. Бессарабияны. В. Қырымды. С. Валахияны. Д. Солтүстік Кавказды.

19. Намык Кемал қандай жасырын ұйымның жетекшісі болды?

А. «Жаңа түріктер». В. «Жаңа османдар». С. «Жаңа янычарлар». Д. «Жас түріктер».

20. 1868 жылы маусымда Жапонияда:

А. Муцухито император болды. В. Жапон – Англия келісімшартына қол қойылды.

С. Эдо қаласының аты Токио деп өзгертілді. Д. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік енгізілді.

21. «Мұсылмандардың қолдаушысымын» деп мәлімдеген:

А. Бисмарк. В. І Вильгельм. С. ІІ Вильгельм. Д. Гинденбург.

22. Жас түріктер -

А. Түрік азаматы. В. Жастар ұйымы. С. «Жаңа османдар» қоғамының мүшелері.

Д. «Бірлік және прогресс» партиясының мүшелері.

23. Қай жылы ақпанда Иран мен Ресей арасында Түркманчай бітіміне қол қойылды?

А. 1818 жылы. В. 1808 жылы. С. 1828 жылы. Д. 1848 жылы.

24. Исламның шиит тармағының жетекшілері өздерін қалай атаған?

А. Сунниттер. В. Бабшылдар. С. Суфистер. Д. Исмаилиттер.

25. Иранда барон Рейтерге не салуға рұқсат берілді?

А. «Шахиншах» банкін. В. Теміржол. С. Тоқыма фабрикасын. Д. Шах сарайын.

26. Иран революциясының уақыты:

А. 1905 – 1915 жж. В. 1900 – 1910 жж. С. 1905 – 1911 жж. Д. 1905 – 1907 жж.

27. Иранда мәжіліс:

А. Ереуіл. В. Парламенттің төменгі палатасы. С. Үкімет. Д. Революциялық ұйым.

28. Орыс – түрік соғысының уақыты:

А. 1867 – 1868 жж. В. 1857 – 1858 жж. С. 1877 – 1878 жж. Д. 1877 – 1880 жж.

29. Антанта әскери-саяси блогының қатысушылары:

А. Түркия, Германия, Италия В. Франция, Англия, Ресей. С. Германия, Италия, Австро-Венгрия.

Д. Австро-Венгрия, Германия, Ресей.

30. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына болған оқиға:

А. Әскери-саяси блоктарының құрылуы В. Түркия мен Италия арасындағы соғыс.

С. Германияның Африкадағы отаршылдық саясат

Д. Сараевода австровенгриялық эрц-герцог Франц-Фердинандтың өлімі.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

с

д

с

в

с

д

в

д

а

в

д

с

а

с

в

д

с

а

в

с

с

д

с

в

а

с

в

с

в

д

8 – СЫНЫП

ТАРИХ

ІІ БӨЛІМ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]