Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ВВС каз 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.38 Кб
Скачать

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Адамның өмiрiндегi ең маңыздысы, оның көбінде келешегін анықтайтын мамандықты дұрыс таңдау болып табылады.

Дұрыс таңдалған мамандық өзін өзі жоғары деңгейде бағалауына және өмiр деңгейiнiң жоғарылауына мүмкiндiк туғызады, сондықтан жұмыстың ең жақсысы, адамның оны орындағанда өзiн өзiмен сезе алуы керек. Жұмыс негiзгi үш элементтен тұрады: заттық тарапты, өзінің қызметіне қарай мойындауды қажеттiлiктi қанағаттандыру, қабiлеттiлiк және мүмкiндiктi жүзеге асыру мүмкiндiгi. Мысалы, санақ бойынша, осыдан 10-15 жыл бұрынға қарағанда бүгінгі адамдар 20% артық уақыттарын және өз өмірінің көп бөлігін жұмысында өткізеді. Әрдайым еңбек ақы емес, сонымен рахат та маңызды мән болып табылады. Сүйікті жұмысты табу дегеніміз, нақты тiршiлiк жағдаймен сiздiң армандарыңыз, дағдылар мен дербес сапалардың арасындағы дұрыс қатынасты табу.

Өз өмірін жоғары оқу орнында бастайтын әрбір студенттің келешегі – бұл ең алдымен таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеу және сүйікті ісімен айналысу. Оқу барысында студент бірнеше пәндерді меңгереді. Олардың әрқайсысын оқып білуінде өзіндік күрделілігі бар. Сол себептен білім беру үдерсінің тиімділігі ЖОО қызметкерлері мен барлық құрылымдарының: ректордың, проректордың, факультет деканының, кафедра меңгерушісінің тіпті лаборанттардың еңбегін ұйымдастыруына байланысты.

Оқудың бiрiншi және соңғы күндерінен бастап студент ЖОО-дағы білім беру процесі және сол жердегі оның орны туралы түсініктері болуы қажет. Білімнің соңғы нәтижесіне оқу материалдарын меңгеру процесінде, сабақтарға үнемі қатысу және оларда белсенді жұмыс істеу кезінде жетеді. Сонда ғана ол жоғары дәрежедегі білім мен дағдылардын иемденеді және олар туралы тек түсініктерді емес, сонымен қатар өзінің болашақ кәсіби қызметінде және тәжірибеде қолданады.

Бiлiмнен басқа, студент жеке нақты және iскерлік қасиеттерді иемдену қажет. Іске адал, жауапкершiлiк, принципиалдылық, сенушiлiк – бұл сапа барлық мамандарға қажеттi. Фармацевт өзінің кәсіби міндеттерін орындауға міндетті қажетті ерекше адамдық қасиеттерге ие болуы қажет, өйткенi оның жұмысы қымбатты «өндірістік» ресурс – адамның денсаулығымен байланысты.

Фармация – бұл дәрi танудың әртүрлi сұрақтарын зерттеумен шұғылданатын ғылымдар кешенi: дәрiлік субстанцияларды iздестiру және бөлу, дайын дәрілік құралдарды өндіру, дәрілік түрлерді дәріханада дайындау, дәрілік құралдардың сапасын бағалау және стандарттау, тұрғындарды дәрілік құралдармен қамтамасыз ету.

Қажетті кәсіби білімдер мен дағдыларды иемдену үшін студенттер білім берудің кредиттік технологиясы жүйесінде өзінің білім траекториясын таңдауы қажет.

Жеке білім траекториясын құрастыру кезінде «Мамандыққа кіріспе» пәні ерекше орын алады. Бұл пән студенттерді маманды дайындауда базалық және кәсіптік пәндердің орны мен ролі, жоғары фармацевтік білімді маманның қызметтік сферасы және белгіленуімен, өзінің таңдаған фармацевт мамандығымен таныстыруға арналған.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде болашақ фармацевт мамандығы, оның қазіргі қоғамдағы ролі және белгіленуі туралы түсініктерді қалыптастыру.