Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.45 Кб
Скачать

«КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ» ПӘНІ

  1. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.

Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.

Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.

Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.

Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.

Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.

Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды. Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.

Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.

Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері

Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Сендер олармен таныстыңдар.

Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.

Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен.

Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.

«Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.

Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.

Экономиканың өсуі екі жолмен - экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Экстенсивті (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс. Интенсивті (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған «2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бағытталған.

Интенсивті факторлар экономиканың тиімділігін арттырады, оның көрсеткіші еңбек өнімділігімен анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уакыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді.

Өнім мөлшерін табиғи өлшем (тонна, текше метр, кВт/сағат) және ақшалай (теңге, доллар) түрінде көрсетуге болады.

Қазақстан экономикасының еңбек өнімділігі (2008 ж.)

Салалар Жұмысшылар саны, мың адам Өнім, млрд теңге Жылына 1 жұмысшыға 1000 теңгеден шаққандағы еңбек өнімділігі

Жалпы экономикада 7860 15940 2030

Ауыл шаруашылығы 2350 840 360

Өнеркөсіп 940 5130 5460

Құрылыс 550 1300 2360

Келік және байланыс 590 1520 2580

Сауда 1150 1970 1710

Еңбек өнімділігі — экономикалық тиімділіктің тағы бір көрсеткіші - өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді.

Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын теңгемен алғандағы шығын мөлшері.

Шикізат, отын, электр куаты үнемді, өндіріс құралдары тиімді пайдаланылған сайын, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі артып, өнімнің өзіндік құны төмен болады.