Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дос каз кредит прак.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать

Файлдың жолы

Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар жолын, басты каталогын, оның деңгейлерін көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты жолын (адресін) көрсететін тізбектелген файлдар атауы - жол деп аталады. Сонымен, файл толық түрде (толық аты) былай көрсетіледі:

[диск аты:\] [маршрут\] файлдың аты [.кеңейтуі]

мысалы;

C:\STUDENT\FAKULTET\grupp.txt

Сонымен файлдың жолын толық көрсету үшін дискінің атын, тізбектеле орналасқан каталог аттарын, ең соңында файлдың атын және кеңейтуін толық көрсету керек.

Мысалдар:

C:\>DІR STUDENT\MED - Екпінді дискіде (C:\>) STUDENT каталогына кіретін MEDІK ішкі каталогының мазмұнын экранға шығарады;

C:\>DІR \STUDENT\MED\*.txt - Екпінді дискіде STUDENT каталогына кіретін MED каталогындағы кеңейтілуі txt болып келген барлық файлдардың тізімін экранға шығарады.

MD (Make Dіrectory) - жаңа каталог құру (ашу) командасы. Команданың форматы:

MD [диск аты:\ [жол\] каталог аты

Мысалы: C:\>MD STUDENT\MED Екпінді дискіде STUDENT каталогына MED атты ішкі каталог құру;

Каталогпен жұмыс жасалынатын командалар:

MD (Make Dіrectory)

-

жаңа каталог құру командасы

CD (Change Dіrectory)

-

каталогты ауыстыру командасы

XCOPY

-

каталогты көшіру командасы

RD (Remove Dіrectіry)

-

бос каталогты жою командасы

RD /S

-

каталогты мазмұнымен қоса жоятын команда

DIR (Dіrectory)

-

каталог мазмұнын көру командасы

DIR /W

-

экранға каталог мазмұнын бағана түрінде шығарады

DIR /P

-

экранға каталог мазмұнын порциямен шығарады

TREE /F

-

экранға каталогтар мен файлдар тізімін каталогтар ағашы түрінде шығарады

CD\

-

Түпкі каталогқа көшу командасы

CD..

-

Аналық каталогқа көшу командасы

Файлдармен жұмыс жасалынатын командалар:

COPY CON

-

жаңа файл құру командасы

CTRL+Z, (F6)

-

файлды дискіге сақтау (жазу) командасы

TYPE

-

файл мазмұнын оқу командасы

MOVE

-

файлдың орнын ауыстыру командасы

EDIT

-

файлды өңдеу командасы

COPY

-

файлды көшіру командасы

REN (Rename)

-

файл атын өзгерту командасы

DEL (Delete)

Файлды жою командасы

|MORE

-

үлкен көлемді файлды оқу командасы

FC

-

бірнеше файлдар мазмұнын салыстыру командасы

COMP

-

өлшемі бойынша файлдарды салыстыру командасы

FIND

-

файлдағы мәтін фрагментін іздеу командасы

Файл аттрибутын анықтайтын командалар:

H (Hidden)

-

жасырын файл

S (system)

-

жүйелік файл

R (Read only)

-

тек файл мазмұнын оқу үшін

A (Archive)

-

архивтік файл

Файлдармен жұмыс жасайтын командалардың форматы

Copy con [диск аты:\] [маршрут\] файл аты [.кеңейтілуі]

Мысалы: Copy con C:\>STUDENT\MED\grupp.txt - Екпінді дискіде 2-деңгейлі MED каталогына grupp.txt атты жаңа файлын құру.

Ren (RENAME) файл атын өзгерту командасы.

Команда форматы: REN [диск аты:] [маршрут\] файлаты1.кеңейтілу(ескі файл) файлаты2.кеңейтілуі(жаңа файл)

Мысалы: C:\>REN \STUDENT\MEDІK\kurs.txt grupp.txt - Екпінді дискіде 2-ші деңгейлі MEDІK каталогындағы kurs.txt атты файлын grupp.txt атты файлға өзгерту.

Copy - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргенде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірілетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады.

Мысалы: C:\>Copy \STUDENT\MED\іnfo.txt fiz.txt - Екпінді дискіде 2-ші деңгейлі MED каталогындағы іnfo.txt файлының көшірмесін ағымды каталогқа fiz.txt атпен алдық.

Файлдарды қосу:

Copy STUDENT\MED\іnfo.txt+ STUDENT\MED\PED\fiz.txt= STUDENT\LECH\matem.txt - Екпінді дискіде 2-ші деңгейлі MED каталогындағы іnfo.txt және STUDENT\MED\PED каталогындағы fiz.txt файлдарының мазмұны қосылып STUDENT\LECH каталогында matem.txt атты жаңа файл пайда болады.

Біз жоғарыда екпінді диск жайлы сөз қозғадық, ал егер басқа дискіге көшіру, жою, құру т.б. амалдарын орындасақ онда сол дискінің атын көрсету қажет.